Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде


Нарық жағдайындағы өндірістің тиімділігін арттыру жолдары



бет2/11
Дата02.02.2023
өлшемі316,5 Kb.
#64657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kur -kasiporynnyn-ondiris-tiimdiligin-arttyru-zholdary-qazhrom

1 Нарық жағдайындағы өндірістің тиімділігін арттыру жолдары

    1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі: кәсіпорындар
арасындағы бәсекенің артуына, өндірістік шығындардың жоғары болуына, өткізу нарығының қысқаруына, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсізді-
гіне, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық
өсуі және дамуы адам ресурстарын және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуы-на, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады.
Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзге-
ріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және өн-
діріс көлемінің кеңеюі ( өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар саны –
ның артуы ). Даму дегеніміз – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және
жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, тех –
нология және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындардың бірден -бір мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсе-
кеге қабілетті өнім өндірітен кәсіпорынға айналу. Ол үшін кәсіпорынның жұ-
мысшылары мен акционерлерінің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен
қатар кәсіпорынның жабдықтаушылары мен тұтынушылардың талаптарын
ескеру қажет.
Өндірістің экононмикалық тиімділігі мәселесі бойынша көптеген пікір
лер бар. Экономика саласының ғалымдары өз пікір – тұжырымдамаларын
ұсынған.
Кейбір ғалымдар өндіріс тиімділігінің артуы келесі жағдайда болады
деп есептейді, егер бір өнімді шығаруда мүмкін болғанша еңбек шығындарын ең төменгі деңгейде қолдану. Басқаларының ойынша өндірістің эконокалық тиімділігі - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламдық өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипат-
тайды. Карл Маркс былай деген «уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұ – мыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда». өнім бірлігіне еңбек шы – ғынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табыла-
ды.
Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз – ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелі –
лігі. Ал М. Н.Тимохинның айтуынша , өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі –бұл
оның барлық объективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсе-
тетін күрделі категория.
А.П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д.Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, кеңінен:

  • жұмыс күшін пайдалану тиімділігі (өнімділік – бір жұмысшыға өнім өндіру);

  • өндіріс тиімділігі (өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы);

  • қаржылық тиімділік (активтердің айналымдығы – кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі).

Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда
шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қыз – метін талдау барысында оны технологиялық және экономикалық әдістер ар – қылы қарастырғаны тиімді. Мысалы, өндіріс технологиялық әдіспен өз жағ – дайын талдаған кезде; тұрақты өнім көлемін өндіру барысында өнім өндіру көлемі көп, ал ресурстардың шығыны аз болса, онда өндіріс тиімді болып есептеледі. Ал экономикалық тиімділікке жету үшін, кәсіпорын өндіріс үрді – сінде пайдаланатын ресурстардың баламалық құнын минималдау керек. Осы ның негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жа – татын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің
нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс
тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б. көмегімен өлшенеді.
Өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді болады. Стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Со – нымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықтық экономиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиім – ділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді: шаруашылық қызмет нәтижесі жә-
не өндіру шығындары. Ең басты – нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс пен шығындардың қатынасы. өн – діріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі страттегиялық қағидалар-
ды ескеру қажет:

  • шығармашылық әдіс – кәсіпорынның болашағын көре білу;

  • инновация – техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен нарықтық саясатты жаңарту;

  • икемділік – нарық талаптарына сай өзгерістер енгізіп отыру;

  • кәсіпорын қызметіне үнемі баға беріп отыру;

  • S.W.O.T. анализ – кәсіпорынның дамуының әлсіз және күшті жақтарына баға беру;

  • мотивация – персоналды ынталандыру.

Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпыға бірдей стратегиясы жоқ, сон – дықтан әр кәсіпорын оны жекеше әзірлейді.
Стратегия кәсіпорынның нарықтағы үлесіне, әлеуметіне, бәсекелестері- не, өнім ерекшеліктеріне және т.б. факторларға тәуелді болады. Бірақ страте-
гияны әзірлеудің негізін қараушы мөлшері мен нақты модельдері болады:

  • жаңа өнім әзірлеу және өнім сапасын жақсарту;

  • нарықтың дамуын ескеру;

  • менеджментті (басқаруды) жетілдіру;

  • диверсификация (әртараптандыру).

Бірақ нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысы- на кедергі келтіретін көптеген факторлар бар. Мысалы:

  • кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясының болмауы және қысқа мерзімде нәтижеге бағытталу;

  • нарық конъюктурасын білмеу;

  • персонал мен менеджмент біліктілігінің төмен деңгейі;

  • жұмысшылардың еңбекке деген ынталарының болмауы;

  • қаржы менеджменті мен өндірістік шығындарды басқарудың тиімсіздігі.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді.Сондықтан оны артты –ру негізгі мақсат. Ол мына шаралар арқылы жүзеге асады:

  • өндірістің технологиялық базасын дамыту;

  • өндірістегі инновация;

  • өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;

  • инвестициялық саясатты оңтайландыру;

  • өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.

Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын олады төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді:

  • өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүелі үнемін жүзеге асыру;

  • төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау, бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;

  • жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;

  • шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;

  • ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілуін және сақталуын бақылау.

Өнімділік көрсеткіші –бұл белгілі бір уақыт кезеңінде өндірілген өнім санының осы өнімді өндіруде қолданылған ресурстар көлеміне қатынасы.
Өнімділікті өлшеудің екі тобы бар:
Біріншісі өнімділіктің статикалық коэфицентінен тұрады. Бұл белгілі
бір уақыт кезеңінде жұмсалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өл- шемі.
Екіншісіне өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен ке – зеңдегі өнімділіктің статикалық коэфицентіне бөлінген белгілі бір мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэфиценті. Әрбір топтың ішінде өнімділікті өлшеудің үш типі болады: жеке факторлық, көп факторлық және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқай – сысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды. Бірақ олар бөлгіште есеп-
ке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрле- рі жағынан бір – біріне ерекшеленеді.
Егер ресурстардың бір түрі туралы сөз қозғалатын болса, онда бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділік көрсеткіші). Мұның келесідей нысандары көп тараған:

  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағытты шығарылған өнім;

  • бір адамның шығарған өнімі.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері бүкіл өндірістік процестің тиімділігін сипаттайды, бірақ әртүрлі динамикада болады. Мысалы, капитал қайтарымы төмендеуі, ал материал қайтарамы өсуі мүмкін.
Сәйкесінше, бұлардың қозғалыс бағыттары әртүрлі болғандықтан, ка – питал салымын бағалауда қайшылықтар туады. Сондықтан өзара алмастырушы ресурстарды қолдану жөнінде балама шешім болатын болса, шаруашылық шешімді жалпы бағалау үшін шығындар бөлігінде өндірістік процестің барлық негізгі материалдық факторлары болатын коөрсеткіштері қажет.
Бір жұмысшы өндірген өнім көлемінің өсуі тек өндірісті жақсы ұйым – дастыру арқылы емес, сонымен қатар тірі еңбектің техникалық жарақтанды – рылуын жоғарлату арқылы да жүреді. Осыдан өнімділіктің көп факторлы көрсеткіштерін есептеу қажеттігі туындайды.
Көп факторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде төмендегілер болады:

  • ағымдағы шығындар (жұмысшы күшін, шикізаттар мен материалдарды және т.б. сатып алуға жұмсалатын шығындар);

  • қолданылған шығындар;

  • аралас бағалау.

Өзара алмасатын факторларды есепке алу үшін, өнімділікті есептегенде өндірістің барлық факторларын бөлгіште біріктірген ұтымды болады. Жиын- тық өнімділікті өлшеудің осындай әдісін көбінесе корпорацияның жалпы қызметтерін талдауда және көптеген шешуші факторларды қолданатын сала- ларда қолданған жөн.
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін бас-
қару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:

  1. өнім көбейеді, шығындар азаяды;

  2. өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;

  3. өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;

  4. өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;

  5. өнім азаяды, шығындар төмендейді (шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады).

Сонымен өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет