Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде



бет10/11
Дата02.02.2023
өлшемі316,5 Kb.
#64657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kur -kasiporynnyn-ondiris-tiimdiligin-arttyru-zholdary-qazhrom

қорытынды

Курстық жұмысты жазу нәтижесі төмендегідей тұжырымдар мен ұсы- ныстар жасауға мүмкіндік береді:


Жаһандық экономиканың ғаламдануы аясында ҚР экономикасы бірқа-тар мәселелерге тап болып отыр: өндірістің біржақты, шикізаттық бағыты, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі,ел ішінднгі салааралық және ай- мақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өн дірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми зерттеу және тәжі рибе– конструкторлықжұмыстарға қаржының аз бөлінуі, менеджменттің эко- номиканың ғаламдану процестеріне және сервистік –технологиялық деңгейге өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.Сол себептен нарықтық қатынас-тардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өндіріс тиімділігін арттыру өте маңызды. Себебі кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өнімділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан кәсіпорын нарықтық по-зицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады.
Өндірістің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономика– лық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына бай–ланысты. Өндіріс аясында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі. Даму дегеніміз – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, технология және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігінің артуы.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейіндегі жоғары бәсе-ке қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын ұйымдастыру.
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі – кәсіпорынның қысқа, орта, ұзақ мерзімдердің нәтижелеріне бағытталған кәсіпорын әзірленген стратегиясына тәуелді (кәсіпорын потенциялының ең жақсы пайдаланылып және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін) экономикалық категория болып табылады.
Өндіріс тиімділігін пайдалану – оның тәуелді болатын факторларына мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділі- гін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс ба– лағандығымен анықталады.Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар: Ғ.Т.П. – нің жеделдеуі. өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;басқа әдістері мен жүйесін жетілдіру;өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет