8-тарау. Медициналық және психофизиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу және міндетті арнайы тексеру
52. Емтихандарды сәтті тапсырған қатысушы конкурстың кезеңдері өтетін жердегі прокуратураның кадр қызметімен қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландыруға және полиграфологиялық зерттеуге жіберіледі.
53. Қатысушы медициналық және психофизиологиялық куәландырудан жолдама берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтеді.
Қатысушы медициналық және психофизиологиялық куәландырудан уақытылы өтпеген жағдайда қатысушыға қайтадан жолдама берілмейді.
54. Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтпеген не қызметке жарамсыз деп танылған қатысушы конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.
55. Қатысушы медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту аяқталған күннен бастап бір күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде конкурстың кезеңдері өту жердегі прокуратураның кадр қызметінің электрондық мекен-жайына хабарлама жібереді.
56. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті арнайы тексеру жүргізуді ұйымдастыру конкурс кезеңдері өтетін жердегі прокуратураның кадр қызметіне жүктеледі.
57. Қатысушы әңгімелесуге полиграфологиялық зерттеудің қорытындысын және арнайы тексерудің оң нәтижелерін алғаннан кейін жіберіледі.
9-тарау. Тағылымдамадан өту
58. Емтихандарды сәтті тапсырған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған қатысушы тағылымдамадан өтуге жіберіледі.
59. Тағылымдаманың мақсаты қатысушының кәсіби жарамдылық деңгейін, практикалық дағдыларын, жеке, моральдық және іскерлік қасиеттерін зерттеу болып табылады.
60. Конкурстың кезеңдері өтетін жердегі прокуратураның кадр қызметі тағылымдама өту орны мен жетекшінісін белгілейді.
61. Тағылымдаман өту мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
62. Тағылымдама жетекшісі:
1) қатысушыны осы Қағиданың 5-қосымшаға сәйкес нысанда жеке тағылымдама жоспарымен (бұдан әрі – жеке тағылымдама жоспары) таныстырады;
2) қатысушыны функционалдық міндеттерімен, прокуратура жұмысының ұйымдастырылуымен таныстырады;
3) қатысушыға жеке тағылымдама жоспарында көзделген мәселелерді зерделеуде қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
4) қатысушының жеке тағылымдама жоспарын уақытында орындауын бақылайды.
63. Тағылымдама кезеңінде, қатысушы:
1) белгіленген мерзімдерде жеке тағылымдама жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды;
2) прокуратурадағы еңбек күн тәртібін және тәртіпті сақтайды;
3) күн сайын атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді;
4) тағылымдама процесінде алған мәліметтерді жария етпейді;
5) оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін іс-шараларды қоспағанда, прокуратурада өткізілетін іс-шараларға қатысады;
6) қызметтік мүлікке және техникалық құралдарға ұқыпты қарайды;
7) киімде іскерлік стильді ұстанады.
64. Тағылымдама мерзімі аяқталған соң қатысушы еркін нысанда жазбаша есеп жасайды, онда қатысушы жасаған және тағылымдама жетекшісі қол қойған құжаттардың жобалары қоса берілген жеке жоспардың орындалғаны көрсетілуге тиіс.
Есеп және электрондық-цифрлық нысанда шығарылған (сканерленген) құжаттар жобаларының көшірмелерін қатысушы жеке кабинетке орналастырады.
65. Қатысушының тағылымдама кезеңінде оның теориялық білімі мен практикалық жұмысын бағалауды аяқтайтын кезеңі тағылымдама жетекшісі қол қойған осы Қағиданың 6-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағы (бұдан әрі – бағалау парағы) болып табылады.
66. Қатысушының бағалау парағы прокуратуралардың кадр қызметтерімен Бас прокуратураның кадр қызметіне тағылымдама аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
67. Қатысушы дәлелді себептермен (науқастану, отбасылық) тағылымдама өтетін жерде болмаған жағдайда, тағылымдама мерзімі ол болмаған уақытқа, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте дәлелді себептер құжат түрінде расталуы тиіс.
68. Қатысушы:
1) осы Қағиданың 63-тармағында көзделген талаптардың біреуін бұзған;
2) тағылымдама өту орында дәлелсіз себептермен болмауы;
3) тағылымдама өтетін орында осы Қағиданың 67-тармағында белгіленген мерзімнен аса, дәлелді себептермен болмаған жағдайда тағылымдамадан өтпеді деп есептеледі.
Осы тармақта көзделген негіздер бойынша тағылымдамадан өтпеген қатысушы конкурстың одан арғы кезеңдеріне жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |