Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын немесе түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солардың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
HTML тәгтеріне мысалдар:
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды.
Екінші абзац
Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады.
BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > ...
...
балық ...
<ІMG SRC="DOG.JPG">
<ІMG SRC="FІSH.JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> ...
Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.
Тәг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:
<тәг_аты [атрибуттары]>
Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тәгі орналасады, оның синтаксисі:
тәг_аты>
Ал атрибуттың жазылу ережесі:
атрибут_аты [= “мәні”]
Атрибуттың мәнін жазу міндетті емес, кейде оның тек аты ғана әсер ете алады, тәг_аты,атрибут_аты деген сөздердегі сызықша олардың тек бір сөзден тұратынын көрсетеді, яғни тәг аты және атрибут аты екі сөзден құрастырылуы мүмкін емес.
Экранға шығарылатын мәтін тізбегі кез келген әріптен, цифрлардан, тыныс белгілерінен және арнайы таңбалардан да (@, #, $, %) құрастырыла береді. Бірақ тәгтер жазуда арнайы мағынасы бар мына символдарды: <, >, &, “ жай мәтін таңбалары ретінде теру керек болса, онда ерекше символдық тізбектер – ескейп-тізбектер (&-тізбектер)қолданылады. Созылмайтын босорын таңбасы да осы тізбек арқылы өрнектеледі, өйткені оны бірнеше рет теру web-құжаттағы сөздер арасындағы бос аралықты үлкейту тәсілі болып табылады. Ал, әдеттегі бірнеше босорын таңбасын броузер тек бір ғана босорын таңбасы ретінде ғана қабылдайды.
Осы ескейп-тізбектер символдары амперсенд (&) таңбасымен басталып, нүктелі үтір таңбасымен (;) аяқталады.
1 кесте
Ескейп-тізбектерді тек төменгі регистрде (кіші әріптер) теру керек, оларды " немесе & түрінде жазуға болмайды.
HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программаларымен жұмыс істей білу жеткілікті.