«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет44/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Идентификациялық міндеттері із қалдырылған нақты объектіні (адамның, жануарлардың, бұзу құралдарының іздері, көлік іздері) жекелендіруге бағытталған. Сол сияқты, морфологиялық және өзара байланысты ерекшеліктеріне қатысты толық объектіні теңдестіруге бағытталған.
11.1. Адам іздерінің сараптамасы
Адам іздеріне әдетте қолдың, аяқтың, тістің, аяқ киімнің, дененің жеке бөліктері, адам денесінің өзге де іздері жатады. Тәжірбиеде қолдың, аяқ киімнің іздері жиі кездесетін болса, тістің, адам денесінің жеке бөліктерінің іздері сирек кездеседі.
Адам қолының іздері – дактилоскопиялық сараптамада зерттеледі және диагностикалық және идентификациялық міндеттегі сұрақтарды шешеді. Мәселен:

  • ұсынылған объектіде адам қолдарының папиллярлы өрнектері бар ма? және оларды із қалдырған адамның саусағымен идентификациялауға жарамды ма? (мұндай сұрақ сарапшыға криминалист-маманның тінту немесе оқиға болған жерді қарау кезінде қол іздері көрінбейтін заттарды алу кезінде орын алады);

  • ұсынылған объектіде қол іздерінің папиллярлы өрнектері нақты адаммен қалдырылған ба ?

  • әр түрлі объектіде табылған іздер бір тұлғамен немесе бірнеше тұлғамен қалдырылған ба ?



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптамаға жіберіледі:

  1. саусақ іздері бар заттар (олардың бөлшектері), қол іздері бар заттарды олардың алғашқы күйін өзгертіп алмау үшін абайлап алу керек;

  2. аз көрінетін немесе мүлдем көрінбейтін іздер қалдырылған заттар. Оларды алу кезінде тозаңдандыруға, көшірмеге түсіруге болмайды, өйткені қолданылатын ұнтақтар ізді жояды;

  3. заттар немесе олардың бөліктерінде қолдың папиллярлы өрнектері бар деп күдіктенгенде олар сараптамаға жіберіледі.

  4. дактилоскопиялық пленкаға немесе масштабты суретке түсірілген іздер (негатив, позитив);

  5. кейде қылмыстық істің өзге де материалдары: оқиға болған жерді қараудың хаттамасы, заттай дәлелдемелері алу туралы хаттамасы т.с.с.

Салыстырмалы зерттеу үшін дактилоскопиялық сараптамаға –экспериментальды үлгі ретінде қолдың папиллярлы өрнектері түсірілген дактилоскопиялық карта жіберіледі. Тергеуші қолдың папиллярлы өрнектері дактилоскопиялық картаға дұрыс нақты түсуіне бақылау жасауы керек. Әсіресе, мәйіттердің қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық пленкаға дұрыс түсірілуі үшін тергеуші маманның көмегіне жүгіне алады. Сол сияқты, тірі адамның саусақтарының іздерін қайталап алуға мүмкін болса, мәйіттердің іздерін қайталап алу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет