6.12.2. ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
Халықаралық стандарттар сотпен айыпты деп
танылған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындауға
қатысты үдерістің де, шешім қабылдау салдарының да
маңызына ерекше көңіл бөледі. Кәмелетке толмаған
құқық бұзушылардың игілігі қамтамасыз етіліп,
жасаған қылмыстарының жай-жапсары мен сипа-
ты ескерілуі тиіс
304
. Оған қоса, кәмелетке толмаған
құқық бұзушының ар-намысы және өз маңыздылығы
сезімін дамытуға, оның адам құқықтарына және
басқа адамдардың негізгі бостандықтарына құрметін
нығайтуға кәмелетке толмаған тұлғаның жасын және
қоғамға қайта енуге және қоғамда пайдалы рөл
атқаруға қолғабыс ету ниетін ескере отырып, ықпал ету
керек
305
. Бұл жасалған қылмысқа қайтарылатын жауап-
ты әрекет тек жазалау сипатында болмауы тиіс дегенді
білдіреді
306
. Әдеттегідей, бала құқықтарының төрт
негізгі қағидалары әкімшілік, азаматтық не қылмыстық
құқық бұзушылыққа қатысы бар кез-келген мәселені
қарауда қолданылуы тиіс. Ол қағидалар келесідей:
бірінші кезекте ескерілетін жайт ретінде баланың ең
биік мүдделерін қамтамасыз ету; кемсітушілікке жол
бермеу қағидасы; бала пікірін құрметтеу қағидасы;
өмір сүру, тіршілік ету және даму құқығы.
304
БҚК, 40(4) бап.
305
БҚК, 40(1) бап.
306
71 тармақ, БҰҰ Бала құқықтары комитеті, Жалпы тәртіптегі
ескерту № 10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот
жүргізу шеңберіндегі бала құқықтары».
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
65
Достарыңызбен бөлісу: |