Банктің қаржылық есептілігі – пайдаланушыларға бухгалтерлік есепте жинақталған, өңделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсынудың маңызды әдісі.
2. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
Тақырып 1. Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
Дәріс сұрақтары:
1. Банктердегі бухгалтерлік есептің пәні
2. Банктердегі бухгалтерлік есептің әдістері
3. Банктердегі бухгалтерлік есептің принциптері
1. Банктердегі бухгалтерлік есептің пәні
Бухгалтерлік есеп – бұл “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының, ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп- бұл:
- банк туралы қаржылық мәліметтер жиналған ақпараттық жүйе;
- банктің жарғылық капиталы туралы экономикалық мәліметтерді жинау;
- банктің шектеулі ссудалық ресурстарды тиімді қолданудың тәсілі.
Банктердегі бухгалтерлік есептің объектісі біріңғай ақшалай өлшеммен бейнеленетін тұтас оның жарғылық қызметі болып табылады және меншікті негізгі және айналмалы құралдарды, олардың қалыптасуынан қайнар көздердің тартылған құралдарды, банктің жарғылық қызметін орындауда пайда болған процесстер, сонымен қатар қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүдделеріне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар:
акционерлерді банктің қаржылық- шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Банктің жарғылық қызметін жүргізу үшін алдымен ақшалай қаржылары болуы керек: шетелдік және ұлттық валютадағы кассадағы ақшалар; Ұлттық және басқа да банктердегі корреспонденттік шоттағы ақшалар; бағалы қағаздарға салынған қаржылар; Ұлттық банктегі резервтік шоттағы ақшалар және ақшалай бейнедегі негізгі және айналмалы құралдарды көрсететін ғимараттар мен құрылыстар, байланыс құралдары, есептеу және компьютерлік , көбейту техникалары және басқа да материалдық мүліктер.
Шаруашылық құралдардың ішінде дебиторлық қарыздар да үлкен үлес алады. Оның негізгі бөлігін клиенттерге берілген банк несиелері құрайды.
Банк қаржысының негізгі тобын айналымнан тыс қаржылар құрайды – жыл ағымында бюджетке табысқа салық түрінде пайдаланылатын табыстың сомасы.
Меншікті және сырттан алынған қаржылар пайда болу көздеріне , яғни банк қаржылары ресурстарына жатады.
Меншікті қаржыларына банктің жарғылық капиталы, резервтік және арнайы қорлар, экономикалық ынталандыру және табыс қоры жатады.
Жарғылық капитал – акционерлердің қаржылары немесе банкті құрғанда салынған банктің құрылтайшыларының жарналары; ол қосымша акцияларда шығаруда, жаңа құрылтайшыларды алуда өсуі мүмкін.
Резервтік капитал – күтілмеген, жоспарланбаған шығындарды, зиянды, төлемдерді жабу мақсатында құрылады.
Арнайы қор – банк шығындарына тозу түрінде жатқызылған бұрын сатып алынған негізгі қорларды жабатын шығындар сомалары.
Экономикалық ынталандыру қоры – банктің материалдық-техникалық базасын дамытуға және банк қызметкерлерін материалдық мадақтауда қолданылады.
Сырттан алынған қаржыларға келесілер жатады: банк клиенттерінің есепті және ағымдағы шоттарында сақталатын ақшалай қаржылары; заңды және жеке тұлғалармен депозит шоттарына өткізілген ақшалай қаржылары; Ұлттық банктен алынған банкаралық несие; орталықтанған несие; басқа да кредиторлық қарыздар.
Қаржылық нәтижелер есеп объектісі ретінде пайда мен зиянның құрамын, сонымен қатар бірден пайда немесе зиян құрамына жатқызылған табыстар мен шығындарды бақылауға мүмкіндік береді.
Банктердегі бухгалтерлік есептің пәні біріңғай ақшалай өлшемде ақпаратпен көрсетілетін банктің жарғылық қамтамасыз ететін және құрайтын объектілер болып табылады, яғни жиынтығында банк қызметін құрайтын қаржылар мен қорлардың жағдайы және қолдану, шаруашылық процесстер және банк операциялары мен фактілер.
Банктердегі бухгалтерлік есептің басқару, қаржылық және салық есебіне бөлінеді.
Басқару есебі – бұл банктің жарғылық қызметін оперативті басқару және бақылау үшін қажетті, сонымен қатар оның болашағын болжау үшін қаржылық ақпараттарды жинау, бағалау, талдау, дайындау және рәсімдеу процесі.
Қаржылық есеп – бұл қызығушылығы бар тұлғаларға көрсететін банк туралы уақытылы және нақты ақпарат.
Салық есебі – мемлекеттік салық қызметі есебінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Ол салық салудың оперативтілігі және объективтілігі үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |