Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы


-тарау. Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру



бет4/17
Дата27.03.2022
өлшемі112,14 Kb.
#28928
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
?@8 07 07

3-тарау. Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

6. Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі-ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде (бұдан әрі- МӘМС) көрсетіледі.

7. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету медициналық көмектің мынадай нысандарында жүзеге асырылады:

1) консультациялық-диагностикалық;

2) стационарды алмастыратын;

3) стационарлық;

4) санитариялық авиация;

8. Жарақаттары мен сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары бар пациенттерге шұғыл медициналық көмек денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдарында жүзеге асырылады.

9. Жарақаттары және сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары бар пациенттерге жоспарлы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету құрамында хирургиялық, травматологиялық бөлімшесі, төсектері бар МҰ-да емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Травматологиялық және ортопедиялық медициналық көмек көрсету мыналарды қамтиды:

1) амбулаториялық-емханалық деңгейде:

пациенттің жай-күйін анықтау және диагноз қою мақсатында медицина қызметкерінің қарап-тексеруі;

диагнозды верификациялау мақсатында пациентті зертханалық және аспаптық тексеру;

стационарлық медициналық көмек көрсету үшін емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберу;

2) стационарлық деңгейде:

бар нозологияға және медициналық стандарттарға сәйкес емдеуді іріктеу мен тағайындауды емдеуші дәрігер жүзеге асырады;

тағайындалған емді жүргізу;

дәрігердің күнделікті тексеруі, емдеуді түзету;

тексеру, бөлім меңгерушісінің консультациясы;

қажет болған жағдайда мамандардың консультацияларын өткізу;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдеу;

құжаттаманы ресімдей отырып, пациентті шығару және науқастың қолына сырқатнамадан және еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан үзінді көшірме беру.

11. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде азамат жеке куәлігін, емдеуге жатқызу коды мен пациент туралы деректері бар стационар қойған жоспарлы емдеуге жатқызу күні көрсетілген емдеуге жатқызу талонын ұсынады.

Қабылдау бөлімшесінің дәрігері стационардағы науқастың медициналық картасын (№003/е нысаны) (бұдан әрі – медициналық карта) пациентте емдеуге жатқызуға медициналық көрсетілімдері және оған медициналық көмек көрсетуге жазбаша келісімі болған кезде толтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет