5.2. құқықтық кадастрға енгізілген мәліметтердің анықтығы үшін нотариус пен тіркеуші органның жауаптылығын белгілеу;
5.3. жылжымайтын мүлікті тіркеуге құжаттарды қабылдаудың, сондай-ақ нотариустың жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелерді ресімдеуі кезінде эксаумақтық қағидатты енгізу;
5.4. нотариустардың бұрын өздері куәландырған шарттардың электрондық телнұсқаларын беру мүмкіндігі;
5.5. жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған жеке тұлғалар арасындағы шарттарды міндетті нотариаттық куәландыру;
5.6. нотариустардың мәмілелерді куәландыру кезінде аудио және бейне тіркеу міндетін белгілеу;
5.7. нотариаттық актінің анықтығы презумпциясын енгізу, сондай-ақ нотариаттық актілерге мәжбүрлеу күшін беру мәселелерін пысықтасын.
6. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Әділет министрлігімен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп: 6.1. дамыған заманауи технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
6.2. кепіл шарттары бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарттарын электрондық мемлекеттік тіркеу тетігін пысықтасын;
6.3. жүйе пайдаланушының кіруге әрекеттенуін және жылжымайтын мүлік тіркеліміндегі ауыртпалықты алып тастауға ұмтылуын байқаған жағдайда электрондық форматта ауыртпалық (тыйым) салған органды электрондық құлақтандыру тетігін пысықтасын;
6.4. тіркеуші органның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) арқылы келтірілген залалдың орнын толтыруды кепілдендіру жүйесін енгізу туралы мәселені пысықтасын;
6.5. мемлекеттік қызметтерді көрсету: жер учаскесіне актіні ресімдеу және жер учаскесіне құқықтарды «бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
6.6. құқық иеленушінің деректерін (ТАӘ, заңды тұлғаның атауы) автоматты түрде өзгерту бөлігінде ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, ЭҮП және Мемлекеттік тіркелім ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етсін;
6.7. жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын автоматты түрде өзгерту және өзгеріс тарихын ақпараттық жүйелерді көрсету бөлігінде «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ның, Жылжымайтын мүлік тіркелімінің және «Электрондық үкімет» порталының интеграциясын қамтамасыз етсін;
6.8. композиттік, проактивтік көрсетілетін қызметтерді енгізу арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу процесін автоматтандыру кезінде қайталанатын және артық рәсімдерді алып тастау бойынша жұмыс жүргізсін;