|
Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін. Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып орналасады
|
бет | 13/22 | Дата | 15.03.2023 | өлшемі | 1,97 Mb. | | #74567 |
| Байланысты: HTML лекция жинағыТізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін. Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып орналасады.
Тапсырмалар:
1. Осы бөлімдегі 4-2 мысалды теріп алып, оның нәтижесін Internet Explorer-де қарап әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер аттарын енгізу керек.
Осы бөлімдегі 4-3 мысалды алып, нәтижесін қарап, әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер фамилиясын тізіп жазып, онан кейін қалыңдықтары және түстері әр түрлі болып келген, ұзындықтары да өзгермелі көлденең сызықтар жүргізу қажет.
Жоғарыда келтірілген 4-3 мысалды алып, нәтижесін көріп, қосымша жолдар енгізіп, инженер, дәрігер, бухгалтер мамандықтарына түсінік беріңіздер.
Қысқаша анықтама беретін 4-5 мысалды алып, нәтижесін көріп, әр жолға топ оқушыларының аттарын жазып және оларға “оқу озаты”, “дарынды бала”, “көрікті бойжеткен” сияқты қысқаша анықтамалар беріп, қосымша мінездемелер жазу қажет.
Бақылау сұрақтары
Нөмірленбеген тізім тәгтері дегеніміз не?
Нөмірленетін тізім тәгтері қандай? Олардың атрибуттары ше?
Нөмірді 5 санынан бастау үшін не істеу керек?
Нөмірлерді a), b), c), … деген түрде жасауға бола ма? Болса, қалай?
Анықтау тізімдері қалай құрылады? Олар қысқаша құрыла ала ма?
Қабатталған тізімдер қалай құрылады?
Кесте тұрғызу тәгтері көмегімен орындалады, оның әрбір жолын анықтау – | және тәгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар – және | немесе <ТН> және ТН> тәгтері арқылы анықталады. және <ТН> тәгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тәгтерімен қоршалған мәтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да, | тәгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады.
Кесте тақырыбы және тәгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі:
BORDERCOLOR="#rrggbb" WIDTH="integer"> ......
|
Бірақ кесте тұрғызу кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді осы кесте тәгі атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық:
ALIGN атрибуты кестенің шет жақтарға туралануын анықтайды (көрсетілмесе, келісім бойынша сол жақ шетке). ALIGN мәні – қостырнақша ішіндегі сөз – мына сөздердің біріне сәйкес келуі тиіс: LEFT (сол жақ шетке), CENTER (ортаға), RIGHT (оң жақ шетке).
|
Достарыңызбен бөлісу: