Нашар көретіндер - 0,05-тен, 0,2-ге дейін жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік арқылы көретіндер. Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің төмендеуімен қатар, көру қызметінін басқа салалары да бұзылуы мүмкін, мысалы: жарық пен түстерді сезінуі.
Тірек қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдалуы – бұл ерікті қимыл-қозғалыстың шектелуі. Бұл балаларда қимыл-қозғалыстың бұзылыстары психикалық және сөйлеу тілінің бұзылыстарымен қатар жүреді.
Психикасының дамуы тежелген балалар
Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде әлеуметтік депривацияга ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.
Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға «Кедергісіз аймақтар»
Инклюзивті сыныптарда физикалық ортаның келесі параметрлері ескерілуі қажет: