Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата11.01.2017
өлшемі12,01 Mb.
#1665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Балтымова М.Р. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  
мемлекеттік университетінің  
 аға оқытушы, фиолология магистрі 
 
 
 
 
 
 

 
- 60 -
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТӘРБИЕ ДЕГЕН  
ТӘҢІР БАР
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 61 -
Өз жолын тауып өмірден 
 
Аспан асты, жер үсті кең мекенім, 
Еңбек етіп, маңдайды терлетемін. 
Шың демей-ақ қояйын, өз төбеме 
Өзім салған жолменен мен жетемін! 
 
Иә,  осы  бір  шумақ  өлеңді  Алпысбай  ағаның  өмірлік 
лейтмотиві десе  де болғандай. Бүгінде ердің  жасы елуге  келген 
ағамыздың  ғылыми  педагогтік,  шығармашылық  өмір  жолына 
көз  жүгірте  отырып,  ұстаз  туралы  айтылар  сөзді  өз  өлең 
шумағымен бастағанды жөн көрдік. Оның ер жасына келгендегі 
тапқанының  ең  үлкен  бейнеті  мен  зейнеті  бірдей,  қызығы  да, 
шыжығы да мол  ғылыми-ұстаздық қызметте  өзгеге  ұқсамайтын 
өз  тағдырын  өз  қолымен  жасағандығы.  Өмірлік  мақсат-
мұраттарын  айқындап,  сол  мақсатқа  жету  үшін  табанды  еңбек 
етіп  келе  жатқан  адамды  өз  тағдырын  өзі  жасаушы  демегенде 
кім дейміз?! 
Алпысбай  Мұсаевтың  шығармашылық  қызметін  шартты 
түрде  үш  салаға  бөлуге  болады.  Олар:  ғылыми  зерттеулер, 
ұстаздық қызмет және ақындық ізденістер.  
Ол 
ғылымға 
кездейсоқ 
келген 
жоқ. 
Әдебиетке 
жастайынан  құштар  арманшыл  жас  1970  жылы  Орал 
педагогикалық  институтының  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бөлімін 
ойдағыдай  бітіріп,  алғашқы  еңбек  жолын    мектепте  мұғалім 
болып  бастады.  Араға  жылдар  салып,  ол  ұстаздық  қызметке 
қайта  оралды.  (1982  ж.)  Орал  пединститутының  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  кафедрасына  оқытушы  болып  орналасқан  Алпысбай 
бұл  кезде  өмірдің  ащы-тұщысын  татқан  (мектеп  директорының 
орынбасары,  ауданда  партия  комитетінде  нұсқаушы,  облыстық 
газетте  журналист  болып  істеді),  өмірлік  позициясы  айқын, 
кемел жаста болатын. «Тон жағасыз, ер ағасыз болмайды». Осы 
арада  шәкіртінің  ғылымдағы  жолын  айқындауға  көп  көмегін 
тигізген  аяулы  ұстазы,  марқұм  Мәтжан  Тілеужанов  есімін  тағы 
да үлкен құрметпен еске алып, аға аруағына тағзым етеміз. 

 
- 62 -
1990  жылы  Алпысбай  аға  Абай  атындағы  Алматы 
педагогикалық  институтының  ғылыми  кеңесінде  «Қазіргі  қазақ 
әдебиетінде  сатиралық  образ  ерекшелігі»  атты  тақырыпта 
кандидаттық  диссертациясын  қорғады  (жетекшісі  –  профессор 
М.М.Тілеужанов) 
1996-1998  жылдары  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
университетінің 
журналистика 
факультетіндегі 
Мерзімді 
баспасөз  кафедрасында  доктарантурада  болып,  білімін  шыңдап 
қайтқан Алпекең қазір нағыз творчестволық өрлеу шағында деп 
айтуға  болады.  Республикалық  баспасөз  беттері  мен  түрлі 
жинақтарда  жарияланған  үлкенді-кішілі  көптеген  мақалаларын 
есептемегенде,  соңғы  бес  жыл  ішінде  екі  кітабын  жарыққа 
шығарды.  «Қазіргі  қазақ  сатирасы»  монографиясы  (1993  ж. 
«Ана тілі» баспасы) және «Қазақ сатирасының поэтикасы» атты  
оқу құралы (орыс тілінде, 1998 жылы жарыққа шықты. «Санат» 
баспасы).  Жемісті  ғылыми  еңбек  деп  осыны  айтуға  болатын 
шығар.  Бұл  еңбектер,  бір  жағынан,  автордың  көп  жылдық 
ізденістерінің  белгілі  дәрежедегі  қорытындысы,  түйіні,  мазасыз 
күндері  мен  ұйқысыз  түндерінің  нәтижесі  болса,  екінші 
жағынан,  қазақ  сатиратану  ғылымына  қосылған  сүбелі  үлес, 
елеулі еңбек деуге болады.  
Алпекең  зерттеулерінің  басты  объектісі  болып  60-80 
жылдар  аралығында  жарық  көрген  қазақ  қаламгерлерінің 
шығармалары  алынуының  да  өзіндік  себептері  бар.  60 
жылдардың  басында  қазақ  әдебиетінде  үлкен  бір  жаңа  күш, 
жаңа  толқын  келді.  Білімді  де  білікті  толқын  өздерімен  бірге 
жаңа  серпіліс,  жаңа  дүбір  ала  келді.  Қазір  кейбіреулер,  әсіресе, 
құлдықта  өткен  өмірді  аңсаушылар  айтып  жүргендей,  60-80 
жылдар  аралығы  «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман» 
емес  еді.  Қазір  айықпас  дертке  айналған  қоғамдық  дерттер  сол 
кезде пайда болып, тамыр жая бастаған болатын.  Қоғамдық ой-
сана дағдарысқа ұшырап, ұлттық сана мәңгүрттене бастаған сол 
жылдары  санаулы  ғана  қазақ  зиялылары  қалғи  бастаған  ұлтты 
оятуға  тырысып  бақты.  Талантты  ақын-жазушылар  көркем 
шығармалары  арқылы  қоғамды  іштен  ірітіп-шіріте  бастаған 
дерттерді 
ашық 
көрсетуге 
тырысты. 
Дана 
партия 

 
- 63 -
басшылығымен «кемелденген социалистік» қоғам құрып жатқан 
ортада бұл оңай болған жоқ. Расымен оны да көретін көз керек.  
Алпысбай Мұсаев еңбектерінің маңыздылығы да осында. 
Сатириктер  қатарына  жата  қоймайтын  аталмыш  жазушылар 
шығармаларын  саралай  отырып  автор  тың  түйін,  тың 
қорытындыға  келеді.  Ә.Нұрпейісовтің  «Парызы»  сатиралық 
емес,  керісінше  трагедиялық  туынды  ғой,  ал осындағы жазушы 
сомдаған  сатиралық  образдар  табиғаты  ше?  Сол  сияқты 
М.Мағауин,  Ә.Кекілбаев,  Ә.Тарази  шығармаларындағы  ирония 
мен  сарказм  тәсілдері  арқылы  ғалым  қазақ  әдебиетінде 
сатиралық 
образ 
жасаудың 
жаңа 
тамаша 
дәстүрі 
қалыптасқандығы туралы айтады. 
«60  жылдардан  бастап  қазақ  прозасында  (сатиралық 
шығармалар емес) сатиралық сарын (мотив) пайда болды. Оның 
басты себебі – қоғамның рухани тоқырауы, қоғамдағы жайлаған 
кеселдер».  Ғалымның  бұл  пікірі  аталмыш  шығармаларға 
басқаша  көзқараспен  қарауға  мүмкіндік  береді.  Сатира 
жанрының поэтикасын танытудағы ғалым ізденістері жалғасуда. 
М.Құлкенов, 
С.Асылбеков, 
Т.Нұрмағамбетовтер 
бастаған 
кейінгі толқын шығармалары да зерттеу объектісіне айналады.  
Ширек  ғасырға  жуық  ғұмырын  ұстаздыққа  арнаған 
Алпекең  алдынан  талай  шәкірт  өтті.  Араларында  ұстаз  жолын 
қуып, мұғалім, журналист болғандары, ғалым, ақындық жолына 
түскендері  де  бар.  Ұстаз  ретінде  Алпысбай  ағаның  өзгелерге 
ұқсамайтын  ерекшелігі  –  материалға,  тақырыпқа  барынша 
творчестволық  тұрғыдан  келу,  дәріс  оқудағы  еркінділік.  Оның 
лекцияларында  қатып  қалған  схематизм  мүлдем  жоқ,  оның 
есесіне  аудиторияны  желпіндіріп  отыратын  еркінділік  басым. 
Әсіресе,  студент  қауымды  оның  қазіргі  қазақ  әдебиеті,  оның 
белгілі  шеберлері  туралы  айтқан  пікірлері,  әңгіме-дәрістері 
қызықтыратын. Онсыз да оқулықта бар нәрсені конспекті жасап 
көшіруден  шаршаған  біздер  оқытушылардан  оқулықта  барды 
емес,  оқулықта  жоқты  күтетінбіз.  Әрине,  Орал  Алматы  емес. 
Сонау  80  жылдардың  басында  бізге  әдебиет  майданындағы 
жаңалықтар  там-тұмдап  жететін.  Көк  базардан  Мағжан 
өлеңдерін сатып алып оқитын (Есенғали), Мұқағали  өлең оқып, 

 
- 64 -
Асқармен  сырласа  алған  ҚазГУ  студенттері  бізден  гөрі 
бақыттырақ  қой.  Ұстаз  еркіндігі  аудиторияға  берілетін  Қасым, 
Мұқағали,  Мұхтар  туралы  сұрақтар  қойып,  студенттер  де  мәз. 
Баспасөзде  көп  көрінбейтін,  жүлде  сыйлықтарды  ала  қоймаған 
кейбір 
қазақ 
жазушыларының 
творчестволарына 
деген 
қызығушылыққа  сол  әңгімелер  түрткі  болған  болар.  Әсіресе, 
ақын 
Мұқағалидың, 
жазушылар 
Әкім 
мен 
Асқардың 
творчествосы туралы әңгімелердің танымдық, тағылымдық мәні 
ерекше  болды.  Қазір  талантын  бәрі  мойындаған  марқұм  Асқар 
Сүлейменовтің 
ерекше 
бітім-болмысы 
туралы 
Алпекең 
әңгімелері өзім үшін сол ұлы тұлғаны тануға алғашқы баспалдақ 
болғаны  әлі  жадымда.  «Әдебиетті  оқытатын  мұғалімде 
жаттандылық  пен  құрғақ  схематизм  болмауы  керек.  Әдебиетші 
жанымен  оқыту  керек»  -  дегенді  Алпысбай  аға  жиі  айтады. 
Қазіргі  жастарымыздың  рухани  жандүниесінің  кедейлігі,  ой 
жұтаңдығы,  бәлкім,  сол  бейқам  жүректің  бір  кезде  оянбай 
қалғандығы  шығар.  Алпысбай  аға  сабағына  тән  бір  деталь  – 
аудитория,  тып-тыныш  ұйып  отырған  студенттер  бір  кезде  дүр 
ете  қалады,  ду  күлкі.  Сәлден  соң  қайтадан  тыныштық.  Студент 
жанары  ойға  толы.  Неге  күлдік,  кімге  күлдік?  Мүмкін,  бейқам 
жүректің  оянуы  да  осы  шығар  «Қазақстан  оқу-ағарту  ісінің 
үздігі»  (1996  ж)  Алпысбай  аға  педагогтік  қызметін  осылай 
атқарып келеді.  
Кейбіреулер белгілі, кейбіреуге беймәлім тағы бір қыры – 
ағамыздың ақындығы. Өлеңді жастай серік еткен Алпекеңнің үш 
өлеңдер жинағы жарық көрген екен. 1981 жылы «Дария жыры» 
жинағы,  1983  жылы  «Жыр-бесік»  және  әлі  сиясы  кеппеген 
«Телқоңыр»  (1998  ж.)  жинақтары.  Жыр  жинақтарын  парақтай 
отырып,  ақынның  махаббат  пен  арманнан,  үміт  пен  сенімнен 
тұратын  ішкі  жандүниесін  тереңірек  танисыз.  Қиналған, 
қайғырған,  шаршаған  немесе  әсерленген,  шаттанған  қуанышты 
сәттерде сырыңды ұғар өлең шіркін құдіретті ғой! 
Жазушы  Нұрлан  Оразалин  айтқандай:  «Елуге  келу  –  ел 
қадірін  ұғу  ма  деймін!».  Уақыт  қандай  тез.  Кеше  ғана 
С.Ақмурзин, Ғ.Әбуханов, М.Тілеужанов, Қ.Мырзағалиев сияқты 
ағалардың, 
М.Жолдықайырова, 
Ш.Жұмағазиева 
сияқты 

 
- 65 -
апайлардың  «тынысы»  болып  келген  Алпысбай  Мұсаев, 
замандасы  Серікқали  Шарабасов,  оларды  өкшелеп  келе  жатқан 
Отарәлі  Бүркітовтер  қазір  қазақ 
филологиясының  қара 
шаңырағы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының  «алдыңғы 
толқын  –  ағаларына»  айналды.  Жауапкершілік  пен  міндет  те 
үлкен. Кейінгі өсіп келе жатқан толқын енді осыларға қарап бой 
түзейді. Сондықтан да дамылдауға уақыт жоқ.  
 
Болат Жексенғалиев 
Батыс Қазақстан гуманитарлық  
университеті қазақ тілі мен әдебиеті 
 кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 66 -
Ұстазым дәл өзіңдей болғаннан соң... 
(толғау) 
 
Балаңнан жүрек тайды арман бейім, 
Жастықта жараспаған жалған бейім, 
Әлеумет той баста деп отырған соң, 
Қолға алам домбыраны тарлан бейім. 
Ал, енді баста десең бастаймыз ғой, 
Сөз айтып қажетіңе шалдан кейін,  
Өлеңнен тақ таласып орын берді, 
Жайқалып жапырағы өнім берді, 
Алпысбай деген атты иеленген, 
Адамы шалқаяды төрінде енді, 
Жырлары жүректерді жаулап алған, 
Кешегі жеңге менен келіндердің,  
Ақынның тойы ортақ көпшілікке, 
Елуің бар құттықтап елің келді, 
Жеті сағат күтсек те айып емес, 
Екі сағат күткізіп елу келді. 
Салса бір салтанатпен самағайды, 
Бұндайда сөйлемесе жарамайды. 
Алпекеңдер алғашқы ұстазым ғой, 
Қалайша інісі енді баламайды. 
Абитуриент кезімде танысқанмын, 
Сондықтан өлең бүгін балалайды 
Айсұлу апамыздың шәйін ішіп, 
Тұлпардың атын мініп тағалайды. 
Жетірудан жетпіс қыз әкелсең де 
Апамнан басқасына қарамайды. 
Той бастап шәкірттерің сайрағандай, 
Өлеңнің өзенінде қайнағандай, 
Кейде бір күйдіретін талқан сынды 
Желіге жырды әкеліп байлағандай! 
Құдайдың бұл да берген қызығы ғой - 
Ағайын қауқылдасып тойдан қалмай. 
Ұстазым дәл өзіңдей болғаннан соң. 

 
- 67 -
Көңілім көктем болып жайнағандай! 
Айтыстан бұзып-жарып мен келемін, 
Алпекең жигулиді айдағандай. 
Тағы бір інің бар Азаматтай, 
Азамат бүгіндегі азаматтай, 
Тойыңда жүгіреді інілікпен,  
Бүгінде шаң боратып шабан аттай! 
Ағасы мен інісі табысты ғой, 
Қазығына оралған қазан аттай 
Адамбыз өмірдегі бақта отырған, 
Несіне мына халық үндемейді? 
Осындай шабыттанған шақта отырған. 
Жылынып қалған шығар деп ойлаймын, 
Кемпір-шал бата берер артта отырған. 
Жүректер осындайда жыр тілеген, 
Айтқанбыз той болған соң күлкілі өлең 
Қазақта сөздің салты бұрыннан бар, 
Құлқынды жарыстырған күлкіменен. 
Рухани байлықты өлшеп жүрген 
Ақынның артта қалған мүлкіменен 
Жарнаға жазылыпты қарап тұрсам, 
Алпеке, сіз айтатын шіркін өлең 
Елуден асқаннан соң ел ішінде,  
Тағы да ағытылар мүмкін өлең, 
Мен де доцент болайын өзіңіздей, 
Алпекең доктор болсын дүркіреген! 
Өзіңді арқалаған ел сияқты, 
Арманың асу-асу бел сияқты, 
Бір ұл менен бір қызды құдай берді 
Көңілі апамыздың көл сияқты, 
Желпіндіріп қоясың інілерді, 
Желкенді көтеретін жел сияқты, 
Тепкілесіп келгенде өлең демей, 
Тебінгіден шығатын тер сияқты. 
Ал, аға, мына тойың құтты болсын! 
Қазақтың өлеңі де шөл сияқты, 

 
- 68 -
Апамыздың аялы арқасында, 
Елуге келсек екен сен сияқты! 
Жалғасаң аталардың армандарын, 
Тарихта қалатындай тарландарың, 
Өмірдің құдіреті сонда емес пе? 
Заманның айқындайтын заңғарларын, 
Шағаннан шабыт алып Қасым ақын, 
Ұшырып ақ шағала армандарын. 
Өзіңсің Сырда туып, Жайықта өскен! 
Бес келіден  артық боп бағлан бағың. 
Тағы да сөз тигенде айтамыз ғой, 
Өлеңмен жалғастырып қалғандарын. 
                                                                                  
Мэлс Қосымбаев                                             
Мемлекеттік 
«Дарын»сыйлығының иегері, 
филология ғылымдарының 
кандидаты, 
айтыстан республика чемпионы 
                                                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 69 -
Жадымда тұрар жаңғырып... 
 
Әдебиеттің бір бұтағы поэзия десек, сол поэзияның жаны 
– сөз өнері, сөздің бейнелі кестесі. Сол өнердің қыр-сырын, ішкі 
қалтарыстарын  ақтарып,  терең  тұңғиық  иірімдеріне  үңілу  және 
соны  өзгелерге  ұғынта  білу  дара  ұстаздың  ғана  қолынан  келсе 
керек.  «Әдебиет»  атты  шексіз  мұхиттың  қойнауын  армансыз 
аралап,  сиқырлы  сырларын  құныға  зерттеп,  өмірін  ғылыммен 
өрнектеген  ғалым  Алпысбай  Мұсаұлы  Мұсаев  бүгінгі  асқаралы 
алпыстың аңғарына асқақ нәтижелермен жеткені сөзсіз.  
Өзінің  ғылыми-педагогикалық  қызметін    80  жылдары 
бастаған ғалым бірден әдебиет теоретигі ретінде танылды. Асыл 
сөзді  өлең  құдіретімен  өрнектеген  ақын,  ұстаз  ғалым  ретіндегі 
алғашқы  қадамын    сындарлы  мақалаларымен  бастап,  белгілі 
ғалым    профессор  М.Тілеужановтың  жетекшілігімен  қазақ 
сатирасының  сырын  терең  меңгерумен  айналысты.  Оның  қазақ 
әдебиетінің  өзекті  мәселелеріне  арналған  мақалалары  сол 
сексенінші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін бір толастаған 
емес.    Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай  «сөздің  асыл  болатын 
сырын  біле  бастаған»  жас  ғалым  бүгінгі  күні  осы  саланың  ел 
мойындаған  маманы  болды.    Өз  тағдырын  жоғары  білім  беру 
саласымен  тығыз  байланыстырған  ғалым    еліміздегі  іргелі  оқу 
орны 
Орал 
педагогикалық 
институтының 
 
қатардағы 
оқытушылығынан  бастап,  оның  доценті,  кафедра  меңгерушісі, 
одан 
кейін 
Қ.Жұбанов 
атындағы 
Ақтөбе 
мемлекеттік 
университетінің  шақыртуымен  осы  білім  ордасының  ғылым  ісі 
жөніндегі проректоры, Гуманитарлық зерттеулер институтының 
директоры  дәрежесіне  дейінгі  жолында  терең  зерттеулерімен 
қатар студенттерге арналған оқу құралдарын әзірлеуге де ұдайы 
ат салысып келеді.  
Профессор  Алпысбай  Мұсаевтың  сан  қырлы  ұстаздық 
еңбегінің  жемісті  бір  саласы  –  оның  қазақ  әдебиеттану 
ғылымының  жас  күштерін,  жаңа  буынын  тәрбиелеудегі  еңбегі. 
Жоғары  оқу  орнында  ұстаз  бола  жүріп,  ол  ғылымға  талпынған 
жас  талапкер  магистранттар  мен  аспиранттарға,  ізденушілерге 
жетекшілік  жасап,  ақыл-кеңес  беруден  жалыққан  емес.  Бұл 

 
- 70 -
кісінің  тағлымынан  нәр  алған  шәкірт  ғалымдардың  өздері  де 
бүгінде  Орал,  Астана,  Ақтау,  Ақтөбе  қалаларында  игі  істердің 
басында,  өздері  де  ұстаз  болып,  шәкірт  тәрбиелеп,  алдындағы 
ұстаздың  ұлағатын  кейінгі  өскелең  ұрпаққа  ұластырып  келе 
жатыр.  
...Орал  педагогикалық  институтында  білім  алып  жүрген 
студенттік  шақтың  нағыз    орта  тұсында  «Әдебиет  теориясы» 
пәні 
қосылды. 
Оқытушы 
Мұсаевпен 
аудиториядағы 
таныстығымыз  осы  пәннен  басталды.  Осыған  дейін  сабақ 
бермегенмен,  кафедра  меңгерушісі  ретінде,  студенттердің 
ғылыми  жұмыстарына  басшылық  етіп,  үнемі  ғылыми  істердің 
басы-қасында  жүретін  ғалым  ретінде  танитынбыз.  «Әп» 
дегеннен-ақ  өлеңнің  сиқырлы  сырымен  баурап  ала  жөнелген 
ұстаздың  әдебиеттану  ғылымының  сыны,  теориясы  саласынан   
оқыған  лекцияларын  асыға  күту  әдетімізге  айналып  еді.  Кейін 
қазақ  әдебиетінің  тарихынан  қайта  бергенде  құдды  әдебиет 
әлемінің  ішінде  жүргендей  әсерге  еніп  кетуші  ек.  Әдебиеттің 
қай кезеңінен сөз қозғаса да ұстаздың кемел біліміне, әдебиеттің 
даму процесін үнемі қадағалап отыратын шын жанашырлығына 
тәнті  болатынбыз.    «Кітап  оқымай,  ой  қызметін  нәтижесіз 
өткізген  күн  –  бекерге    өмір    сүрген  күн»  деп,  санамызға  жан 
азығын толықтырудың жолдарын да сіңіретін. Сатираның уытты 
күші  мен  жанға  жайлы  юмордың  нәзік  сырларын  қатар 
меңгерген ғалымның әр сабағы ешқашан жалықтырмайтын. Сол 
кездегі  әдебиеттің  күнделікті  жаңалығын  Мұсаевтан  алдымен 
білуші  едік.  Қазақ  әдебиетінің  классиктерінен  бастап  жас  буын 
өкілдерінің 
шығармаларын 
тамаша 
білетін 
ұстаз 
сол 
шығарманың  ішіне  кіріп  алып,  әдеби  қаһармандар  әлемін 
армансыз  шарлататын.  «Мұғалім  қажет  болса  ...әртіс  те  болу 
керек...»  деген  ұлылар  сөзінің  жанды  үлгісін  біз  осы  кісіден 
көрер  едік.    Иә,  адамды  дәреже  жеткізбейді,  білім  жеткізеді 
деген  осы.  Бүгінде  саналы  ғұмырын  ұстаздыққа,  ғалымдыққа 
арнаған  жан  Мұсаев  Алпысбай  Мұсаұлы  туралы  қанша  айтсақ 
та,  естеліктер  легі  толастамақ  емес.  «Ғылым  дегеніміз  –  тұнып 
тұрған поэзия» деген ұлағатты сөзді көп тілге тиек ететін ғалым 
осы  екі  арнаны  бір-біріне  ұластыра  білген  тұлға.  Жаны 

 
- 71 -
поэзияның  сұлу  сырларымен  суарылған  нәзік  жанды  ұстаз  кей-
кейде  тіпті  құдды  бала  сияқты  да  болып  кететіні  де  бар. 
Студенттің бойынан бір кішкентай лып ете қалған отты байқаса, 
соны  одан  сайын  жандыруға  жанын  салатын  ұстаздың  сол 
қасиеті  бүгінде  тіпті  ұлғайғандай.  Ғылыми  ізденіс  дегеніміз  – 
шығармашылық  өрлеудің  барып  тұрған  биігі,  шыңы  десек, 
Мұсаев  бүгінде  сол  шыңның  басында  дер  едік.  Қазір  Ақтөбе 
мемлекеттік  университеті  жанындағы  өзі  басқарып  отырған 
Гуманитарлық  зерттеулер  институтының  жұмысын  бір  арнаға 
салып,  іргелі  зерттеулер  мен  ғылыми  экспедициялардың  басы-
қасында  жүргені  бізді  одан  сайын  қуантады,  жігерлендіреді. 
«Ғылым  үшін  бәрі  де  маңызды»  деген  принципті  басшылыққа 
алған  ғалым    қазір  Ақтөбе  өңірінде  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасы  бойынша  этно-мәдени  зерттеулер  жасау  мен 
жинақтау  бағытында  қомақты  жұмыстар  жасауда.  «Әдебиет  -  
тек  асыл  мұратпен,  ар-намыспен    ғана  кіруге  болатын  зәулім 
сарай»  десек,  сол  Сарайдың  ғылым  кеңістігінде  еркін  самғаған 
профессор  А.Мұсаев  тұлғасы  біз,  яғни  шәкірттері  үшін  , 
қашанда биікте. 
 
 
                                                       Обаева Г.С.  
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 
                              университеті қазақ әдебиеті  
кафедрасының аға оқытушысы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
- 72 -
Ұстаз ұлағаты 
 
Бүгінде  алпыстың  асқаралы  асуына  шығып,  мерейлі 
мерекенің  иесі  атанып  отырған  ұстазымыз  Алпысбай  Мұсаұлы 
туралы  ой  тиегін  ағытқанда  талай-талай  тағылымды  сәттер мен 
тартымды мезеттер ойға еріксіз оралады.  
 
Алты жыл бұрын Алпысбай ағай асығып, аптығып (кейін 
білдік  поездан  түскен  беті  екен),  Ақ  Жайықтан  Ақтөбеге,  атап 
айтсақ,  университеттің  қазақ  филологиясы  мамандығының  4-
курсына  дәріс  оқуға  кіріп  келді.  Орта  бойлы,  жүрісі  ширақ, 
жүзінде  жылы  күлкі  бар  кісіні  қазақ  әдебиеті  кафедрасының 
меңгерушісі  Молдаханов  Әдебиет  ағай  «Орал  университетінен 
сіздерге  арнайы  дәріс  оқуға  келген  филология  ғылымдарының 
докторы» деп таныстырып шығып кетті. Көзілдірікті профессор 
алдында  отырған  елу  алты  студентке  көзін  алмай  тура  бір 
минуттай  қарап  алды  да,  алдыңғы  партада  отырған  жігіттің 
жанына  жетіп  барып,  қолынан  алып:  «Танысып  қойсақ,  атым 
Алпысбай!»  деді.  Курстасымыз  орнынан  атып  тұрып:  «Мен  де 
Алпысбай!» 
демесі 
бар 
ма!? 
Расында 
да 
солай 
еді. 
Аудиторияның 
ішін 
ойран-топан 
күлкі 
жайлап 
кетті. 
Селкілдеген  иықтар,  тұншыға  шыққан  дауыстар,  көзден  аққан 
жастар. 
Несін 
айтасың, 
бірінші 
парға 
әрең 
келген 
ұйқыбастардың  көзі  оттай  жанды.  Ағай  өзі  күлген  жоқ, 
көзілдірігін  алып  орамалымен  сүртті  де:  «Ғұмырымда  мұндай 
таныстықты  тұңғыш  басымнан  кешуім!»  деді.  Бүгінде  саялы 
бәйтеректей  тамырын  тереңге  жайған,  еліміздің  түкпір-
түкпірінде  тынбай  еңбек  етіп  жатқан  талай  маманның  ұстазы 
болған  Алпысбай  ағаймен  таныстығымыз  осылай  әдемі  бір 
күлкімен,  қуанышпен  басталған  еді.  Ағайдың  дәрісінен  шыға 
сала  кітапханадан  Алпысбай  Мұсаевтың  еңбектерін  сұрасақ, 
қолымызға  «Поэтика  казахской  сатиры»  тиді.  Таңертеңгі 
таныстықтың  кереметтей  юмормен  басталуының  мәнісін 
ұғынғандай болдық.  
 
Алпысбай  ағай  бізге,  болашақ  филологтарға,  сол  жылы, 
сол  дәрістерінде  естен  ешуақытта  кетпейтін,  санадан  сыпырсаң 
да  шықпайтын  әдебиет  хақында,  әдебиетшілер  туралы, 

 
- 73 -
жазушылар жайында бұрынсоңды мүлдем бастан кешпеген жаңа 
әсерлер, 
тың 
мағлұматтар 
сыйлады. 
«Балалар, 
сіздер 
«Шығарманың  аты  -  «Бесін»,  авторы  –  Асқар»  атты  еңбектің 
авторы кім екенін білесіздер ме?» - деді. Аудитория тым-тырыс. 
Өйткені  ағай  ауызға  алып  тұрған  еңбектің  тақырыбының  өзі 
бізге  қызық  көрінді.  Ағай:  «Осындай  тапқыр  тақырып  қойып, 
Асқар  сынды  таланттың  жолын  ашқан  ардақты  аға,  қазақ 
әдебиетінің  классигі  Ғабит  Мүсірепов  еді.  Тапқыр  тақырып 
қойылмаса,  стилі  өзгеше,  жазу  мәнері  алабөтен  Асқардың  асуы 
ашылмас  еді.  Жазуға  келгенде  кірпияз,  талдауға  келгенде 
тәкәппар Ғабең осылайша Сүлейменовтің сырлы әлемін әдебиет 
атты  әлемге  аттандырды...  Шығарманың  аты  «Бесін»,  авторы  – 
Асқар...». Ағайдың қоңыр майда үні құлағымызға жағып, айтқан 
сөздері  алдымыздағы  дәптерде  маржандай  тізіліп  жатты.  Қазақ 
әдебиетіндегі  қадау  талант,  Асқар  Сүлейменовтің  бұған  дейін 
тек  атын  білсек,  ағай  арқылы  шығармаларымен  таныстық, 
драмалық  туындыларының  табиғатын  талдадық,  ағай:  «Қыздай 
жесір»,...  атының  өзі  жатқан  бір  сұмдық.  Сондай  сұмдық 
тақырыпты  тек  Асқар  ғана  қоя  алатын  еді»  деп  одан  сайын 
еліктіре  түседі.  Драматург  жазушы  Сүлейменовтің  сөйлеу 
мәнері,    киім  киісі,  жүріс-тұрысына  дейін  қалыс  қалмай,  ағай 
тарапынан салынды, біз күлкіге  қарық  болып,  өмір жасымызды 
ұзарттық.  Журналист  Әлішер  Сүлейменов  Асқардың  ұлы 
екендігін,  әнші  Қарагөз  Сүлейменова  қызы  екендігін,  кино 
актері  Досқан  Жолжақсынов  күйеу  баласы  екендігін  естідік. 
Лектордың 
аудиторияға 
берген 
ақпаратының, 
жазушыға 
жасалған  «жарнаманың»  мықтылығы  сол,  дәрістен  соң  біздер, 
студенттер, 
кітапханадағы 
сыншы 
Әлия 
Бөпежанова 
құрастырған  Асқар  Сүлейменов  туралы  естеліктер  жинағы 
«Парасат  падишасына»  таластық  та  қалдық.  Бүгінде  жас  буын 
кітап  оқымайды,  көркем  әдебиет  қарамайды  деп  өкпеміз  қара 
қазандай  болады.  Кітапты  Алпысбай  ағай  сияқты  әуелі  өзі  бар 
жан-жүрегімен  ұғынып,  сол  шығармаға  ессіз  ғашық  болып 
тұрған  жағдайда  ғана  көркем  туындының  оқырманы  көп 
болатынына сол жолы көзім жетті.  

 
- 74 -
 
Ағайдың Ақтөбедегі алты күндік шығармашылық сапары 
сол  жылы  диплом  алып  маман  атанатын  біздер  үшін  
біліміміздің  қордалануына,  білігіміздің  толысуына,  таным 
көкжиегіміздің  кеңеюіне  ерекше  бір  мүмкіндік  болды  десем 
артық  айтқаным  емес.  Ағай  таныстырған,  дәлірек  айтсам, 
көркемдік  әлеміне  бойлатқан  қазақтың  тағы  бір  талантты 
жазушысы  Әкім Тарази еді. Ағай аудиторияны ойлы көзбен бір 
шолып алып: «Кім Әкім Таразидің қандай шығармасын біледі?» 
деді.  Алдыңғы  қатарда  отырған  мен  орнымнан  атып  тұрып: 
«Кен»,  «Қорқау  жұлдыз»,  «Бұлтқа  салған  ұясын»  деп  тақылдай 
жөнелдім.  Ағай:  «Дұрыс...  Ал,  не  байқадың?»  деді.  Мен: 
«Қандай мағынада?» дедім. Ағай: «Көркемдік бітімнің өзгелерге 
ұқсамайтын ерен болмысы хақында» деді. «Әрине, Әкім Тарази 
ерекше жазушы, мықты  қаламгер...» дей  бергенім сол еді, ағай: 
«Сен  бүгін  үйге  барып,  Әкімнің  шығармаларын  тағы  бір  қарап 
шық,  ертең  өзіңе  арнайы  сөз  берем»  деді  де,  өзі  жазушы 
шығармалары,  кейіпкерлер  әлемі,  образдардың  көркемдік 
қуаттылығы  жайындағы  дәрісін  жалғастырып  кетті.  Әсіресе, 
Әкім  Тарази  шығармаларындағы  «Кірпішбайларға»  ерекше 
тоқталды.  Кеңестік  жүйенің  кірпіш  қалыбынан  құйылған 
кейіпкерлердің мәнсіз, мағынасыз өмірлері өзгеше бір мақаммен 
баяндалды. «Кім кінәлі?» деген сауалға жауап іздедік. Дарынды 
жазушы  Әкім  Тарази  әлемінің  көркемдік  компоненттерімен 
таныстық. Тарази тек, роман, повесть жазуда  ғана ерекше емес, 
сонымен  қатар  ең  қарапайым  некралогты  да  өзгелерге 
ұқсамайтын  өзгеше  стильмен  жазатындығы,  мәселен,  сыншы 
Зейнолла  Серікқалиев  өмірден  өткенде  дүниеге  келген  «Ұшып 
кетті  вертолет»  атты  қазанаманың  тақырыбының  өзі  адамды 
елең еткізеді, көңіліңді аударады...» мәні мен мағынасы болашақ 
филолог үшін соншалықты салмақты салиқалы сөздерді тыңдай 
бергің  келеді,  ғылыми  ақпаратымыздың  толысып  жатқанын, 
көркемдік  қорымыздың үстемеленіп жатқанын айқын аңғардық. 
Осы  тұста  еске  түсетін  тағы  бір  сәт  Алпысбай  ағай  өзі  ғана 
сөйлеп  қоймайды,  студенттің  де  өз  ойын  еркін  жеткізіп,  көсіле 
сабақ айтуына жағдай жасайды. Мәселен,  Әкім Тарази хақында 
болған  дәрістің  ертеңіне  маған:  «Рита,  Әкім  ағаңның 

 
- 75 -
шығармаларын  оқып  отырғанда  есіңде  ерекше  қалған  бір  сәтті 
баяндап берші» демесі бар ма!? Мен орнымнан тұрып: «Бір ғана 
сәтті  айтайын:  Жазушының  «Бұлтқа  салған  ұясын»  атты 
шығармасында бәріңіз білесіздер, Ұлмекен атты өзі сондай ерке, 
тәкәппар,  өркөкірек  кейіпкер  әйел  бар.  Сонымен  қатар  ол 
облыстың  сауда-саттық  бөлімін  басқаратын  адамның  әйелі,  ел 
кимегенді  киеді,  ел  ішпегенді  ішеді,  үйі  толған  қымбат  дүние-
мүлік,  қысқасы,  төрт  құбыласы  түгел  жан.  Қаланың  қақ 
ортасында  тұрады.  Ал  оның  әкесі  аузы  арақтан  құрғамайтын, 
Ұлмекеннің  шешесі  өлгеннен  кейін  етегі  сүйретілген  салақ 
әйелге  үйленген,  шиттей  ұсақ  балалары  көп  бейшара  адам. 
Ұлмекен  кейде,  іші  пысқанда  әкесінің  үйіне  қонаққа  келеді, 
ыбырсыған  үй,  ішіп  алған  әкесі,  бет-ауыздары  сатпақ-сатпақ 
балалар, бүкірейген өгей шеше. Міне, осы көріністерді көргенде, 
Ұлмекен  өзін  жұмақтан  тозаққа  анда-санда  бір  қонаққа  келіп 
кететін періштедей сезінетін еді. Дәл осы тұс, жазушының ең бір 
ұшқыр  қиялының  жемісі  деп  санаймын»  деп  едім,  Алпысбай 
ағай сондай риза болды. Бүгінде, сол сәттердің сырғып өткеніне 
де аттай алты жыл болыпты. Менің кәміл сенетінім, ағайдың сол 
жылы  бізге  оқыған  дәрістері  бүгінде  еліне  қалтқысыз  қызмет 
етіп  жүрген  талай  ұстаздың  рухани  тірегі,  білім  қорының  өзегі 
екендігі,  өйткені  сол  кездегі  шәкірттің,  бүгінгі  ұстаздың  бірі 
менің өзім. 
 
Алпысбай 
Мұсаұлының 
тәрбиесін 
алған, 
дәрісін 
тыңдаған,  тағылымын  бойына  сіңірген  мыңдаған  шәкірттерінің 
атынан  ұстазыма  атаулы  мерейтойында    зор  денсаулық,  мол 
шығармашылық 
табыс, 
отбасының 
таусылмас 
бақытын 
тілеймін!  Ағай! Биылғы жыл  – сіздің  тойыңыз, сіз  білім берген 
шәкірттердің  тойы,  ғылым  мен  білімнің  тойы!  Қашан  да 
мәртебеңіз биік, абыройыңыз асқақ болсын!   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет