Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде


Объектінің дамуын стратегиялық жоспарлау бойынша ұйымдастыру



бет9/11
Дата02.02.2023
өлшемі316,5 Kb.
#64657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kur -kasiporynnyn-ondiris-tiimdiligin-arttyru-zholdary-qazhrom

Объектінің дамуын стратегиялық жоспарлау бойынша ұйымдастыру

3- сурет. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан стратегиялық жоспарлаудың сатылары
Фирма стратегиясы таңдап алынған соң жүзеге асыру жөніндегі күрде - лі жұмыс басталады. Ол үш міндетті атқаруға бағытталады. 1 –ден, ұйым жү- зеге асыратын стратегияға сәйкес әкімшілік міндеттерге басымдық беру. Бұл жұмыс ресурстарды бөлу, ұйымдық қатынастар орнату, көмекші жүйелер құ- ру және тағы басқа міндеттерге қатысты. 2 – ден, осы таңдалған стратегия мен ұйым ішіндегі үдерістер арасында сәйкестік орнату. Сәйкестік ұйымның мынадай сипаттамалары бойынша орнатылуы тиіс: оның құрылымы, ынта - ландыру жүйесі, мінез – құлық тәртіптері мен нормалары, ортақ құндылық- тар, менеджерлер мен қызметкерлердің мамандануы. 3 – ден, жүзеге асыры- латын стратегияға сәйкес лидерлік стиль мен ұйымды басқару тәсілдерін тал- дау. Осы үш міндет өзгерістер жасау жолымен орындалады.
Стратегияны әзірлеуде қолданылатын мынадай негізгі әдістер бар:
Негізгі стратегиялық тәсіл. Кәсіпорын меңгерушісі стратегияны әзір- леу, оның тиімді жақтарын бағалауға өзі арнайы қатысады. Басқарушының стратегияны әзірлеудегі қосатын үлесі көп.
Өкілеттілікті табыстау тәсілі. Кәсіпорын меңгерушісі стратегия әзір- леуді бөлімшелер мен қол астындағы қызметкерлерге жүктейді. Дайын бол- ған соң өзі тексеріп, бекітеді. Мұндай тәсіл кәсіпорынның ағымдағы мәселе- сін шешуге бағытталған қысқа мерзімдік стртегияда қолданылмайды.
Коллаборационистік (бірлескен) тәсіл. Жоғарыда көрсетілген екі нұсқаның (тәсілдің) арасындағы тәсіл. Мұнда басқарушы қол астындағы стратегияны әзірлеушілер де, оны орындаушылар да бір болып табылады.
Инициативті тәсіл. Мұнда басқарушы стратегияны әзірлеуге, онымен айналысып жатқан топты басқаруға да қызығушылық танытпайды. Бұл тәсіл-ді қолдануда басқарушы өзінің қол астындағы қызметкерлер мен менеджер – лерді дұрыс стратегияны әзірлеуге, қорғауға және іске асыруға ынталандыра-ды. Ең бастысы – жаңа стратегиялық бастамаларды тиімді ұйымдастырып, ынталандыру мен марапаттап отыру.
Сонымен, кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет