Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Сараптама үшін келесі материалдар жіберіледі: сезіктіден алынған зақымның белгілері бар киімдер. Киімдердің механикалық зақымдалған кезде сарапшы-трассолог істің материалдарымен (сот-медициналық сараптама) танысуы керек. Сол сияқты, сараптамаға басқа мамандардың қатысуы туралы (сот-медициналық сарапшысы, криминалист) мәселені шешу керек. Аталған мамандар келтірілген зақымдардың пайда болу себептерін өлшеу, салыстырмалы зерттеулер арқылы анықтайды.
11.5. Жаппай өндіріс бұйымдарының сараптамасы Жаппай өндіріс бұйымдары трассологиялық сараптаманың объектісі ретінде өз құрамына келесі объектілерді жатқызады: прессформада қалдырылған үстірт іздер (матрицаның не пуансонның іздері) немесе машинаның оның бөлшектерінің іздері, дайындау мен жетілдіруге қолданылатын механизімдер.
Жаппай өндіріс бұйымдарының трассологиялық зерттеу сараптамасының міндеті дайындаудың әдісін, қайнар көздерін (дайындалу орны) өндірістік құрылымды теңдестіру, бүтінді бөлшектеп анықтау т.с.с.
Классификациялық және диагностикалық міндеттерді шешу кезінде сараптаманың алдына келесі сұрақтар қойылады:
оқиға болған жерден алынған заттай дәлелдемелерді дайындаудың әдісі (түйме, шынының қалдықтары, пресс-формалар т.с.с.);
оқиға болған жерден алынған заттар (заттай дәлелдемелер) зауыттық не қолдан жасалды ма ?