«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет54/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Оқ-дәрілердің сот сараптамасы – іс материалдарында оқиға болған жерден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған оқ, гильза, пыждар, патрондар болған кезде және соларға қатысты фактілерді анықтау қажет болған кезде тағайындалады.
Оқ-дәрілерді анықтауға қатысты сот сараптамасының классификациялық міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • оқиға болған жерден алынған оқ қандай атыс қаруынан атылған ?

  • сараптамаға ұсынылған оқ (гильза) атылған ату қаруының жүйесі (моделі, үлгісі) қандай ?

  • оқиға болған жерден немесе сезіктіден алынған патрондар бір немесе әр түрлі зауытта дайындалған ба ?

Аталған сараптама диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешуге бағытталған сұрақтарды шешеді, олар:

  • зерттеуге ұсынылған патронның (гильза, оқ) үлгілері аталған қарудан атуға жарамды ма ?

  • оқ (гильза) қолмен жасалған ату қаруынан атылған жоқ па ?

  • аталған патрондар немесе оның жезінің жеке компоненттері: оқтар, гильзалар т.с.с. қандай әдіспен дайындалған ?

  • патрон қандай дәрімен жабдықталған ?

Идентификациялық міндеттерді шешу үшін, оқ-дәрілерді зерттеу сараптамасы бойынша келесі сұрақтар қойылады:

  • оқиға болған жерде және сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір массаны құрайды ма ?

  • салыстырып отырған патрондар өзінің снарядталу мазмұны бойынша бір массаға жатады ма ?

  • Н. есімді тұлғаның мәйітінен және сезіктіден алынған бытыра (картечь) өзінің дайындалу тәсілі және сақталу жағдайы бойынша бір массаны құрайды ма ?

  • оқиға болған жерден тәркіленген және айыпталушыдан алынған пыждар (төсеме, бытыра) ұсынылған саймандар арқылы дайындалған жоқ па ?

  • оқиға болған жерден және айыпталушыдан алынған патрондар бір құралмен жабдықталған жоқ па ?

  • оқиға болған жерден және айыпталушыдан алынған пыждар (төсеме, бытыра) бір материалдан жасалған жоқ па ?

  • оқиға болған жерден алынған оқтар айыпталушыдан алынған нақты формамен жасалған жоқ па (форманың мазмұнын және кімнен алынғанын көрсету керек) ?

  • аталған қағаз пыж оқиға болған жерден алынған қағаздан, газет бетінен (басқа да материалдан) жасалған жоқ па ?

  • әр түрлі оқиға болған жерден алынған оқтар (гильзалар) бір қарудан атылған жоқ па ?

Егер іс бойынша тергеуші оқтар, гильзалардан басқа оқиға болған жерден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінен ату қаруын тапса, сараптама алдына сұрақтар өзгеше редакцияда қойылады, олар:

  • оқиға болған жерден алынған оқтар мен гильзалар аталған ату қаруынан атылған ба (жүйені, номерді, кіммнен алынғаны көрсету керек) ?

  • мәйіттің (жәбірленушінің) денесінен алынған оқтар аталған ату қаруынан алынған ба (жүйені, номерді, кіммнен алынғанын көрсету керек) ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет