2.3 Курс мазмұны:
Бұл пән бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, Лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.
Курс аяқталған соң студент:
Фольклордың өзіндік табиғатын меңгереді;
Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.
Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.
Қазақ фольклорының жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады.
Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады.
Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді.
Қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерімен таныс болады.
теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.
зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |