10.2.9. АТА-АНАЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ
ҚАТЫСУЫ
•
Әр КТМАС-та кем дегенде бір штаттағы әлеуметтік
қызметкер болғаны жөн, осындай әлеуметтік
қызметкер судьяға кәмелетке толмаған тұлғаның от-
басы туралы ақпарат, кәмелетке толмаған тұлғаның
өзі және орын алған жағдай туралы негізгі мәліметтер
бере алуы үшін ол барлық кәмелетке толмаған айып-
талушылармен және олардың ата-аналарымен сот
ісін қарауға дейін кездесуі тиіс.
•
КТМАС әлеуметтік қызметкері іске қатысатын
ата-аналарға/қамқоршыларға сот рәсімдері тәртібін
түсіндіруін және оларға сот тыңдауы барысын-
да ата-ананың/қамқоршының рөлі туралы айтуын
қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
•
ҚР Жоғарғы Соты соттың қарайтын істерге қатысатын
ата-аналар/қамқоршылар танысып шығуы үшін
қолжетімді болатын КТМАС рәсімдері баяндалған
шағын кітапша әзірлеу туралы мәселені қарастыра
алады. Балалар түсіне алатындай етіп бейімделген
кітапша нұсқасын КТМАС қарайтын істерге қатысатын
кәмелетке толмағандарға да ұсынуға болады.
•
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың
істерінде оларға баламен мүдделер қақтығысы туу
қаупі жоқ тұлғаның балама қолдауын ұсыну қажет.
Ондай тұлға баланың туысы, отбасының досы немесе
ондай адамдар жоқ болса, сотқа бекітілген әлеуметтік
қызметкер, психолог немесе педагог маман бола ала-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |