Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері



бет3/5
Дата14.10.2023
өлшемі28,73 Mb.
#114184
1   2   3   4   5

Екінші бағыты


I-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және білім беру ұйымдарына бағыттау
Психологиялық - медициналық – педагогикалық кеңес
Мүмкіндігі шектеулі баланың жағдайын анықтайды;
  • оқу бағдарламасының түрін анықтайды;
  • білім беру ұйымының типін ұсынады.

II-кезең. Мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту үшін ата-аналарының білім беру ұйымын таңдауы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  • 49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
  • 1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің :
  • 1)баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар;

Жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндігі шектеулі оқушылар

Аутизмге шалдыққан балалар

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Бұл балаларға тән белгілер: жалғыздықты жақсы көру, ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу, мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы, бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек, эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, біркелкі қимылдарды қайталай береді.

Аутист баланың сөйлеу үдерісі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм, эхолалия жиі болады.

Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар

Есту қабілеті бұзылған балалар сөйлеу тілін және басқа дыбыстарды нашар қабылдап ажыратады. Көп жағдайда дыбыстарды есту үшін оларға есту аппараты көмектеседі. Нашар еститін балаларда есту қабілетінің төмендеуі 15-20дб мен 75 дб аралығында болады. Кохлеарлы имплантат дегеніміз – науқастың шашына немесе терісіне орнатылатын хабарлағыштан, дыбыстық процессордан, микрофоннан, сондай-ақ, тері астына енгізілетін қабылдағыштан және хирургиялық әдіспен құлақ ұлуы ішіне енгізілетін электродтар тізбегінен тұратын медициналық құрылғы. Кохлеарлы имплантат қызметі есту жүйкесіне электродты импульс арқылы дыбыс толқындарын жеткізу болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет