I-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және білім беру ұйымдарына бағыттау
Психологиялық - медициналық – педагогикалық кеңес
Мүмкіндігі шектеулі баланың жағдайын анықтайды;
Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар.
Аутизмге шалдыққан балалар
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Бұл балаларға тән белгілер: жалғыздықты жақсы көру, ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу, мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жесттарының болмауы, бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек, эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, біркелкі қимылдарды қайталай береді.
Аутист баланың сөйлеу үдерісі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм, эхолалия жиі болады.
Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар
Есту қабілеті бұзылған балалар сөйлеу тілін және басқа дыбыстарды нашар қабылдап ажыратады. Көп жағдайда дыбыстарды есту үшін оларға есту аппараты көмектеседі. Нашар еститін балаларда есту қабілетінің төмендеуі 15-20дб мен 75 дб аралығында болады. Кохлеарлы имплантат дегеніміз – науқастың шашына немесе терісіне орнатылатын хабарлағыштан, дыбыстық процессордан, микрофоннан, сондай-ақ, тері астына енгізілетін қабылдағыштан және хирургиялық әдіспен құлақ ұлуы ішіне енгізілетін электродтар тізбегінен тұратын медициналық құрылғы. Кохлеарлы имплантат қызметі есту жүйкесіне электродты импульс арқылы дыбыс толқындарын жеткізу болып табылады