4-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
12. СБЖ жарақаттары бар пациенттерге жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) кодекстің 121-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылады
13. ЖМК бригадасы сүйек-бұлшықет жүйесі (бұдан әрі – СБЖ) жарақаттары бар пациенттерді тәулік бойы травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсететін МҰ-ға жеткізеді.
14. СБЖ жарақаттары бар пациенттерге кезек күттірмейтін медициналық көмек травматологиялық пункттерде( бұдан әрі-травмпункт), амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеттерінде, сондай-ақ көпбейінді (аудандық, қалалық, облыстық) ауруханалардың стационарлық бөлімшелерінде көрсетіледі.
15. СБЖ жарақаттары бар пациенттер МҰ травмпунктіне, травматологиялық-ортопедиялық көмек бөлімшесіне (кабинетіне) өз бетінше жүгінген кезде травматолог-дәрігер пациенттің жалпы жағдайын, оның травматологиялық-ортопедиялық мәртебесін бағалайды, шұғыл медициналық көмек көрсетеді, диагнозды нақтылау үшін және стационарда медициналық көмек көрсетуді талап ететін жағдайларда медициналық көрсетілімдер кезінде қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулердің қажеттілігін айқындайды, пациентті тәулік бойы жұмыс істейтін травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетілетін тиісті бөлімшелерге жібереді.
16. СБЖ жарақаты бар пациентте емдеуге жатқызуға медициналық көрсетілімдер болмаған кезде, амбулаториялық емдеу негізінен тіркелген жері бойынша жүргізіледі. Пациенттің қолына диагнозы, көрсетілген емдеу-диагностикалық іс-шаралары, әрі қарай бақылау және емдеу ұсыныстары көрсетілген анықтама беріледі.
.
17. Стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде СБЖ жарақаттары бар пациенттер травматология және ортопедия бөлімшесіне, сондай-ақ өз құрамында травматологиялық-ортопедиялық төсектері бар хирургиялық бөлімшеге, көптеген және жанамаласқан жарақаттар бөлімшесіне, стационарлық МҰ күйік бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.
18. Жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсету үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде ЖТМҚ көрсететін МҰ-ға СБЖ жарақаттары бар пациенттер көмектің осы түрін алу үшін жіберіледі.
19. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитариялық көмек шеңберінде травматологиялық-ортопедиялық көмекті хирург дәрігерлер, травматолог-ортопед дәрігерлер көрсетеді.
20. Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету кезеңдерінде диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |