Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет41/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
6.11. ШЕШІМДЕРДІ КІДІРІССІЗ ҚАБЫЛДАУ

БҚК  40(2)(b)(iii)  бабына  сәйкес  кәмелетке  толмаған 

айыпталушылар  өз  мәселесінің  сотпен  «кідіріссіз» 

шешілуіне  құқылы

280

.  Осыған  орай,  Бала  құқықтары 



жөніндегі  комитет  қылмыс  жасау  мен  осы  мәселе 

бойынша  сот  шешімін  шығару  арасындағы  уақыт 

аралығы «барынша қысқа» болуына кеңес береді, бұл 

ретте, қылмыс жасау және айып тағу мен түбегейлі сот 

шешімін шығару арасындағы уақыт аралықтары ере-

сектер үшін бекітілген мерзімдерден «едәуір қысқа» 

болуы тиіс

281


. Егер тіпті іс бойынша өндіріс ұзақтығы 

мемлекет ішіндегі заңдарды және қылмыстық үдеріс 

ережелерін  бұзбаса  да,  халықаралық  стандарттар 

тұрғысынан бұл кідіріс деп санала алады. Кідіріссіздік 

қағидасы  сот  ісінің  әділ  қаралу  құқығының  негізгі 

279


 Судья  2  [КТМАС  орналасқан  жері  туралы  ақпарат  алынып 

тасталған] [күні көрсетілмеген].

280

 Бала құқықтары туралы конвенция, 40(2)(b)(iii) бап.



281

 51,  52  және  83  тармақтар,  Бала  құқықтары  жөніндегі  комитет. 

Жалпы тәртіптегі ескерту № 10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға 

қатысты әділ сот жүргізу шеңберіндегі бала құқықтары»; Пекин 

ережелері, 20 ереже; Вена басшылық қағидалары, 23 қағида.

құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Сонымен  қатар, 

аталмыш  үдеріс  неғұрлым  ұзағырақ  болса,  сот  ісін 

қарау да рецидивизм (қылмыстың қайталануының) ал-

дын алу тұрғысынан соғұрлым тиімсіз болады, себебі, 

балалар  сот  процесі  салдары  мен  жасалған  қылмыс 

арасынан  байланыс  табу  ықтималдығы  айтарлықтай 

төмен болады

282

.

ҚР  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде  соттардың 



қылмыстық істерді қарау үшін қарастырылған мерзімі 

ересектер үшін де, кәмелетке толмаған айыпталушы-

лер  үшін  де  бірдей

283


.  Алайда  БҰҰ  Бала  құқықтары 

жөніндегі  комитеті  балалардың  істері  бойын-

ша  мерзімнің  ересектерге  қарағанда  «әлдеқайда 

қысқа» болуын ұсынады

284

. Сонымен қатар БҰҰ Бала 



282

 Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту № 

10  (2007)  «Кәмелетке  толмағандарға  қатысты  әділ  сот  жүргізу 

шеңберіндегі бала құқықтары», 51 тармақ.

283

 Мысалы, ересектер сияқты балалардың да қатысатын істерінде 



соттың  істі  қарауы  «ақылға  қонымды  мерзімнің»  ішінде 

аяқталуы тиіс (мына жағдайдан басқа: сот «қысқа сот өндірісі» 

туралы шешімді қабылдаса, онда жалпы қабылданған ереже 10 

күннің ішінде басты істі қарау болып табылады), ҚР қылмыстық 

іс жүргізу кодексі 322 бабының 5 бөлімі.

284


 Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту № 


62

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

 



Барлық шақыру қағаздары тапсырылғанына, барлық куәгерлер мен қатысы бар тараптар сотқа келу тура-

лы білетініне, барлық құжаттар дайындалғанына және ақпарат жария ету тәртібінде ұсынылғанына және т.б. 

жайттарға көз жеткізу үшін негізгі сот тыңдауына немесе негізгі сот ісін қарауға дайындықты тексеру бойынша 

сотқа дейінгі отырыс өткізу мүмкіндігін қарастыруға кеңес беріледі.

 

Егер іс бойынша сот өндірісінің жалпы ұзақтығы бойынша заңмен белгіленген мерзімдер өтпесе де, про-



курор немесе қорғаушы кешірімді себепсіз келмесе, судьялар Прокуратураға немесе Қорғаушылар алқасына 

шағымдануға құқылы екенін естеріне салуға кеңес беріледі.

ШЕШІМДЕРДІ КІДІРІССІЗ ҚАБЫЛДАУҒА 

ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР 

құқықтары жөніндегі комитеті ұсынған «баланы оны 

ұстаған  уақыттан  бастап  30  күн  ішінде  сот  алдына 

ұсыну қажет» міндеті ескерілмеген

285


.  

Іс  жүзінде  болса,  қылмыс  жасау  мен  сот  процесінің 

аяқталуы  арасындағы  уақыт  ұзақ  болуы  мүмкін.  Са-

уалнама  нәтижесінде  алынған  мәлімет  іс  алғаш  рет 

сот прокурордан түскен сәттен бастап, сот істің мән-

жайына  қатысты  шешім  шығарғанға  дейінгі  уақыт 

аралығы  екі  айға  дейін  созылуы  мүмкін  екенін 

көрсетіп  отыр

286

.  Сот  істі  алғаш  рет  алған  сәттен  ба-



стап, іс бойынша бірінші тыңдау өткенге дейінгі уақыт 

аралығы  15  күнге  дейін  созылуы  мүмкін  (егер  іс 

қайтадан прокурорға жіберілмесе). 

287


КТМАС-та  сот  ісін  қарау  да  бірқатар  себептер-

ге  орай  кейін  қалдырылады,  олардың  бастысы  – 

шақыртылғанда қатысушылардың келмеуі, әрі бітімге 

келу мақсатымен келіссөздер жүргізу, нәтижесінде сот 

процесі кейінге шегеріледі

288


. Бірақ, қатысушылардың 

жауаптарына  сай,  сот  тыңдауына  шақыртылғанда 

қатысушылардың  келмеуі  кідірістердің  және  кейінге 

қалдырудың  ең  басты  себебі  болып  табылады

289

 

және  іске  қатысушы  тараптар  үшін  қосымша  стресс 



тудыра  алады

290


.  Зерттеу  мақсатында  бақылауда 

10  (2007)  «Кәмелетке  толмағандарға  қатысты  әділ  сот  жүргізу 

шеңберіндегі бала құқықтары»; CRC/C/GC/10, 52 пункт. 

285


 Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту № 

10  (2007)  «Кәмелетке  толмағандарға  қатысты  әділ  сот  жүргізу 

шеңберіндегі бала құқықтары»; CRC/C/GC/10, 83 пункт.

286


 Жекелеген сұхбат, судья [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат 

алынып тасталған], 10 шілде 2014 ж.

287

 Жекелеген сұхбат, судья [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат 



алынып тасталған], 10 шілде 2014 ж.

288


 Қараңыз, мысалы, Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы 1, Өскемен 

қ. КТМАС, 4 қыркүйек 2014 ж.

289

 Қараңыз, мысалы, Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы, Алматы 



қ. КТМАС, 10 шілде 2014 ж.; Азаматтық іс бойынша сот тыңдауы, 

Алматы  қ.  КТМАС,  27  тамыз  2014  ж.;  Азаматтық  іс  бойынша 

сот тыңдауы, Алматы қ. КТМАС, 3 қыркүйек 2014 ж.; Азаматтық 

іс  бойынша  сот  тыңдауы,  Астана  қ.  КТМАС,  8  тамыз  2014  ж.; 

Азаматтық іс бойынша сот тыңдауы, Қарағанды қ. КТМАС, 7 та-

мыз 2014 ж.; Азаматтық іс бойынша сот тыңдауы, Қызылорда қ. 

КТМАС,  18 тамыз  2014  ж.; Азаматтық  іс  бойынша  сот тыңдауы, 

Семей қ. КТМАС 5 қыркүйек 2014 ж.; азаматтық істер жөніндегі 

қорғаушы, Алматы  қ.  КТМАС,  1  қазан  2014  ж.;  азаматтық  істер 

жөніндегі қорғаушы 2, Астана қ., 18 қыркүйек 2014 ж.; азаматтық 

істер жөніндегі қорғаушы, Өскемен қ., 17 қыркүйек 2014 ж.; ата-

ана 7, азаматтық іс, Алматы қ. КТМАС, 3 қыркүйек 2014 ж.; про-

курор 2, Алматы қ., 20 қыркүйек 2014 ж.

290


 Қараңыз, мысалы, кәмелетке толмаған айыпталушының ата-ана-

болған  бір  қылмыстық  істе  сот  тыңдауы  кәмелетке 

толмаған  айыпталушының  анасы  және  іс  бойынша 

жәбірленушілердің  келмеуінен  кейінге  шегерілді, 

осылайша,  сол  мезетте  екі  айдан  астам  уақыт  бойы 

тұтқында  отырған  кәмелетке  толмаған  баланы 

тұтқында ұстау мерзімі де ұзарды

291


.

КТМАС  судьялары  арасындағы  жауап  берушілердің 

көпшілігі    шақыртылған  айыпталушылардың  және 

куәгерлердің  келмеуі  сол  соттарда  істерді  тиімді 

қарауға айтарлықтай кедергі тудырады деп санайды. 

КТМАС  судьялары  арасындағы  жауап  берушілердің 

бестен  бір  бөлігі  дерлік  ата-аналардың  қатыспауы 

сол  соттарда  істерді  тиімді  қарауға  айтарлықтай 

бөгет  тудырады  деп  санайды

292


.  Осыған  орай, 

бірнеше КТМАС судьяларының КТМАС тыңдауларына 

дайындықты  және  іске  қатысушы  тараптарды  ха-

бардар  ету  жүйесін  жетілдіру  қажет  екенін

293

  атап 


өткені таңқалдырмайды. Теория жүзінде судьялардың 

Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  405(4)  бабына 

сәйкес  прокурор  немесе  қорғаушы  кесте  бойынша 

жоспарланған сот тыңдауына кешірімді себепсіз кел-

месе,  прокуратураға  немесе  Қорғаушылар  алқасына 

шағымдануға  құқығы  бар.  Алайда,  КТМАС  судья-

лары  арасындағы  жауап  берушілердің  17%-ы  сот 

мәжілістерін кейінге қалдыруды азайту үшін өздеріне 

сот  өндірісін  ауқымдырақ  қадағалау  құзыретін  беру 

сот  істерін  қарау  тиімділігін  арттыру  мақсатында 

қажет деп санайды

294


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет