Жұмағалиева Р.Р.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университеті қазақ әдебиеті кафедрасының
аға оқытушысы, филология магистрі
- 76 -
Болашақ ғылым докторымен қызметтес болдық
Жерлесіміз Алпысбай Мұсаевтың ғылым докторы
атанғанын аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінен оқып,
Қазалы аулының тұрғындары, оның ішінде өзі бұрын жұмыс
істеген №100 қазақ орта мектебінің ұжымы қуанысып қалды.
Киелі Қазалы топырағының тағы бір перзенті ғылыми атақ
қорғап шыққанын білдік.
Жерлесіміз Алпысбай Мұсаев өмір жолын қатардағы
ұстаз болудан бастады. Ол Орал педагогикалық институтын
бітіріп келгеннен кейін, Қазалы қаласындағы №17 қазақ орта
мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары сыныптарға
сабақ берді. Содан ұмытпасам, 1974-1975 оқу жылында бізге –
Қазалы кеңшарындағы №100 қазақ орта мектебіне мектеп
директорының кластан тыс жөніндегі орынбасары болып
ауысты. Жоғары сыныптарға әдебиет пәнінен сабақ берді.
Сөйтіп 3-4 жыл Алпысбай Мұсаевпен бірге жұмыс істеуге тура
келді. Мен ол жылдары мектепте оқу ісінің меңгерушісі
болатынмын. Алпысбайдың зайыбы Айсұлу да мектепте
оқушыларға ағылшын тілінен сабақ берді. Мектепте жаңадан
келген екі жас маман көп кешікпей-ақ ауыл тұрғындары мен
мектеп ұжымы арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды.
Мектепішілік әртүрлі кештердің бел ортасында Алпысбай мен
Айсұлу екеуі қатар жүріп, көпшілікке мектеп оқушыларына
беймәлім қызықты ойындарды ұйымдастыратын. Жас кезі ғой,
кейде өздері де билеп кететін. Негізінен сол кездің өзінде
Алпысбай өз мамандығы бойынша көп ізденіп, көп оқып
жүретін. Сондықтан болар жоғары сыныптарда өткізген қазақ
әдебиеті сабағы тартымды, әрі қызықты жаңалықтарға толы
болатын. Бір жағынан Алпысбай да, келін де мәдениетті,
кішіпейіл, қарапайым әрі көпшіл, қонақшыл адамдар еді. Олар
кеңшарға жаңадан көшіп келгеніне қарамай, совхоздың байырғы
тұрғындарымен, мектептің мұғалімдер ұжымымен тез араласып
кетті. Бос уақыттарда әртүрлі мейрамдарда мұғалімдер бірінің
үйіне бірі барып, қонақ болып жиі қатынасып тұратынбыз.
Ортамызда әрдайым Алпысбай мен Айсұлу жүретін. Осындай
- 77 -
кештен бірде кеш қайттық. Қыстыгүні еді. Жердегі қар мұз
болып қатып қалған жол тайғанақ. Кешке мен 4-5 жасар кенже
баламды да шанаға отырғызып алып барғанмын. Себебі, соның
алдында ғана менің зайыбым қайтыс болып, 4 баламен
қалғанмын. Сол балалардың кенжесін кішкентай болған соң,
аракідік той-томалақ, шақырыспаға да алып баратыным бар-ды.
Қыстыгүні болған соң сол кенжемді бұл жолы да шанаға
отырғызып алып барған едім.
Қайтарда шананы тартып келе жатыр едім. Бір кезде
Алпысбай: «Ағай, шананы үйге дейін мен-ақ сүйреп барайын»,-
деп бала отырған шананы сүйреп ала жөнелді. Жер көк тайғақ.
Бір кезде шананы тартып келе жатырған Алпысбай аяғы тайып
кетіп құлап түсті. Сонда шанада отырған балам маған қарап:
«Папа, осы Мұсаев мас емес пе?» - демесі бар ма?! Біз
Алпысбайды көбінесе Мұсаев, Мұсаев дейтініміз бар-ды.
Бәріміз де күліп жатырмыз. Сол кенже балам қазір мектепте
мұғалім. Осы оқиға ұмытылмай әлі есімде жүр. Сол
Мұсаевымыз енді ғылым докторы. Енді ол туған жерінің,
халқының мақтанышына айналып отыр.
Мақсат Оразұлы
Кеңтүп ауылы.
- 78 -
Шұғылалы ғұмыр
Құрметті Алпысбай ағай!
Мерекелі де мерейлі 60 жасқа толып отырған
мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Алпыстың
асқаралы асуынан асып, ғұмырдың әдемі белесіне абыройлы
жеттіңіз. Өз өміріңіздің осынау өрнекті белесіне бойыңыздағы
көпке үлгі болар ізгі қасиеттеріңізді танытып, айналаңызға шуақ
шашып жүретін адами келбетіңізді көрсетіп келдіңіз.
Сізге
берілген
Батыс
Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
профессоры
академиялық
атағы,
ВАК
профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ЖҒА
мүше-корреспонденті сияқты атақтарыңыз бен дәрежелеріңіз,
ғылым саласындағы іргелі жетістіктеріңіз екеніне дәлел.
Осындай ардақты да, ақынжанды адамның арамызда жүргенін
мақтан етеміз.
Өмірдің өнер атты өлкесіне, өлеңіңізді гүл ғып ектіңіз, сіз
бірнеше жыр жинағының да авторысыз.
60 жас асқарыңыз рухани да, әсерлі, елеулі еңбектер
сыйласын
деген ниетпен, барлық істе де сәттіліктер тілеймін!
Жетістігін алып кеп алпыс жасың,
Бақытыңның баяны болсын басым.
Ақ таңыңыз әрдайым күліп атып,
Шуақ төккен көрікті күнге ұлассын!
Үлгі боп бізге жарқын жолың қалсын,
Тілегің әрдайым да орындалсын.
«Аман болсын , отбасың, айналаң»-деп,
Тілек айтты осы-бір қарындасың.
Шынайы тілекпен: 80- жылдардағы
шәкіртіңіз Нұғыманова Ақбілек Сейілханқызы
Ұлылықты ұлықтаған азамат
- 79 -
Дархан дарын иесі И.Гете: «Біліп қана қою – аз, сол
білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену аз, сол ниетіңді
іске асыруың керек» депті. Әр халықтың маңдайына біткен
танымал тұлғалары болатыны аян. Бір шетінен келесі өңіріне
дейін құс қанаты талып, араға сандаған күндер салып жететін
қазақ даласының әр аймағында да айтулы тұлғалар аз емес.
Сондай ірі ғалым, барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге
арнаған білікті ұстаз, филология ғылымдарының докторы,
профессор Алпысбай Мұсаұлы Мұсаев.
Осы бір үнемі ойлы да жинақы жүретін толқынды шашын
кейін қайыра, кездескен жанына сыпайы жымиып, нұрлы
жүзімен тіке қарап, көңіліңе шуақ құя, ішкі дүниеңе ерекше бір
жылу себе, өзіне етене жақын тартып алар қасиетімен адамды
бірден баурап алатын ұстаз. Мен оның алдында отырып, дәріс
алған шәкіртінің бірімін және ғылыми жолдағы ізденушісімін.
Осы уақыт ішінде сөйлеу машығымен, жүріс-тұрысымен ерекше
зиялылықтың, биязы мейірбандықтың, өз бойындағы шын
мәніндегі тектіліктің ықпалын үлгі етер әсері арқылы өмірлік
ұстазыма айналды. Мінезі жайсаң, жаны сұлу жан айтқанынан
гөрі, айтуға тиісті және іс жүзінде жүзеге асыратын маңызды
мәселелерге көңіл бөледі. Оған түрлі ғылыми мақалалары,
еңбектері, кітаптары дәлел. Бұл ұстазымды мен ғылым жолына
түсіп және дипломдық жұмысымды таңдар алдында етене
таныстым. Мәдени мұра бағдарламасы аясында жасалған игі
істердің ұйытқысы бола жүріп, өз сапарын Әйтеке би өңірінен
бастаған азамат, сол сапарының нәтижесінде үлкен құнды
еңбекті жарыққа шығарды. Осы ізбен маған да жетекші бола
отырып, тақырыбымды осы саладан алуға ұсынды. Мен оған
келісе кеттім, себебі Әйтеке би аймағы менің туған жерім, өскен
елім еді. Ағайдың қажырлы еңбегінің, табандылығының
арқасында қорғап шықтым.
Міне, сол азамат бүгінде 60 деген жастың асуына шығып
отыр. Құрметті ұстаз, қадірлі аға, сізді шын жүректен, шәкірттік
ықыласпен құттықтаймын. «Өмірде адам бол, одан қалды дана
бол» деп халқымыз бекер айтпаған. Сіздің бойыңыздан екі
- 80 -
асудың қатар қалыптасқанын көруге болады. Сіз, осынау
мәдени
мұраны
зерттеп,
бүкіл
ақын-жырау
шығармашылығының
қыр-сырын
меңгерген,
оны
болашағымыздың кәдесіне жаратуға белсене кіріскен, соны
дүниелерді жарыққа шығарған зерделі зерттеушісіз, қаламы
қарымды қайраткер ғалымсыз. Сіздің ғылымдағы сатира саласы
мен мәдени мұра бағдарламасын зерттеудегі жетістіктеріңіз
еңбекқорлық, ізденімпаздық, алға қойған мақсатқа жету
жолындағы
табанды
еңбегіңізбен
қоса
шәкірттеріңізге
ғылыммен айналысуға бағыт бағдар көрсетіп, ұстаздық ақыл-
кеңес бергеніңіз баршамызға аян.
Бүгінгі дүбірлі тойыңыз, жасыңыз тағы да құтты болсын
дей отыра деніңізге саулық, еңбек жолыңыз әрі қарай табысты
болуын тілеймін! Ғылымға, ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған
саналы ғұмырыңыз шәкірттеріңізге үлгі болып, қанатыңыз
талмай, өмірдің биік шыңдарынан көріне беріңіз! «Ғылым жолы
– Алла жолы» дегендей қаламыңыздың ұшы ешуақытта
мұқалмай, қайрат, жігеріңіз арта берсін деп тілек білдіремін!
Ізгі ниетпен тілек білдіруші шәкіртіңіз:
Т.Бигелдинов атындағы
Әуе қорғанысы күштері
әскери институтының оқытушысы М.Б. Боранбай
Шәкіртіне төгіп шуақ арайын...
- 81 -
Ұстаз ...
Ұстазды біз Күнге теңер едік.
Ұстаз – Күн. Күн жарық береді. Жарық беріп қана
қоймай, бүкіл әлемнің жандануына, тіршіліктің тірлігіне, барлық
қыбырлаған заттың өмір сүруіне мүмкіншілік береді. Әрбір
жанның бұл өмірде үлгі тұтар ұлағатты ұстазы болады. Ізгі
ниетті
ұстаздар
әрбір
шәкірттің
бойына
ақыл-білім,
адамгершілік қасиеттерін дарытады. Ардақты ұстаздың ерен
еңбегі, таудай талабы - әрбір шәкірттің жүрегіне ұя салған
жылылық. Иә, ұстаз да шәкірттерінің әрбіреуі бірде тәтті, бірде
ащы өмірде қайткен күнде де жақсы болсын деп маңдай терін
төгеді. Сол секілді шәкіртінің болашағына алаңдаушылық
білдіріп, әркез дұрыс жол сілтеп, ғылым-білім жолына
жетелейтін тәлімгер ғалым, филология ғылымдарының докторы,
профессор, ерекше жан Алпысбай Мұсаұлы Мұсаевтың ұрпақ
тәрбиелеудегі еңбегі өте зор. А.М.Мұсаев - өмір бойы өзіне
еңбекқорлық пен ізденушілікті серік етіп келе жатқан,
шәкірттерінің бойына үлкен сенім ұялатып, тек алға жетелейтін
ардақты жан.
Ол ұрпақ өсірді, ол өмір бойы ілім-білім жинап, онымен
туған халқына шапағат шашып келеді. Ол ұстаздық етіп, жас
ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда. Өзінің бүкіл
саналы
ғұмырында
Алпысбай
Мұсаұлы
адамгершілік,
ұйымдастырушылық, ғалымға тән аса зор ізденімпаздық секілді
асыл қасиеттерді бойына жинақтаған.
Профессор А.М.Мұсаев бірнеше монографиялар мен оқу
құралдарының, әдістемелік нұсқаулардың авторы. Ол қазақ
әдебиеттану ғылымының сатира мен юмор саласы бойынша
республикадағы бірден-бір жетекші маман болып саналады.
Алпысбай Мұсаұлы 1999 жылы «Қазақ прозасындағы сатира
мен юмор поэтикасы (1960-1990жылдар)» деген тақырыпта Әл-
Фараби атындағы Ұлттық университетінің мамандандырылған
кеңесінде докторлық диссертациясын қорғаған. Ғылыми кеңес
мүшелерінің құрамында қазақ әдебиеттану ғылымының белді
тұлғалары Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек Кәкішев, Зәки
- 82 -
Ахметовтар болған. Дәл осындай асыл тұлғалардың жоғары
бағасын алған ұлағатты ұстазымыз Алпысбай Мұсаұлынан
тәлім-тәрбие, білім алғанымызды қашан да мақтан етеміз.
Университет қабырғасында оқып жүрген кезімізде
А.М.Мұсаев «Көркем шығармадағы сатира» және «Қазақ
әдебиетінің драматургиясы» атты пәндер бойынша тағылымы
мол дәрістер оқыды. Ағайдың сабағы еркін түрде өтетін.
Алпысбай Мұсаұлының өзгелерден ерекшелігі – дәріс оқу
кезінде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты
тартымды, қызықты етіп өткізу. Әрбір дәріс сабағында қазіргі
қазақ
әдебиетінде
болып
жатқан
жаңалықтар
туралы
студенттерді құлақдар етіп отырады. Ал, дәріс сабағында
сатиралық шығармаларды талдаған кезде біз өзімізді театр
залында
отырғандай
сезінеміз.
Өйткені,
шығарма
кейіпкерлерінің
іс-әрекеттері,
қимыл-қозғалыстары,
мінез-
құлықтары көз алдыңнан өтіп жатқандай болады. Әрине, бұл
дәріс
оқушыға,
оның
дәріскерлік
шеберлігіне
тікелей
байланысты. Дәріс кезінде әрбір айтқан сөзі ойға қонымды,
жадыңда тез сақталады. Алпысбай Мұсаұлының тағылымы мол
дәрістерінен ерекше әсер алып, бір серпіліп қалатынбыз. Оның
дәрістері
өзінің
ерекшелігімен,
жүйелілігімен
жоғары
бағаланады.
Адамдардың бойындағы жалқаулық, мәдениетсіздік,
өтірік айту секілді жағымсыз қасиеттерді жаны сүймейтін ол
үнемі
шәкірттерін
адалдыққа,
адамгершілікке,
ізгілікке
тәрбиелейді. Шәкірттерін әлемнің сырына баулып, үлкен ғылым
жолына жетелейді. Әрбір шәкіртіне үлкен жауапкершілікпен
қарайды. Бүгінгі таңда А.Мұсаұлының шәкірттері елімізге
белгілі жандар. Олардың ішінде суырып салма ақын да,
ұлағатты ұстаз да, ғалым да бар.
Міне, бойына ақындық, ұстаздық, ғалымдық қасиеттерді
жинақтаған ұшан-теңіз дарын иесі, ардақты ұстазымыз 60 жасқа
келіп отыр. Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтай
отырып, сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, жанұяңызға амандық,
шығармашылық
табыстар
тілеймін.
Әлі
де
талай
- 83 -
шәкірттеріңіздің жүрегінде арманның есігін ашарда үміт алауын
жандыруға, өшпейтін өнеге, мол мұра қалдыруға тілектеспін.
Шәкіртіңіз
Марал Жонысова
* * *
Ыстық ықылас иесі
Дәріс
берген,
мамандыққа
баулыған,
ғылымға
жетелеген... Осының бәрі – ұстаздық қызметтің бір ғана жағы.
Ұстаздығы – тек белгілі мамандық тарапымен ғана шектелмей,
шәкірт бойына адамдық дәріс, кісілік өнеге, қазақы мәдениетті
дарыта
білген,
бүгінгі
таңда
алпыстың
алып
шыңын
бағындырған ұстазымыз Алпысбай Мұсаұлы жайында айтпау
мүмкін емес. «Әрине, шәкіртке дәріс тыңдатқандардың бәрін
түп-түгел ұстаз дей беру тағы қиын. Шын мәніндегі ұстаздар
сирек» деп академик Зейнолла Қабдолов айтпақшы, мен үшін
шын мәніндегі сирек ұстаздардың бірі – Алпысбай Мұсаұлы.
Ғұмырын ұстаздықтың жолына арнаған, білем деген жас
ұрпаққа үйретуден еш тайынбайтын, шәкіртін шәкіртіндей
көретін атына сай нағыз педагог. Қиынға құлаш сермеген бұл
таудай талаптың ақырғы нәтижесі баршаға мәлім. Ғылым
докторы. Профессор. Сатирик. Тағы басқа толып жатқан
атақтар. Бірақ осының бәрі – сыртқы көрінісі ғана. Ал ішкі
дүниесі теңдесіз құндылыққа толы.
Алпысбай ағайдың ғұмырын кино әлемі деп алар болсақ,
соның төрттен үші комедия секілді. Бәлкім, ағайдың сатирик
екендігінен болар, жүріс-тұрысы, көзқарасы, оқыған дәрісі,
сөйлеген сөзі, іс-қимылы – бәрі-бәрі түсінбейтін, тіпті
кейбіреулері үшін ағай жұмбақ жан да болатын.
Алпысбай ағай алдыңнан шықса болды, көз алдыңа
еріксіз күлген дәрістері қаз-қатар тізіле қалады. Сонымен бірге,
өзіне назарын ерекше аудартқан студенттерге жапсырма ат
қоюы, естен кетпес сәттеріңнің бірі. Қойғанда да жай атай салса
- 84 -
ғой, жо-о-қ, екінші ұмытпайтындай өлтіртіп қоятын. Болмысыңа
айнытпай, төбеңе жалт түскендей қоятын. Ағай жапсырма есім
берем десе, басым үлкен пәлеге қалды дей бер. Сосын оны жұрт
ұмыта ма?! Ағайдың сабағы басталса шын есіміңе ақ орамалмен
қол бұлғайсың, өйткені, бұл сабақта есімің басқа. Жақсы есім
берсе қанекей, ол кезде төбең көкке жетеді, ал керісінше болса,
онда құрыдың. Қалай болғанда да студенттің өз басынан
табатын ісі. Сол сабақта басты фигура сен және ағай тапқан
жаңа есімің. Жақсы болсын, жаман болсын, алғашында
қабағыңды қарс түйіп алып, екі ұртыңды томпайтып, бұртиып
аласың да, кейін үйреніп кеткен соң мән бермей қалатының тағы
бар. Расында сол есім өзіңнің екінші есіміңдей. Сөйтсек, мұның
да түбінде сатира жатқанын кейін түсінерсің. Сондай есімдердің
бірі – «Доцент», «Охран бастық», «Орынбасар», «Жолдас
«Н»».., т.б.
Одан әрі, есіңе оралары сабақ үстіндегі дәріс оқу барысы.
Оның
арғысын
айтпай-ақ
түсінетін
боларсың,
өйткені
сатириктердің дәрісі қандай екенін Алпысбай ағайдың сабағына
қатысып барып бір білерсің. Әрине, айтатыны жоқ, ағайдың
сабағы да комедия..
Тақырып ашу барысында тіпті орныңнан ұшып тұра кеп,
ағаймен бірге актер де болғың кеп кетеді. Бірақ сен – шәкіртсің,
ол – ұстаз. Ағайдың тағы бір ерекшелігі – осы қашықтықты
қатаң ұстайтындығында. Ұстаздың ұстаз, шәкірттің шәкірт
екенін білдіретін де осы қашықтық емес пе?! Алпысбай ағайды
төрт жыл танып, келсем де, өне бойындағы осы бір қасиет бірде-
бір үзілген емес. Лайым солай болғай. Ұстаздың алып жүрегі,
мейірімді жүзі, телегей теңіз білімі мен ақылы – тек менің емес,
күллі шәкірттерінің бір жапырақ жүрегінің дүрсілімен тұла
бойына әлі де дарып отыр деген сенімдемін.
Бұл – ұстаздың шәкіртіне қашықтықтан беріліп отыратын
әкелік ықылас, ағалық мейірім, тың арна, жаңа жол, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасатын ескірмес өсиеті.
Осындай ұстаздан дәріс алу мен үшін үлкен бақыт.
Құрметті Алпысбай Мұсаұлы! Бүгінгі мерейтойыңыз тағы да
құтты болсын дей отыра, Сізге зор денсаулық, шалқар шабыт,
- 85 -
қажымас қайрат және шаңырағыңыздың амандығын тілеймін.
Ұлтыңыздың ұлағаты азаймай, жұртыңыздың ырыс-құты
кемімесін, еңбегіңіз еселеніп, ғұмырыңыз ұзара берсін, ардақты
да абзал ұстазым!
Шәкіртіңіз
Отарбаева Нұрлыгүл
- 86 -
Ұстаз тойына
Алпыстың шығып бүгін шынарына,
Айналған сатирасы-сыңарына.
Тойыңыз тойыңызға жетелесін,
Ілігіңіз әлемнің ұранына.
Алпыстың шығып бүгін асқарына,
Сыйлаған қуанышын достарына.
Қаламыңыз әзілден қажымасын,
Ілігіңіз әлемнің дастанына.
Отыз жастың келіпсіз екеуіне,
Енді тағы жетіңіз жетеуіне.
Ондай жасты Жаратқан көпсінбесін,
700 еңбек жазыңыз өтеуіне.
Бұл алдың біле алдыңыз бағасын да,
Тұншықпай тек тіршілік сағасында.
Профессор, докторлық қорғап шықтың,
Жүріп-ақ жас өмірдің жағасында.
Отбасыңыз болсыншы оң қанатың,
Біз болайық жыр сүйер қолғанатың.
Сатираны сырлаған сырлы жүрек,
Шаршамай болсын әрі жалғанатын.
Жақсы өлең жазамын деп пайымдадым,
Көңілге жетсе екен деп уайымдадым.
Жинақтап бір ойымды біріктіріп,
Осындай жыр жолдарын дайындадым.
Шәкіртіңіз
Ақсамал Шамғонова
- 87 -
Асыл ұстаз һақында
Қай кезеңнің болмасын қызықты да, қиын ғылым саласын
ден қойып сараласақ, өз елінің әдебиетін танытып жүрген
білімді азаматтарының болуы даусыз. Қазіргі таңда асыл сөзді
ардақтаған асыл аға ұстазымыз, профессор А.М.Мұсаевтың бұл
қатарда болуы һақ. Себебі, А.Мұсаев нағыз асыл ұстаз, ғалым.
Асылдығы неде? Асыл деп екі қырына тоқталуға болады.
Біріншіден, жанының асылдығы. Ол ұлағатты ұстаз ретінде
әрбір шәкіртіне өз перзентіндей жанашырлықпен, қамқорлықпен
қарап, әрдайым ақылшы дос, әрі тәрбиеші бола біледі. Шәкірт
тәрбиелеуде өзінің ерекшелігі бар. Ол – юмор мен сатира.
Қалайша деп таңдануыңыз заңды. Оның сатирик ретінде бір рет
сын айтса болғаны «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші,
студенті өз сабасына түсе қалады.
Жеңіл жазасы – юмор. Сәл қателессек юмормен
қызартып, тәрбиелеп алады.
Қазақ халқы өмір бар жерде күлкі де бар деп есептеген.
Қандай қиын кезеңдерді басынан өткерсе де қызықтан да шет
қалмаған дана халық. Күле білу - өмір десе, күлдірте білу - өнер
деп есептеген. Жалпы халқымыздың бір мінезі ойын-қалжыңы
күнделікті өмірінде бір-бірімен қарым-қатынасынан да көрініс
тауып отырған. Мәселен, балдыз бен жезде, құда мен құдағи,
тіпті әзілің жарасса, атаңмен ойна деген де бар емес пе?! Осыны
біле тұра ұстаз шәкірт тәрбиелеуде аталған өнерін әдіс ретінде
қолданса игі іс емес пе ?!
Міне, осындай жанынан жылы леп есетін тұлғаны асыл
деу артық емес.
Екіншіден, филологияның асылы. Өмір бойы әдебиет
саласында тынбай еңбек етіп келе жатқан өз ісінің нағыз
маманы. Өз ісінің маманы аталу үшін мамандану қажет.
Мұсаевтың өмірбаян деректеріне көз жүгіртсек, оның білімін
шыңдаумен айналысып келе жатқандығын анық аңғаруға
болады. 40 жылдан астам уақытын білім алу мен білім беруге
арнайды. Ол оның нағыз ұстаздығын танытады. Себебі, ұстаз
болу оңай емес, ол үшін білім мен шыдамдылықтың шегі болмау
- 88 -
керек. Сонымен қатар, ұлы философ айтқандай «шәкірт -
шырақ, оны жандыра білу керек» бұл игі іс те ұстазға табыс
етіледі. Міне осы аталған қиындықтың біреуі де Алпысбай
Мұсаұлының ұстаздық жолына кедергі бола алмайды. Өйткені
ол табиғатынан шынайы ұстаз.
Күлкі адам өмірін ұзартады, әрі жасартады демекші
Мұсаев жаны жайдарлы, әрі заман ағымынан қалыс қалмайтын
жас ұстаз. Бұлай деуіміздің себебі неде? Ол юморист ретінде
жан-жағында болып жатқан құбылыстарды байқап, ой елегінен
өткізіп жүреді де, өткен мен бүгінгіні үндестіріп, алдында
отырған шәкірттерін қызықтыра алады. Мәселен, «Қазіргі қазақ
драматургиясы» курсын атар едім.
Мұсаев А.М. тек ұстаздығымен ғана танымал емес,
сонымен қатар ол ғалым. Көптеген монографиялар мен оқу
құралдарының, әдістемелік нұсқаулардың авторы. Мәселен,
«Қазіргі қазақ сатирасы», «Поэтика казахской сатиры», «Жанды
жүйе», «Рух бостандығының жаршысы», «Әйтеке би аймағының
этномәдени
мұрасы»,
«Көркемдік
кестесі»,
«Көркем
шығармадағы сатира», «Қазақ әдебиетінің оқу әдістемелік
кешені», «Қазақ прозасындағы жеке адам концепциясы».
Сонымен қатар, 100 баспа табақтан астам зерттеу еңбектері бар.
Еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде жарық көрген.
Ол
көптеген
халықаралық,
республикалық,
аймақтық
конференциялар
мен
симпозиумдарға
қатысып,
қазіргі
гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін көтеріп жүр.
Бұл әрине профессорға тән әмбебаптылық десек те болады.
Ойымды жазу барысында «Жақсының жақсылығын айт,
нұры тасысын» деген сөзді басшылыққа ала отырдым.
«Ұқыптыдан іліп ал!
Ұлттық мінез ұғып ал,
Ұят сақта, ұрынба!
Оян балам, ұйықтама!»
-Деп, ақылын айтатын
Ұлағатты Ұстазсыз!
- 89 -
Ұлағатты ұстазыма тағы да 60 жыл нұрға толы күндер
тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |