Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
 

 

Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың мақсаты, 

міндеттері және қағидаттары 

 

«Қазақстан жолы  – 2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Қазақстан 

халқына  Жолдауында  белгіленген  елде  жаңа  инновациялық  экономика  құру 

мен  технологиялық  деңгейге  жетудің  мақсаты  мен  міндеттері  балаларға  және 

жастарға қосымша білім беру жүйесін радикалдық жетілдірусіз шешілмейді.  

Мақсат: 

-  білім  берудегі  қызмет  көрсетулерге  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз 

етуге бағытталған қосымша білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру.  



Міндеттер: 

 -  балаларға  қосымша  білім  беру  бөлігіндегі  заңнамалық  базаны 

жетілдіру;  

- балаларға қосымша білім беру мекемелер жүйесін сақтау және дамыту. 

Жалпы орта және қосымша білім беру мекемелеріндегі қамтылған балалардың 

үлесін арттыру;  

- қосымша білім алуда қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерге мемлекеттік 

кепілде  беруді  қамтамасыз  ету;  балаларға  қосымша  білім  беру  тиімділігі  мен 

сапалылығына қол жеткізу;  

-  балаларға  негізгі  және  қосымша  білім  беру  құрамының  сабақтастығы 

негізінде бірыңғай білім кеңістігін сақтау;  




54 

 

- балаларға қосымша білім беру жүйесінің мекеме аралық сипатын сақтау;  



- балаларға қосымша білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, 

әдістері мен технологияларын жетілдіру; 

-  телекоммуникациялық  жобалар  мен  балаларға  қосымша  білім  беру 

мекемелеріндегі  қашықтықтан  оқытуды  қамтитын  жаңа  ақпараттық 

технологияларды құру және дамыту;  

-  балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерін  мемлекеттік  аттестаттау 

және аккредиттеу жүйесін жетілдіру;  

-  балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  қызметін  материалды-

техникалық  қамсыздандыруға  барлық  деңгейдегі  бюджеттерден  бөлінген 

кепілді қаражаттар;  

-  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  педагогикалық  және 

басқарушы кадрлардың әлеуметтік мәртебесі мен кәсіби жетілдірілуін көтеру;  

-  балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерімен  бюджеттен  тыс 

қаражаттардың  тартылуын  нормативтік  құқықтық  реттеудегі  әлеуметтік-

экономикалық шараларды әзірлеу;  

-  балаларға  қосымша  білім  беруді  ашық  мемлекеттік-қоғамдық  жүйе 

ретінде білім беру саясаты субъектілерінің арасында жауапкершілікті үлестіру 

және  оқыту  үрдісінің  барлық  қатысушыларының  –  үйренушілердің, 

педагогтардың, ата-ананың рөлін арттыру негізінде дамыту.  

Қағидаттары:  

Мекеме аралық, салааралық сипат, балаларға қосымша білім және тәрбие 

беру саласында бірыңғай саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін түрлі атқарушы 

билік органдарының, білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты басқармалары 

органдарының  қарауындағы  балаларға  қосымша  білім  беру  мекемелерін  қоса 

алғандағы  білім  және  тәрбие  беру  жүйесінің  барлық  субъектілеріне 

бағыттылық. 

бәсекелесу  қабілеті  –  серпінді  және  құрылымдық  өзгерістерге,  қызметін 

оңтайлы  ауыстыруға  қабілетті,  қызмет  көрсетудің  талап  етілуіне  және  қажетті 

қызмет өнімін құруға бағдарланған оқыту мекемелерін, жүйелерін құру.  

ізгілендіру  –  баланың  бірегей  тұлға  ретінде  зияткерлік,  шығармашылық 

әлеуетін  дамыту  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  жасау,  балалықтың  өзіндік 

құндылығын тану;  

ашықтық – қоғамдық мекемелердің, бизнес-құрылымдардың, отбасының, 

басқа  да  әлеуметтік  институттардың  әр  баланың  рухани,  зияткерлік  және 

табиғи 


дамуы, 

оның 


шығармашылық 

және 


білім 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыру үшін барынша қолайлы жағдай жасауға қатысуы;  



55 

 

балалар  мен  жастардың  барлық  жасы  және  санаты  үшін,  барлық  елді 



мекендерде қолжетімділік.  

мектепке  дейінгі  жастан  бастап  қосымша  білім  берудегі  тәрбиелеу  және 

дамыту үрдісінің үздіксіздігі.  

серіктестік  –  мемлекеттік-жекеменшік  және  әлеуметтік  серіктестік, 

қосымша білім берудің барлық қатысушыларының әлеуеті мен мүмкіндіктерін  

нығайту; 

жүйелілік – білім беру қызметінің барлық қатысушыларының мүдделерін 

есепке ала отыра формалар мен әдістерді әзірлеуге жүйелі тәсіл; 

   инновациялық  даму    —  қазақстандық  және  шетелдік  озық  тәжірибені 

есепке ала отыра жаңа технологияларды енгізу.  

ғылымдық  –  оқытудың  мазмұны  мен  оқушылардың  алған  білімінің 

ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік  ілгерілеу  деңгейіне  сәйкестігі,  оны 

ғылымның,  техниканың  және  технологияның  жаңа  жетістіктерінің  негізінде 

құру;    ізденушілік  және  шығармашылық  жұмысқа  қарай  жиынтықтау  арқылы 

үйренушілердің  ойлану  қабілетін  дамытатын  ғылыми  танудың  әдістерін 

қолдану.  

бірлік  –  үйренушілердің  дайындық  деңгейіне  ғылыми-техникалық 

бағыттылықтағы  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұнына  сәйкес  бірыңғай 

талап қою.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет