Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»



бет4/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
@ 5 B

3-тарау. Конкурстық комиссия


10. Конкурс өткізу үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, оның құрамы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
11. Конкурсты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадр қызметі (бұдан әрі – Бас прокуратураның кадр қызметі) өткізеді.
12. Комиссия кем дегенде бес мүшеден, оның ішінде төрағадан және оның орынбасарынан тұрады.
Комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Комиссияның хатшысы Бас прокуратураның кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
13. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) бөлімшелерінің басшылары, Бас прокуратураның ішкі тергеу, кадрлық қызметі бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі.
Комиссияның құрамына Прокуратура ардагерлері кеңесінің өкілдері, белгілі бір мамандықтар бойынша жұмыс тәжірибесі бар прокуратура органдары қызметкерлері болып табылмайтын сарапшылар, сондай-ақ кадрларды іріктеу және жылжыту жөніндегі мамандар енгізілуі мүмкін.
14. Комиссияның жұмысына Комиссия мүшелері болып табылмайтын және дауыс беруге қатыспайтын белгілі бір салада жұмыс тәжірибесі бар прокуратураның штаттық психологтары мен мамандары тартылуы мүмкін.
15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылар арасынан көпшілік дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.
Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған Комиссия төрағасы, орынбасары, мүшелері және хатшы қол қояды.
Комиссия мүшелері электрондық цифрлық қолтаңба арқылы шешімге қол қоя алады.
16. Егер отырысқа Комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі.
17. Конкурс қатысушыларына әңгімелесу кезінде қойылатын кәсіби, жеке және іскерлік сапасын бағалау бойынша сұрақтар тізбесін тең көлемде қалыптастырады.
18. Прокуратураның штаттық психологтары мен мамандары қатысушыларға, оның ішінде Комиссия бекіткен сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақтарды қоя алады, Комиссия мүшелеріне қатысушылар туралы өз пікірін айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет