Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Мемлекет пен азаматтар үшін “Электронды үкімет” қызметін ұсынуда да елеулі нәтижелер бар. “Электронды үкімет” порталы тұрақты жұмыс істеуде, сол сияқты, оны дамыту ісі де одан әрі жүргізілуде. 2009 жылдың өзінде 15 түрлі қызмет қосымша іске қосылған. Оған қатысушылар қатары қазіргі кезде 1,6 миллион адамнан асып отыр. Бүгіндепорталдабарлығы 59 электрондықызметжүзегеасырылып, оларды 45 мыңнанастамадампайдаланған. Мәселен, электронды қызмет арқылы сотталмағандығы туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы, ӘДК мен СТН туралы анықтамалар алуға болады. Бұларды электронды-сандық қолтаңбаның көмегі арқылы ғана жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының 28 Тіркеу орталығы ашылды. Бүгінде Ұлттық куәландырушы орталықтың 53 мыңнан астам электронды-сандық қолтаңбалары шығарылды.
Орталық мемлекеттік органдардың электронды мемлекеттік қызметтерін дамытудың сыртында, жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту жөнінен де елеулі жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, 2009 жылдың қарашасында “Е-әкімдік” жүйесі тәжірибелік пайдалануға қосылды, ол қазіргі уақытта 5 электронды сервистер ұсыну арқылы Павлодар облысы әкімдігінде сынақтан өтуде.
“Электронды үкімет” мәселелері және инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінен нормативтік актілер пакеті әзірленіп, элктронды қызметті қарқынды алға бастыру жолымен мемлекетті дамытуға бағытталған Шеберлік-жоспар бекітілді. “Электронды үкіметтің” жаңа компоненттерін құру және дамыту жөнінен де белсенді жұмыстар жүргізілуде.
16 әкімдік, оның ішінде Астана мен Алматы қалалары бар, Электронды құжат айналымының бірегей жүйесіне қосылды, ведомствоаралық құжат айналымы орталығына модернизациялау жұмыстары жүргізілді. “Электронды үкіметтің” Төлем шлюзін дамыту шеңберінде екінші деңгейлі банктермен интеграция жолға қойылып, төлем карталары және ағымдағы банктік шоттарды пайдалана отырып төлем төлеудің тетіктері жүзеге асырылды. Сол сияқты, төлем карталары, банктік шоттар және СМС арқылы мобильді оператордың қысқа нөмірі бойынша төлем төлеу тетіктері де қарастырылды. Екінші деңгейлі төрт банкпен қызметтестік жолға қойылды. Олардың қатарында Казкоммерцбанк, БТА, Нұрбанк және Ресей жинақбанкі сияқты қаржы ұйымдары бар. Қазірдің өзінде төлем шлюзін пайдалана отырып Салық комитетінің 120 түрлі салықтары мен Әділет министрлігінің қызметтеріне ақы төлеуге болады.
“Электронды үкімет” пен электронды қызметті дамыту бағыты бойынша 2009 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында қанатқақты аймақта “Е-нотариат” Бірегей нотариалдық ақпараттық жүйе инвестициялық жобасы өнеркәсіптік пайдалануға қосылды. Ол нотариустардың тиімді жұмысын және олардың республикалық, аумақтық нотариалдық палаталармен, Әділет министрлігімен, халықпен арадағы тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, сапалы да уақытылы нотариалдық қызмет көрсетуге әрі нотариалдық іс-қимылдардағы есептіліктің нақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын болады. 2010-2012 жылдары бұл тәжірибе бүкіл республикаға таратылады деп жоспарланып отыр. Аталмыш жобаның жүзеге асуы мәмілелер жасаған кезде заңды және жеке тұлғалардың құжаттарын, жылжымайтын және жылжыйтын мүліктерді, сондай-ақ жер учаскелерін салыстыру мен тексеру есебінен алаяқтықтың орын алу тәуекелдерін төмендетпек.
№14 дәрістің тақырыбы: Қазақстандағы саяси партиялардың қызметі және саяси билік жүйесіндегі ролі. Терминдер мен анықтамалар: Ұлттық мемлекеттік унивтарлық және демократиялық қоғам.
Саяси билік жүйесіндегі партиялар қызметі. Демократиялық мемлекеттің түрлері.
Қазақстандағы билік жүйесіндегі саяси партиялар түрлері.
Қазақстандағы саяси, қоғамдық, экономикалық, экологиялық бірлестіктер мен ұжымдық одақтар.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар. Қазақстанның социалистік партиясы (ҚСП) бұрынғы Коммунистік партияның тікелей мүрагері ретінде 1991 жылы 7 қыркүйек күні ҚКП-ның кезектен тыс XVIII съезінің шешімдері нәтижесінде саяси сахнаға шықты. 1991—1993 жылдары ҚСП ымырашыл саясат үстанып, солшыл-орталықшыл көзқараста болып, ықпалды болғанмен үкімет жүргізіп отырған саясатқа ашық келіспеушілік көрсете қоймады. 1994 жылдан бастап оппозициялық көңіл күйге ауысып, солға ығыса түсті.
1995 жылы партияішілік мәселелердің асқынуынан партия басшылығы мен облыстық үйымдардың саяси бағытында келіспеушіліктер туып, тұтас үйымдар коммунистер жағына шығып кетті. ҚСП қазіргі кезде нақты күші мен ықпалының жоқтығынан іске қабілетсіздігін байқатуда.
«Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы (ҚҰП) қоғамдық ұйымы алғашқыда 1991 жылы 4 қыркүйекте өткен құрылтайконференциясындаҚазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП) болып құрылды.
1999 жылы 29 мамырда Астана қаласында ҚРП-ның III съезі болып өтті, онда ҚРП «Алаш» ҚҰП болып өзгертілді. СъездепартияныңжаңаЖарғысы
№15 дәрістің тақырыбы: ҚР сыртқы саясатының басым бағыттары