Ќазаќстан республикасы



Дата14.10.2023
өлшемі123,5 Kb.
#114611
Байланысты:
34 upfiles 16356


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК


СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ


СҰРАҚ КІТАПШАСЫ


0001 - НҰСҚА
Аты-жөні ___________________________________________________________

ТЖК _____________________________ Жауап парағының № _______________


Лек _____________ Аудитория № _______________ Орын № _______________


Төртінші пән аты _____________________________________________________


Талапкердің қолы _____________________






2008
ХИМИЯ



1. Химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек
A) катион
B) атом
C) ион
D) анион
E) молекула

2. Электрондық формуласы 3s23p4 болатын элементтің реттік нөмірі
A) 16
B) 12
C) 14
D) 6
E) 10

3. Натрий галогенидтердің NaF, NaCl, NaBr, NaI молекуласындағы химиялық байланыстың түрі
A) сутектік
B) ковалентті полюсті
C) иондық
D) металдық
E) ковалентті полюссіз

4. Әрекеттесу кезінде тұнба түзбейтін заттар жұбы
A) натрий хлориді және күміс нитраты
B) калий сульфиді және мыс (ІІ) нитраты
C) натрий силикаты және кальций нитраты
D) калий карбонаты және натрий нитраты
E) калий сульфаты және барий нитраты

5. Күкірт және оның қосылыстары қолданылмайтын сала
A) медицина.
B) тамақ өндірісі.
C) күкіртті көміртек алу үшін.
D) күкірт қышқылы өндірісі.
E) сіріңке өндірісі.

6. Сутектің ұшпайтын қосылысы
A) AlH3.
B) SiH4.
C) PH3.
D) H2S.
E) CH4.

7. Комплексті тұздар-
A) сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады.
B) комплекс түзуші, лиганды бар ішкі және сыртқы сфералардан тұрады.
C) қышқыл қалдығынан және металл катионынан тұрады.
D) қышқыл қалдығынан және екі әр тұрлі металл катионынан тұрады.
E) катионмен байланысқан гидроксотоп және қышқыл қалдығынан тұрады

8. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:
A) AlCl3 -ді натриймен пісіру.
B) Бокситтерден электрохимиялық әдіспен.
C) Al2(SO4)3-мен калийді қыздыру.
D) Алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау.
E) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру.

9. Орыс ғалымы А.М.Бутлеров алғаш рет синтездеген зат
A) мочевина
B) май
C) қантты заттар
D) қымыздық қышқылы
E) сірке қышқылы

10. Пропен молекуласы құрамында ... бар:
A) 3 атом көміртек және 6 атом сутек
B) 2 атом көміртек және 4 атом сутек
C) 3 атом көміртек және 8 атом сутек
D) 4 атом көміртек және 8 атом сутек
E) 3 атом сутек және 6 атом көміртек

11. Этиленгликоль C2H4(OH)2 дегеніміз:
A) Глицериннің жақын гомологы.
B) Қарапайым көмірсутек.
C) Қаныққан біратомды спирт.
D) Екіатомды спирт.
E) Қарапайым фенол.

12. Альдегидтердің жалпы формуласы
A) CnH2n+1OH
B) CnH2n+1COH
C) CnH2n-6
D) CnH2n
E) CnH2n+1­COOH

13. Анилин бром суымен әрекеттескенде түзілетін заттың аты :
A) 2, 4, 6-трибромбензол.
B) 2, 3, 6-триброманилин.
C) 2, 4, 6-триброманилин.
D) 2, 3, 4-триброманилин.
E) 2, 3, 5-триброманилин.

14. Амин қышқылының негіздік қасиетін көрсететін реакция:
A) NH2 – CH2 – COOH + Na2SO4
B) NH2 – CH2 – COOH + C2H5OH 
C) NH2 – (CH2)3 – COOH + HCl 
D) NH2 – (CH2)4 – COOH + NaOH 
E) NH2 – (CH2)4 – COOH + Br2

15. Целлюлоза  ... полимер болады.
A) химиялық, синтетикалық
B) химиялық, жасанды
C) әрі табиғи, әрі химиялық
D) табиғи, өсімдік текті
E) табиғи, жануар текті

16. Оттектен 2,24 л озон алу үшін 14,23 кДж жылу жұмсалды. Химиялық реакцияның жылу эффектісі
A) 281,6 кДж
B) 284,6 кДж
C) 286,3 кДж
D) 280,6 кДж
E) 286,6 кДж

17. Лакмустың түсін көк түске айналдыратын тұз ерітіндісі
A) натрий сульфиді
B) барий нитраты
C) кальций сульфаты
D) алюминий бромиді
E) калий хлориді

18. Cr2O3 + HNO3 → орта тұз + · · ·
теңдеуіндегі барлық коэффициенттердің қосындысы
A) 10
B) 12
C) 11
D) 9
E) 13

19. Мыс (ІІ) гидроксидін қыздырғанда түзілетін заттар
A) ...  Cu + H2O.
B) ...  CuO + H2O.
C) ...  Cu + H2.
D) ...  Cu2O + H2.
E) ...  CuOH + H2O.

20. Күміспен әрекеттесетін зат:
A) HF
B) HCl
C) HBr
D) HNO3
E) HJ

21. Әскери уландырғыш зат фосгенді COCl2 мына реакция арқылы алады: CO + Cl2 = COCl2. 224 мл хлормен көмір (ІІ) оксиді әрекеттескенде 200 мл фосген алынды (қ.ж). Оның шығымы:
A) 80,6 %.
B) 88,2 %.
C) 89,3 %.
D) 88 %.
E) 82,7 %.

22. 10 г күкіртті мырышпен қыздырғанда түзілетін мырыш сульфидінің массасы:
A) 30,61 г
B) 30,41 г
C) 30,31 г
D) 30,51 г
E) 30,71 г

23. 89,6 л аммиак (қ.ж.) синтездеу үшін қажет сутектің көлемі:
A) 11,2 л.
B) 156,2 л.
C) 134,4 л.
D) 22,4 л.
E) 132,0 л.

24. Метандағы көміртектің массалық үлесі:
A) 70%.
B) 75%.
C) 80%.
D) 85%.
E) 90%.

25. Төмендегі өзгерістер схемасындағы А және В заттары:
A → FeCl2 → Fe(OH)2 → B → Fe2O3 → Fe
A) Fe, FeO
B) Fe, Fe(OH)3
C) FeO, Fe(OH)2
D) FeO,Fe2O3
E) Fe, Fe2O3

26. Калий дихроматындағы хромның массалық үлесі (%)
A) 35
B) 65
C) 45
D) 55
E) 25

27. 75 % көміртектен және 25 % сутектен тұратын, сутек бойынша тығыздығы 8-ге тең алканның молекулалық формуласы мен изомерлерінің саны
A) С2Н6; 2
B) СН4; жоқ
C) С3Н8; 2
D) С4Н10; 3
E) СН4; 3

28. 13г алкин (қ.ж) 11,2л көлем алады.Алкиннің молекулалық формуласы
A) C2H2
B) C3H4
C) C4H6
D) C5H8
E) C6H10

29. Фенолдың қышқылдық қасиет көрсету себебі
A) Өзара әсерлесу байқалады.
B) Гидроксотоптың сутек атомы электрон жұбының оттек атомынан бензолға ығысуы салдарынан қозғалғыш болуы.
C) Фенол қышқылдармен әрекеттеседі.
D) Фенол диссоциациялана алады.
E) Бензол сақинасы әсер етуі.

30. Сұйық сабынға сәйкес формула:
A) C17H35COONa.
B) C15H31COONa.
C) CH3COONa.
D) C17H35COOК.
E) CH3COOК.

31. Белоктар молекулаларының кеңістікте оралмаға оралған бейнесі ... байқалады.
A) бірінші реттік құрылымда.
B) екінші реттік құрылымда.
C) үшінші реттік құрылымда.
D) төртінші реттік құрылымда.
E) жай ақуызда.

32. Мұнайдың құрамы
A) бензин
B) газоиль
C) парафиндер
D) мазут
E) керосин

33. Мына заттардың генетикалық қатарда орналасуы 1.пропаналь 2.пропан 3.пропанол 4.1-хлорпропан 5 пропан қышқылы
A) 32145
B) 12345
C) 45123
D) 24315
E) 25134

34.
үрдісінде тепе-теңдікті оңға ығысатын факторлар
1) температураның төмендеуі
2) СО концентрациясының жоғарылауы
3) қысымның төмендеуі
4) қысымның жоғарылауы
5) катализаторды енгізу
6) температураны көтеру
жауапта рет нөмірлерінің артуымен көрсетіңіз
A) 1 3 5
B) 2 3 4
C) 1 4 5
D) 1 2 4
E) 2 4 6

35. Массасы 200г, массалық үлесі 0,15 натрий гидроксиді мен массасы 500г массалық үлесі 0,25 натрий гидроксидінің ерітіндісі араластырылған. Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі
A) 22,1 %
B) 22 %
C) 23,1 %
D) 221%
E) 2,2 %

36. Оттектің 1s2 2s2 2p2 электрондық конфигурациясы сәйкес келетін қосылыс
A) H2O
B) H2O2
C) BaO
D) OF2
E) NaOH

37.
тізбегіндегі В және Г заттарының молекулалық массасының қосындысы
A) 108
B) 216
C) 154
D) 85
E) 170

38. 51,3г барий гидроксиді 19,6 г фосфор қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы (г)
A) 60,1
B) 96,1
C) 72,5
D) 84,6
E) 52,6

39. 4 г еківалентті металл сумен әрекеттескенде қ.ж. 2,24 л сутек түзіледі. Бұл металл ...
A) Be.
B) Ca.
C) Mg.
D) Zn.
E) Ba.

40. 40,5 г целлюлозаны нитрлегенде түзілген динитроцеллюлозаның массасы:
A) 63 г
B) 62 г
C) 59 г
D) 61 г
E) 58 г
ХИМИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет