Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді


  Балаларға  қосымша  білім  берудің  құрамын,  ұйымдастырушылық



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
3.  Балаларға  қосымша  білім  берудің  құрамын,  ұйымдастырушылық 

формалары мен технологияларын жетілдіру есебіне қосымша білім берудің 

сапасын, тиімділігін қамтамасыз ету: 

1)  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінде  әлеуметтік,  психологиялық, 

педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізу; 

2)  қосымша  білім  беру  мазмұнын  құндылық,  адамгершілік,  мінез-құлық 

нормаларын  қалыптастыруға,  еңбек  нарығында  табысты  әлеуметтену  және 

белсенді бейімделу қабілеттілігіне бағдарлау.  

3)  қосымша  білім  беру  жүйесі  үшін  оқу-әдістемелік  кешендер  мен 

қосымша әдебеиттер әзірлеу және басып шығару;  

4)  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  балаларға  арналған  «наукоград», 

«технобақ»,  «бизнес  инкубатор»  және  т.б.  түріндегі  жаңа  интерактивті, 

инновациялық формаларын құру;  

5)  жасөспірімдердің кәсіби өзіндік тағайындауына мүмкіндік беретін БҰ 

мектептен  тыс  мекемелерінде  оқушылармен  кәсіптік  бағдарлы  жұмыс 

орталықтарын құру;  

         6)  инновациялық  білім  беру  бағдарламаларын  әзірлеу,  оның  ішінде 

білімнің  түрлі  саласын  интегралдайтын  және  қосымша  білімнің  икемділігін, 

вариациялық сипатын қамтамасыз ететін бағдарламаларды;  

7) 


жаңа 

ұрпақтың 

инновациялық 

ғылыми 


технологияларға, 

құрылымдауды, 

өнертапқыштықты 

және 


ғылыми-техникалық 

шығармашылықты  дамытуға  бағдарланған  ғылыми-техникалық  бағыттағы 

бағдарламаларын құру;  



58 

 

8)  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  тәрбие  әлеуетін  күшейтетін 



және  тұлғаның  рухани-адамгершілік  дамуына  мақсатталған  заманға  сай 

әлеуметтік бағдарланған бағдарламаларды құру;  

9)  қосымша  білім  беру  жүйесіне  білім  берудің  жаңа  интерактивті 

ақпараттық технологияларын енгізу;  

10)  біліктілікті  арттыру,  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  шетелде 

тағылымдамадан  өту  есебіне  қосымша  білім  беру  педагогтарының  сапалы 

дамуын қамтамасыз ету;  

11) педагогикалық білімі жоқ қосымша білім беру жүйесінің мамандарын 

қайта  даярлау  бағдарламасын  әзірлеу  (ұшақ  құрастырушылар,  инженерлер, 

шаруагерлер, суретшілер, музыканттар және т.б.);  

12)  білім  беру  мекемелерінде  тарихи-өлкетану  және  туристік-

экспедициялық  бағыттағы  «Атамекен  –  алтын  бесігім»  аймақтық  танымдық-

зерттеу  бағдарламаларын  әзірлеу  және  жүзеге  асыру,  ол  білім  алушыларды 

туған  өлкені  зерттеу  бойынша  көпшілік  қозғалысқа  тартуды  болжайды, 

ғылыми-техникалық  бағыттағы  «Мектеп  орындығынан  ғылымға»  және 

әлеуметтік бағыттағы «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын»;   

13) қосымша білім беру бағыттары бойынша балаларға арналған «Ойлан. 

Ізден.  Тап»,  «Мен  –  зерттеушімін»,  «Темірқазық»  және  т.б.  теледидарлық 

бағдарламаларды,қосымша  білім  беру  мекемелерінің  web-порталын,  балалар 

web-сайтын  (www.ziyatker.kz),  «Темірқазық»  және  «Экоәлем»  балалар 

журналдарын жасау арқылы бірыңғай білім беру ақапараттық ортасын құру;   

14) қосымша білім беру мекемелерінде қашықтықтан оқытуды дамыту;  

15)  қосымша  білім  беру  мекемелерінде  білім  алушылардың  кәсіби 

бағдарлануына 

дейін 

консультациялық, 



ақпараттық-талдамалы 

және 


жаттықтыратын қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік қызметтерді құру.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет