Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Материалдық емес активтер деген не және оған не жатады?
2.Материалдық емес активтер қалай бағаланады?
3.Материалдық емес активтер есебі бойынша қандай құжаттар толтырылады?
4.Материалдық емес активтер қай шотта есептеледі?
5.Материалдық емес активтердің кірістелуінде қандай жазба жасалады?
Әдебиеттер: (1) 413-437 бет, (2) 171-188
Тақырып 14. Банктің кірістері мен шығыстарының есебі.
Дәріс сұрақтары:
1. Банктің кірістері мен шығыстарының түсінігі және негізгі түрлері.
2. Банк кірістерінің есебі.
3. Банк шығыстарының есебі.
4. Бөлінбеген табыс есебі.
5. Банктегі салықтар есебі.
1. Банктің кірістері мен шығыстарының түсінігі және негізгі түрлері
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең.
Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қоспағандағы субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайлар нәтижесінен капталдың азаюы.
Банк шығыстары теңгемен есептеледі оған жататындар:
-проценттік төлемдер;
-комиссиондық төлемдер;
-алынған несиелер бойынша ;
-депозиттер бойынша;
-форвардты операциялар бойынша;
-лизингтік операциялар бойынша;
-бағалы қағаздарды сату – сатып алумен байланысты шығындар.
Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдалануы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлінетіндерінен ерекше болады.
Табыстан негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен болады. Табыстар проценттік және проценттік емес болып бөлінеді.
Табыстар, әдетте операция орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.
Өнімді өткізу кезінде табыс танылған болса, онда табыс пен шығыстарды тану қағидаларын қолдану келесідей болуы мүмкін:
-өткізгенге дейін;
-өткізу кезінде;
-өткізгеннен кейін.
Достарыңызбен бөлісу: |