Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы


Терминдер мен анықтамалар



бет21/43
Дата10.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#73112
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
ҚР сыртқы саясат

Терминдер мен анықтамалар: 1.Н.Назарбаев еңбектері- тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі
2. Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері.
3.Президенттік басқару формасының пайда болу және қалыптасу тарихының қосымша дерек көздері
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған Н.Ә.Назарбаев ел басқару ісімен қатар көптеген еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді. Елбасы ретінде Н.Назарбаев еңбектерінде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап-ақ, барлық қырынан дерлік бейнеленген. Сондықтан Н.Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде пайдалана білмей, ең жаңа тарихымызды ашып көрсету мүмкін емес.
Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі -тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың баска да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н.Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалып-тастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау — тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.
Н.Назарбаев еңбектерінің XX ғасырдың соңы мен XXI ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс - КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің улкен бір тобын жасаушы субъект — Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Н.Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н.Ә.Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н.Назарбаев туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. 2005 жылғы Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе, сайлаудан кейін Н.Э.Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарияланды. Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, өмірі мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері жұртшылыққа жақсы таныс. Сондықтан біз Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, әдеттегідей, хронологиялық принципке сай өмірбаян-дық тұрғыдан емес, дерек көздерін жасаушы субъект ретінде деректанулық тұрғыдан қарауымыз қажет болады. Демек, Н.Ә.Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы-ның дерек кезі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Жұмыстың кіріспе бөліміндеайтылғандай, Н.Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған "Әділеттің ақ жолы" атты еңбегінен бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президент міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейін бірнеше іргелі еңбектер, жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылатын - тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің тарихына қатысты мәліметтер бар. Демек, олардың пайда болуының объек-тивтілігі мен тарихи жағдайын анықтау зерттеушілерге тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектесері анық.

11 дәрістің тақырыбы: ҚР конституциялық кеңесі


Терминдер мен анықтамалар: 1.ҚР Конституциялық кеңесінің құрамы, мәртебесі
2. Конституциялық іс жүргізу
3. ҚР Конституциялық кеңесінің құзіреті
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

12 дәрістің тақырыбы: Қазақстандағы қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер және экономикалық бағыттағы стратегиялары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет