Педагог мәртебесі
Мақсаты:
Педагог мамандығының беделін көтеру.
Міндеттері:
1. Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
2. Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту.
Нысаналы индикатор:
Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.11.2012
№ 423
Жарлығымен.
Педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті
педагог қызметкерлердің үлесі (2015 жылы - 49%, 2020 жылы - 54%).
Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету
Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012
№ 423
Жарлығымен.
Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады.
2011 жылдан бастап:
«Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде орта, техникалық және кәсіптік,
жоғары білім беру салалары үшін ағылшынтілді педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі
;
еліміздің жоғары оқу орындарында көптілді білімді педагог кадрларды даярлау базалық
пәндер циклінде шет тілі бойынша кредиттердің көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асатын болады
. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламасының үш тілде оқытатын педагогтерді даярлау бөлігіне
өзгерістер енгізіледі;
педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған, педагог кадрларды
даярлайтын жоғары оқу орындарында бейіндік мектептер үшін мұғалімдерді мақсатты даярлауға
арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрлерінің бағдарламасы
жетілдіріледі;
жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы
жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
қамтамасыз етіледі.
2020 жылға дейін біліктілікті арттырудан жыл сайын 73,3 мың адам өтеді деп
жоспарлануда.
Біліктілікті арттыру курстары "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы"
акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім
беру ұйымының базасында педагогикалық шеберлік орталығында өтетін болады, онда курстық
даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер
ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат беріледі.
Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, біліктілікті арттыру жүйесінің
бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, ұйымдастыру моделін реформалау
көзделеді.
Қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын
қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мақсатында олар интерактивті жабдықтармен
жарақтандырылады.
Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің педагог кадрларының
біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс арттырылады. Оның ішінде мына мамандар үшін:
мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктірілген түрде оқыту (
инклюзивті білім);
даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.
ТжКБ жүйесінде:
жыл сайын педагог қызметкерлер білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар базасында
біліктілігін арттырып отырады;
арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілігін арттырады
және әлеуметтік әріптестер есебінен кәсіпорындарда, оның ішінде шетелде тағылымдамадан
өтеді.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы
отандық және шетелдік өнеркәсіп кәсіпорындармен жоғары оқу орындарын көпжақты біріктіру
мақсатында жыл сайын шетелде профессор-оқытушы құрамның (бұдан әрі – ПОҚ) біліктілігін
арттыру ұйымдастырылады.
Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту
Педагогтің кәсіби мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар атқарылады.
Педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі әзірленеді, ол:
біліктілік санатына қарап, педагог қызметкерлердің қызметтік жалақысының көлемін
есептеу үшін қолданылатын сараланған коэффициенттерді енгізуді;
нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігін енгізуді көздейді.
Атқарылған шаралар нәтижесінде педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылға
қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды.
ҚР ЕХӘҚМ жүргізетін ұзақ мерзімді кезеңдегі зейнетақы төлемінің болжауы бойынша
есептеулер, талдамалық және экономикалық зерттеулер шеңберінде азаматтарды, оның ішінде
педагогтерді зейнетақымен қамтамасыз ету жетілдіріледі.
Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда.
Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде педагог қызметіне
икемділік деңгейін анықтауға арналған шығармашылық емтихан енгізілетін болады.
Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті деңгей көтерілетін болады.
Бірінші және жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау мақсатында
педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қарастырылатын болады.
2016 жылдан бастап 5 жылда бір рет аттестаттау түрінде, оның ішінде жұмысқа алғаш
рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер
біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа
кіру қағидалары әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді
көздейді.
Бейіндік мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр
дәрежесінің болуы көтермеленеді.
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін
қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін біліктілік деңгейін
бағалау тәуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.
Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-әдістемелік қызметі туралы
есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың ата-аналары) мен жұртшылықтың
пікіртерімі рәсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.
Математика мұғалімдері TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге (Teacher
Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта
буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.
Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін
қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады: «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ
жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер
әулеттерінің слеттері, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар,
семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер.
Білім беру менеджменті
Мақсаты:
Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару
принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру.
2. Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық
талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру.
Нысаналы индикаторлар:
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы – 45 %, 2020 жылы –
60 %).
Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және
қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 100 %).
Білім беруді басқару жүйесі
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен
серпінділігін талап етеді.
Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың әртүрлі топтары да
тартылады.
МЖӘ-ні ілгерілету үшін әлеуметтік тапсырыс жүйесі мен грант немесе басқа тетіктер
түрінде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың қызметін мемлекеттік қаржыландыру
тетіктері жетілдірілетін болады. МЖӘ-нің ұзақ мерзімді тетігінің негізі ретінде үкіметтік
емес секторды жүйелі қаржыландыру қарастырылатын болады.
Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы қамқоршылық кеңестер
түрінде жүзеге асырылады.
Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің пәрменді қоғамдық қатысу тетігі
әзірленетін болады.
Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру және кәсіптік
қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының есебінен қамқоршылық
кеңестің рөлі өседі.
Білім жүйесінің корпоративтілігін, айқындылығын қамтамасыз ету үшін оқу орындарында
қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық және
өңірлік кеңестер жұмыс істейтін болады.
Білім беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері жөнінде
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізілгеннен кейін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесі бар
ЖОО-ларда корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады: басқарудағы алқалылық,
қызмет көрсетудегі дербестік, қызмет нәтижесі бойынша есеп берушілік, қызметтің айқындығы
, жауапкершілік. Корпоративтік басқару принциптері басқарушылық қызметтің үш негізгі
аспектісін көздейді: стратегияны қабылдау, бюджетті бекіту, кадр саясаты.
Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративтік басқару принциптері 2020 жылға қарай
азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгізілетін болады.
2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтерден басқарудың
жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды талап ететін нәтижеге
бағдарланған жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.
Тәрбие жұмысы саласында ЖОО-да тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторингтеу, нәтижелерді
бағалау және бақылау жүйелерін жетілдіру, сонымен қатар басқару жүйесін күшейту бойынша
шаралар қабылданатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім жүйесінің басшы қызметкерлерінің
білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын
болады.
Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының басшы
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын
болады.
Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар білім беру
ұйымдарының басшылары болып танылады.
2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау тетігі, олардың сайлануы бөлігінде
қайта қаралатын болады.
Корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Білім беру ұйымдарының қызметін «ашықтығын» қамтамасыз ету мен ЖОО-ларда жемқорлық
пайызын төмендету үшін әлеуметтік зерттеулер мен акциялар жүргізілетін болады.
Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі
Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіндегі принциптердің бірі мониторинг
нәтижелерін ескере отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру принципі болып табылады.
Ұлттық және өңірлік деңгейдегі білім беру нәтижелері мен әлеуметтік әсерлердің
жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында басқарудың ақпараттық базасы және даму жолдарын
болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа жету
үшін Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы Ұлттық білім беру статистикасы және
бағалау (бұдан әрі – ҰБСБО) орталығы болып өзгертіледі.
Бұл үшін:
барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін (бұдан әрі – БСБҰЖ)
енгізу жалғастырылады;
ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және АҚШ халықаралық білім беру статистикасының талаптарын ескере
отырып ұлттық білім беру статистикасы әзірленеді;
бастапқы мәліметтер негізінде білім беру статистикасының бірыңғай базасы құрылады;
білім беруді басқару жүйесінің инфрақұрылымы кеңейтіледі.
Мониторингтік зерттеулер жүргізетін болады. Басқару шешімдерін қабылдау үшін
мониторинг нәтижелері бойынша білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы
облыстық баяндамалар жарияланып отырады.
2013 жылдан бастап білім беру статистикасының жинағы жыл сайын басылып шығатын
болады. БМ-ның және ҰБСБО-ның сайттарында жинақтың электрондық нұсқасы орналастырылады.
Оқытудың барлық деңгейі бойынша оқушылардың, педагогтердің бірыңғай базасы құрылатын
болады.
2015 жылға қарай статистикалық деректердің бытыраңқы электрондық базалары білім
беру статистикасының бірыңғай базасына біріктіріледі. Аталған база бастапқы деректер
негізінде толықтырылып (мектеп, колледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны
бағалау қызметтері және т.б.), ҚР БМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай әкімшілік
есептіліктің барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз етіледі.
Әртүрлі бейінді және даярлық деңгейіндегі мамандар қажеттілігін бағалау мемлекеттік
реттеу тетіктерін тұжырымдау және ел экономикасының, басқару мен әлеуметтік саласының
қажеттілігіне сәйкес мамандар даярлауды ынталандыру үшін арналған еңбек нарығын
мониторингтеу, талдау және болжау жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.
«E-learning» электрондық оқыту
Мақсаты:
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен
технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Міндеті:
Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикатор:
Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы – 50 %, 2020
жылы – 90 %).
Электрондық оқытуды енгізу
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін,
сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Электрондық оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді талап етеді.
2012 жылға қарай жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің МЖБС-на, электрондық
оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖБС-на электрондық оқыту
жүйесінде жұмыс жасау үшін педагог кадрларды даярлау бөлігінде өзгерістер енгізілетін
болады.
Электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық оқулықтарды және
оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК) жасауға арналған талаптар, жүйені
қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламент (
электрондық оқыту жүйесін сүйемелдеу және қолдану) әзірленеді және бекітіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) – педагогтердің
құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту
жүйесін пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет.
2011 жылдан бастап педагогтердің электрондық оқыту жүйесін пайдалану мен қолдану
бойынша біліктілігін арттыру басталады деп көзделіп отыр.
Электрондық оқыту жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді қалалар мен
облыстардың білім беру басқармалары жанындағы Білім берудегі жаңа технологиялардың
өңірлік орталықтары жүзеге асыратын болады.
Электрондық білім беруге арналған электрондық ресурстармен және контентпен
қамтамасыз ету – мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жүзеге асырылады.
Технологиялық инфрақұрылымды дамыту білім беру ұйымдарын өткізу мүмкіндігі 4–10
Мбит/сек. Интернет жүйесіне қосуды көздейді.
Интернет желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы қосылатын болады.
Бірінші кезекте – ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін
мектептер.
Кең жолақты Интернетке (бұдан әрі – КЖИ-ға) қосылу, электрондық білім беру жүйесі
үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау
мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес жүргізілетін болады.
Білім беру ұйымдарының 90 %-ының қажетті оқу ресурстары бар Интернет-ресурстары
болады.
Негізгі және бейіндік орта мектепте оқытылатын әрбір пән бойынша интерактивті және
зияткерлік цифрлы білім беру ресурстары әзірленетін болады.
Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлы білім беру контентімен (
қандай да бір ақпараттық ресурспен – мәтін, кескіндеу, музыка, бейне, дыбыс және т.б.,
толықтыру (мысалы: интернет ресурстар контенті) ашық қолжетімділікте толық қамтамасыз ету
жоспарланып отыр.
Оқытушылар жасаған электрондық білім беру ресурстары (медиатекаларды бір орталықтан
құру және ресурстармен толтыру) дамытылады.
Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті
жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлерімен, КЖИ-мен қамтамасыз
ету және т.б.
2011 жылы әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер,
кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін
жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып
журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен
кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік
және т.б. жіберу) толтыратын болады.
Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа
келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе
әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы
жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты
болады.
2015 жылға қарай жетекші шетелдік ЖОО-лардың үлгісі қалпы бойынша университеттік
порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең жолақты Интернетке қол жеткізу 100 %
қамтамасыз етіледі. ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары
оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мақсаты:
Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды
мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі
бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.
Нысаналы индикатор:
Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.11.2012
№ 423
Жарлығымен.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (
2015 жылы - 74%, 2020 жылы - 100%).
Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту
2020 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
100% қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар желісі дамитын болады.
Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзету және
инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін барлық балабақшалардың
жалпы санынан түзеу және инклюзивті білім кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін
ұлғаяды.
Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының желісін сақтау және ұлғайту мақсатында
Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы
балабақшалар ашылады. Мектепке дейінгі арнайы түзеу ұйымдарының үлесі олардың жалпы
санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергісіз қол
жеткізу үшін жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесі олардың жалпы санынан 2011 жылы 1
%-дан 2020 жылы 10 %-ға дейін ұлғаяды.
Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету
"Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары, сондай-ақ "Балбөбек", "Қайнар" және т.б. сияқты бірқатар баламалы
бағдарламалар жаңартылатын болады;
480408 орын енгізіледі, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі
тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз етеді;
2015 жылға дейін жоғары оқу орындарында және ТжКБ ұйымдарында мектепке дейінгі
білім беретін 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер даярланады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қайта даярлау жүзеге асырылады.
2020 жылға қарай:
өңірлердің ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі модельдерінің
жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оңтүстік өңірлерде – жекеменшік коттедждердегі
балабақшалар, жұмысқа отбасы мүшелерін тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5–6 балаға
арналған отбасылық балабақшалар. Солтүстік өңірлерде – оқушылық орынның профициті
есебінен жалпы білім беретін мектептер базасында шағын орталықтар. Қалаларда тұрғын үй
кешендерінің төменгі қабаттарында – шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар.
Барлық өңірде – «Мектеп-бақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшалардың баламасы ірі
компаниялар, ұйымдар, кәсіпорындар жанындағы балабақшалар болады;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан 662 мыңға дейін
көбейтіледі;
балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелік нормаларына (бөбектер тобы –
17, орта – 22, ересектер – 27) сәйкес 27-ден (ел бойынша орташа) 22-ге дейін азайтылды;
мектепке дейінгі жастағы барлық бала санынан мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан 100 %-ға дейін көбейтіледі.
10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзірленеді, оның ішінде 2016 жылы – 8, 2017
жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы – 8 бірлік.
Орта білім
Мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі
және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық
игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу.
Міндеттері:
1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру
.
2. ШЖМ проблемаларын шешу.
3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
Нысаналы индикаторлар:
2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы – 1, 5
, 11-сыныптар).
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде Қазақстанның барлық
өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы – 20).
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жетік
меңгерген оқушылардың үлесі (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 70 %).
Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық
салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері (2015 жылы: PISA – 50–55 орын, TIMSS – 10–15
орын, 2020 жылы: PISA – 40–50 орын, TIMSS – 10–12 орын, PIRLS – 10–15 орын). Инклюзивті
білім үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан артады (2015 жылы
– 30 %, 2020 жылы – 70 %).
Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу
Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012
№ 423
Жарлығымен.
Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты
. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі – әрбір мектепте тұлғаның
адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру:
өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен
отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады.
Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзін-өзі танудың негізін,
жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
Типтік оқу жоспарлары және бағдарламалары:
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға;
білім алудағы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге
және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;
ақпараттар мен технологияларды басқара білуге және проблемаларды шешуге;
іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталған.
2011 жылы бастауыш білімнің жоспарлары және бағдарламалары жаңартылады, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің
құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленеді.
2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибе элементтері (мұғалімдердің
біліктілігін арттыру, оқыту әдістемелері және технологиялары) білім беру жүйесіне
енгізілетін болады.
2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС-мен
біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (
әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.) оқу жүктемесін
көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.
2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық
бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан
өткізіледі.
Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу
білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма және оқулықтар мен ОӘК-ні
бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу
функциялары бөлінеді.
2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделінің бағдарламасы бойынша оқулықтар мен ОӘК
әзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді.
2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың, 2016 жылы 3, 4, 7-
сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық моделінің
бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-лер дайындалады.
Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тізбеге енгізілген математика,
жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар
қолданылатын болады.
2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті
бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дәйекті көшу мынадай сызба бойынша басталады:
Жылдар
Оқытудың 12 жылдық бағдарламасы
бойынша
Оқытудың 11 жылдық
бағдарламасы бойынша
2015 – 2016
1, 5, 11
2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11
2016 – 2017
1, 2, 5, 6, 11, 12
3, 4, 7, 8, 9
2017 – 2018
1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12
4, 8, 9
2018 – 2019
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12
9
2019 – 2020
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11,
12
11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына көшу 2015 – 2016
оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің
11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.
Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы саны шамамен
2,7 млн. баланы құрайды.
Олардың ішінде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың баладан аса (
шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150 мың). Сынып-жинақтардың
болжамды саны – шамамен 30 мың;
5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 13 мың;
11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды саны – 8 мыңнан астам
.
2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың,
зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары
сыныптарында «Бейіндік мектеп» бейінді оқу бағдарламасы іске асырылады. Бейіндік мектепке
қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
Бейіндік мектепте оқуды 10-сынып бітірушілерінің 60 %-ы жалғастырады деп
болжамданып отыр. Осы ретте бейіндік мектеп ашу, оның ішінде жатақханамен, оның
жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу
орындарының базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады.
Бейіндік мектепте (11 – 12-сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкіндігі қарастырылатын 40
жоғары оқу орны анықталған.
Жинақталған тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2015 жылдан бастап
Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын
болады. Орта кәсіптік білімнің бөлек білім бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (
қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы
бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |