деген қажеттілікті қабылдауға және оны барынша іске асыруға, тұлға ретінде
және кәсіби тұрғыда өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі анықтауға мүмкіндік
27
Францияда және басқа еуропалық елдерде тұлғаның көп қырлы дамуын
қамтамасыз ету мақсатында білім беруде жастар туризмі кең түрде
қолданылады және бюджет қаржысымен молынан субсидияланады.
Словакияда құпия үңгірлер бойынша экскурсиялардан, виндсерфингтен,
атқа
мінуден
немесе
жартасқа
өрмелеуден тұратын балалар туризмінің
бағдарламалары табысты іске асырылуда
және ата-аналар тарапынан да, балалар
тарпынан да сұранысқа ие.
Жапонияда мектеп каникулдары
кезінде оқушылар түрлі халықтық
кәсіптерді үйренуге шығады. Мұндай
экскурсиялар бір жағынан еңбекке деген
құрметке баулиды, оқушылардың елдің
экономикалық әлеуеті туралы пайымдарын кеңейтеді. Олар қандай да бір
саланың тарихы туралы, сондай-ақ елдің даму бағдарламалары туралы
әңгімелермен үйлестірілуі мүмкін. Екінші жағынан мұндай сапарлар маңызды
утилитарлық мақсатқа ие болуы – оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға
көмектесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: