Адамның аяғының және аяқ киімдерінің іздері. Адамның аяқ киімінің мөлшерін, түрін, жалаң аяқ іздерінің мөлшері мен ерекшеліктері, сол арқылы сол ізді қалдырған адамның жынысын, жасын, жүрісін анықтайтын идентификациялық емес міндеттерді шешеді. Мұндай сұрақтарды криминалист-маман оқиға болған жерді қарау кезінде шешеді. Оқиғаның механизімін анықтау үшін сараптаманың алдына келесідей сұрақтар қойылады: ұсынылыған із аяқ киіммен қалдырылған ба, оқиға болған жерде табылған аяқ киімнің, аяқ іздерінің пайда болу механизмі қандай (ауыр заттарды тасыған сәтте немесе сырғанау кезінде пайда болған іздер)?
Идентификациялықміндеттерді шешу кезінде нақты аяқ іздерінің, аяқ киім іздерінің теңдестіру мәселелері анықталады, сараптама алдына келесідей сұрақтар қойылады: оқиға болған жерден алынған аяқ киімнің іздері сезіктіден алынған аяқ киімімен қалдырылған ба, оқиға болған жердегі жалаң аяқпен қалдырылған іздер (оң немесе сол аяқ) сезіктіге, жәбірленушіге қатысты ма?
Сезіктінің не жәбірленушінің қалдырған іздерінде не аяқ киімінде өзге де кірленулердің (немесе өзге заттардың) болуы сот-топырақ тану, сот-ботаникалық, криминалистикалық, сот-медициналық (қанның топтық және тектік қатынасын анықтау) сараптаманың жүргізуін қажет етеді.
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Сараптамаға жіберіледі:
дактилопленкаға не өзге де құралдарға түсірілген немесе қандай-да бір заттарға қалдырылған үстірт іздер;
полимерлік және гипстік материалдардан жасалған көлемді іздердің көшірмелері.
Оқиғаның механизмі оны бекітудің әдістері, іздерді алудың уақыты, шарттары туралы мәліметтері бар қылмыстық істердің материалдарындағы іздердің фотосуреттері сараптамаға қосымша жіберілуі мүмкін.
Идентификациялық міндеттерді қою кезінде сараптамаға салыстырмалы материал-үлгілері жіберіледі, оларға:
сезіктінің (жәбірленушінің) оқиға болған жерде киген аяқ киімі;
сезіктінің (жәбірленушінің) экспериментальды іздерінің екі-үш көшірмесі (егер оқиға болған жерде көлемді іздер алынса);
эксперименталды көлемді іздерді нақты жалпы және жеке белгілерінің түсірілуін қамтамасыз ететін материалдар да алынуы керек. Егер сараптаманың объектісі жалаңаяқпен қалдырылған үстірт іздер болса, үлгі ретінде тексерілетін тұлғаның жалаңаяғының боялған іздері үлгі ретінде алынады (типографиялық бояуды қолдану арқылы);
сараптаманың объектісі жол іздері болса, сезіктінің (жәбірленушінің) эксперименталды алынған екі-үш жүрген із жолы. Эксперименталды жол іздерін алу кезінде сезікті (жәбірленуші) жіңішке қабатпен типографиялық бояумен қалдырылған жермен жүреді немесе оның аяқ киімінің табанын бояумен валик арқылы жүргізіп сезіктіге (жәбірленушіге) қағаз лентасының бойымен жүріп шығуын сұрайды, сол арқылы эксперименталды үлгі алынады.
Жоғарыда көрсетілгендей сезіктінің (жәбірленушінің) аяқ киімінің табанында басқан жерден алынған әр түрлі бөлшектер (жердің ұңтақтары, цемент, ұн т.с.с.) қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші аталған бөлшектерді тиісті түрде бекітіп, қаптап заттай дәлелдеме ретінде сақтау үшін жағдайлар жасауы керек.