Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»



бет1/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
@ 5 B



Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері


«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу қағидалары;
2) осы бұйрық 2-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіндегі лауазымға орналастыру үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары;
3) осы бұйрық 3-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс кіру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық 4-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
төрағасы
_____________Қ. Қожамжаров
2017 жылғы «____» __________





Қазақстан Республикасы


Бас Прокурорының
2017 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығына
1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет