Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы


-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру



бет8/17
Дата27.03.2022
өлшемі112,14 Kb.
#28928
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
7-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру
53. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары және аурулары бар пациенттерге ЖТМҚ Кодекстің 124-бабының 5-тармағына сәйкес МҰ-да жүзеге асырылады.

54. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге ЖТМҚ көрсету үшін жергілікті деңгейдегі МҰ-да МСАК маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді және оны пациентке береді.

55. Жергілікті деңгейдегі МҰ-да ЖТМҚ көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда, МСАК маманы Республикалық МҰ – ға жатқызу мәселесін шешу үшін пациенттің құжаттар пакетін ЖТМҚ жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдары комиссиясының (бұдан әрі-ЖТМҚ комиссиясы) қарауына жібереді.

56. ЖТМҚ көрсететін жергілікті деңгейдегі МҰ-да емдеудің барлық қолда бар әдістері пайдаланылған стационарлық емдеудегі пациентте оң емдік әсері болмаған кезде емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен не МҰ басшысының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірлесіп ЖТМҚ комиссиясының қарауына медициналық картадан үзінді көшірмені факсимильді байланыспен жібереді.

57. Стационарлық көмек нысанында ЖТМҚ көрсету үшін сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерді республикалық МҰ-ға емдеуге жатқызу үшін ЖТМҚ комиссиясының шешімі негіз болып табылады.

58. Пациенттің құқықтарын қорғау, медицина ғылымын дамыту мақсатында республикалық МҰ емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының 10% - ы шегінде медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент дербес емдеуге жатқызады:

1) әлеуметтік қорғалмаған топтар: 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;

2) кезек күттірмейтін және шұғыл медициналық көрсетілімдер кезінде;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіретін ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау шеңберінде жүзеге асырылады.

59. Бұл ретте республикалық МҰ пациентті медициналық көмек көрсету үшін емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдаған кезде жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және оны медициналық картаға қоса береді.

60. Өңірлер бөлінісінде халықтың ЖТМҚ қажеттілігін айқындау және жекелеген аурулар бойынша ЖТМҚ шекті көлемдерін бекіту Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет