Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы


Терминдер мен анықтамалар



бет20/43
Дата10.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#73112
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
ҚР сыртқы саясат

Терминдер мен анықтамалар: Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі
2. Қазақ халқының қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдары
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады. Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады.
10 дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті. Н.Ә.Назарбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет