Ќазаќстан республикасы


Инкассацияланған нақты қолда бар ақшалар



бет31/98
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#14257
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98
Байланысты:
Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік

3. Инкассацияланған нақты қолда бар ақшалар.
Инкассалау – бұл кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің кассасына қолма- қол ақша мен құндылықтарды жинау және несиелік мекемелер кассасына жеткізу. Барлық банктерде инкассаторлық аппарат, сонымен қатар құндылықтарды тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары болады.

Ақшалай түсім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің келісім- шарты бойынша инкассаланады. Инкассалау шарты жасалған әрбір ұйымға түсім көлеміне байланысты реттік номері бар сөмкелер беріледі. Келісілген уақытта банк инкассаторлары ұйымдарды аралап шығады.

Оперативті күн аяқталғаннан кейін шаруашылық субъектілерден ақшалай қаржыларды қабылдауды кешкі кассалар жүзеге асырады.

Кассадан оперциялық басқарумен алуда сумкаларға накладнойларды қайта есептеуде шаруашылық субъектілердің шотына ақшалай қаржыларды алдын ала қабылдауда опись жасалады.

Оны келесідей жазбамен бейнелейді:

Дебет шот 1870 (729) “Басқа транзиттік шоттар”

Кредит шот 2203«Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары».

Кассадан операциялық басқаруға қолда бар ақшаларды санағаннан кейін кассалық кіріс журналға есептеу нәтижелерін жазу үшін сумкаларға накладнойлар беріледі және келесідей жазба жаслады:

Дебет шот 1001 (031) Кассадағы ақша

Кредит шот 2870 (729) “Басқа транзиттік шоттар”.

Ұлттық Банк және екінші деңгейдегі банктер арасындағы келісім шартта банктегі корреспонденттік шотынан инкассацияланған ақшалай қаржылардың жетіспейтін сомаларын қажетсіздендіру туралы шарттар көрсетілуі керек.

Жетіспеушілік сомалары келесідей жазбамен орындалады:

Дебет шот «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары».

Кредит шот 2870 “Басқа транзиттік шоттар”.

Инкассацияланған нақты қолда бар ақшалай қаржыларды есептеуде артықшылық анықталса, келесідей жазба жасалады:

Дебет шот 1871 “Басқа транзиттік шоттар”

Кредит шот «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»..

Касса кассирі ұлтттық валютадағы саналған және сақталған банкноттар, тиындардың есебі үшін ведомоста күнделікті тіркеу жүргізіледі.

Инкассацияланған ақшалай қаржылардың орнын толтырылған шығындар сомаларына келесідей жазба жасалады:

Дебет шот «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»

Кредит шот 4608 “Банктің басқа комиссиондық табыстары”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет