10.2.12. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДЕ СУДЬЯҒА ДЕРЕУ
ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
•
Сотқа дейін тұтқынға алуға қатысты қолдау хат-
тарды қарау үшін әр КТМАС-қа арнайы бекітілген
кем дегенде бір судья болғаны жөн. КТМАС істерімен
жұмыс жасау басталғанға дейін, КТМАС-та жұмыс
жасау барысында (жоғарыдан қараңыз) КТМАС су-
дьяларын мамандандырылған дайындықтан өткізуді
қамтамасыз етуге қатысты ұсыныс-кеңестер аталмыш
тергеу судьяларына да қатысты қолданылуы тиіс.
•
Халықаралық стандарттарға сай, сот кез-
келген жалғасып жатқан бас бостандығынан айы-
ру заңдылығын тексере алуы үшін заңнан аттаған
кәмелетке толмағандар КТМАС-қа ұсталғаннан кейін
24 сағаттан кешіктірмей жеткізілуі тиіс екені тура-
лы талап қамтылатындай етіп, Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне түзетулер енгізуге кеңес беріледі. Бұл,
сондай-ақ, КТМАС-қа сот ісін қараудан бұрын, алдын-
ала істі қарау тәртібінің негізгі бағыттарын, соның
ішінде, сот ісін қарау күнін және қандай куәгерлер
қажет болатыны туралы шешімді қоса айқындауға
мүмкіндік беретін еді.
Достарыңызбен бөлісу: |