Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі12,5 Kb.
#121965
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары-emirsaba.org


Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»


Қазақстан Республикасындағы
саяси билік институттары
Орындаған:АбдилакимоваМадина

Тобы: ЕП-21-11к1


Қабылдаған: Бегім Ақбота
Шымкент 2022ж
Саяси зерттеулердегі салыстыру обьектісі әрқашан әр түрлі қоғамдағы биліктің бөлінуі болып табылады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Шын мәнінде, билік саясаттағы негізгі нәрсе. Сонда билік дегеніміз не? Күнделікті өмірдің өзінде ұғым әр түрлі мағыналарда қолданылады. Билік-адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларың бірі. Саясаттану ғылымында саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың саяси институтры мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп, білуге ​​мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде билік туралы саяси ғылымдар жүйесіндегі ең ықпалды анықтама Р.Дальдің Билік анықтамасы деген мақаласында берілген анықтама.

Билік деп- біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады.


Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.Билік бізге әртүрлі салада көрінуі мүмкін. Мысалы: экономикалық, саяси, рухани саладағы биліктер, мемлекеттік билік, жергілікті жердегі билік, жеке билік, ата-ана билігі және т.б.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет