Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та балалар инновациясын
дамыту стратегиялық мемлекеттік бағдарлама дәрежесіне көтерілген.
Балалардың инновациялық орталықтарын құруға құйылатын инвестициялар
көлемі ондаған есе ұлғайған.
1853 жылы Сан-Францискода натуралист-ғалымдар тобы Калифорния
штатының Ғылымды насихаттау орталығын – Калифорнияның Ғылым
академиясын
(California
Academy of Sciences) құрады.
Қазіргі уақытта ол халықаралық
ғылыми
және
білім
беру
орталығы
болып
табылады.
Мұраты – табиғатты зерттеу
және сақтау, қоғамда ғылымды
зерттеуге
тарту.
Орталықта
аквариум, планетарий, жаратылыстану мұражайы, тропикалық орман, жер
сілкінісінің симуляторы бар. Жануарлар әлемінің 40 мыңнан астам түрі бар.
Парижде Ғылым және индустрия қалашығы (La Cité des Sciences et de
l'Industrie) жұмыс істейді – келушілер саны бойынша Лувр мен Помпиду
орталығынан кейін үшінші орынды алады. Мұраты – ғылыми-техникалық
білімді балалардың, жасөспірімдердің арасында тарату және азаматтардың
ғылымға, зерттеулерге және өнеркәсіпке деген қызығушылықтарын
ынталандыру. La Cité В. Жискар д’Эстеннің бастамасы бойынша 1980 жылы
бұрынғы ет өнімдері павильонының базасында құрылған.
30
2010 жылы La Cité және Жаңалықтар сарайы Н. Саркозидің бұйрығы
бойынша (2009 ж.) индустриалды-коммерциялық орталық дәрежесі бар
«Universcience» бірыңғай мұражайына біріктірілді. Аталмыш дәреже
мұражайды зерттеу ниституттарының және индустрия секторының қатысуымен
басқару үлгісін қарастырады.
La Cité орталығында ұшақта ұшуды, адам денесінің ішіне саяхаттауды
имитациялайтын аттракциондар, барокамералар, ракеталар және әскери суасты
қайығы, планетарий, экожүйелердің түрлі типтері және т.б. бар. Оқушылардың
аталмыш орталықта болуы міндетті оқу бағдарламасына енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |