11 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР. ТӘУЕКЕЛДЕР. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ.
1.Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері.
2.Келісімшарт жасауға қойылатын негізгі талаптар, құрылымы және мазмұны.
3.Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, жіктелуі.
4.Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын қалыптастыру.
1. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері.
Экономиканың кез келген саласындағы кәсіпорындардың қызметі шаруашылық жүргізуші әріптестермен жасалған және тараптармен орындалатын мәмілелермен бекітіледі. Мәміле деп азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеттері танылады.
Мәмілелер бір жақты, екі жақты және көп жақты болуы мумкін. Бір жақты деп заңнамаға немесе тараптардың келісіміне сәйкес, тараптардың келісіміне сәйкес, тараптарының бірінің еркі қажетті және жеткілікті болатын мәміле танылады. Мәмілелердің соңғы екі түрі келісімшарттар болып табылады. Яғни оларды жүзеге асыру үшін екі тараптың (екі жақты мәміле), үш немесе одан да көп тараптардың (көп жақты мәміле) еріктері қажет. Келісімшарт мәміленің бір түрі болып табылады және әрқашанда жазбаша түрде жасалады.
Бір жақты мәміле мәмілені жасаган тұлғаға міндеттемелер жүктейді. Бұл мәміле жағдайында заңнамалық актілермен немесе осы тұлғалармен жасалған келісім жағдайларында ғана басқа тұлғалар үшін міндеттер жүктей алады.
Бір жақты мәмілелерге сәйкесінше міндеттемелер мен келісімшарттар туралы жалпы ережелер қолданылады. Өйткені бұл жағдай мәміле заңнамасына, табиғатына және мәніне қарама-қайшы келмейді.
Егер тараптар өз құқықтары мен міндеттерін тоқтатудың болуы немесе болмауы белгісіз жағдайларды ескере отырып жасаған кезде мәміле кейінге қалдырылған шартпен жасалды деп саналады. Сондықтан мәмілелік құқық пен міндет оны жасаған кезде емес, жағдайдың туындауына байланысты болады.
Мысалы, бір азамат екіншісіне жиһаз сатқанда, ол жаңа жиһаз сатып алғаннан кейін, сатып алушы меншік иесі болады деген мәмілеге енгізеді.
Егерде тараптар өз құқықтары мен міндеттерін тоқтатуды белгілі бір жағдайдың туындауына байланысты жасаған кезде мәміле болдырмайтын шартпен жасалды деп саналады.
Мысалы, азамат өз саяжайын басқа біреуге жалға беру кезінде, оған әйелі шетелден ғылыми іс-сапардан келгенге дейін береді, ал ол келгеннен кейін, жалға алушының құқығы тоқтатылады.
Мәміленің абстрактілігі (дерексіздігі) оның жарамдылық негізіне байланысты емес, яғни мәміле мақсатына байланысты болмайтындығын білдіреді.
Мақсатты байланыстық мәмілелер-мазмұнынан оның тараптары қандай мақсатты көздейтіндігі көрсетілетін мәмілелер. Казуальды мәміле абстрактілі мәміленің қарама-қайшы түрі болып табылады.
Мәміленің жазбаша түрі (келісімшарт) тараптармен қол қойылған бір құжатты құрастыру жолымен, сонымен қатар электронды, телефонды, телеграфты, почталық немесе басқа да байланыс құралымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мәміленің нотариалды куәландырылуы жазбаша түрде орындалған құжатқа, нотариалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы нотариустың немесе басқа лауазымды тұлғаның куәландыратын қолының қойылуымен жүзеге асырылады. Мәмілелерді нотариалды куәландыру келесідей жағдайларда міндетті: заңда көрсетілген жағдайларда, заң бойынша аталған қызмет түрлері үш тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайда. Заңда сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуымен, басқа біреуге өтуімен немесе тоқтатылуымен және басқа да құқықтармен байланысты мәмілелер мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер астындағы байлықтар, су объектілері, ормандар, көп жылдық өсімдіктер, үйлер, ғимараттар және т.б. жатады.
Мәміленің қарапайым жазбаша түрін ұстанбау оның жарамсыздығын білдірмейді, алайда талас болған жағдайда, тараптарда оның жасалуын, мазмұнын немесе куәгерлік көрсетулермен орындалуын растау құқықтарынан айырады.
Алайда тараптар куәгерлік көрсетулерден, дәлелдеулерден басқа жағдайларда оның жасалуын, мазмұнын немесе жазбаша немесе басқа да дәлелдеулермен негіздеуіне құқықтары бар. Заңнамалық актілерде тікелей көрсетілген жағдайларда немесе тараптардың келісімі жағдайында, мәмілелердің қарапайым түрлерін ұстанбау оның жарамсыздығына әкеледі. Сыртқы экономикалық қызметте де мәміленің қарапайым жазбаша түрін ұстанбау мәміленің жарамсыздығына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |