Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы


-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі



бет27/115
Дата11.04.2023
өлшемі384,8 Kb.
#81541
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115
Байланысты:
1 ОБ образовании на КАз

40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі


Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны:

  1. бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға;

  2. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын айқындауға;

  3. профессор-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 52бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде белгілеуге;

  4. педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын белгілеуге;

  5. білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітуге;

  6. өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Ескерту. 6-тарау 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы


1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:

  1. іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін;

  2. білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;

  3. білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);

  4. білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;

4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;

  1. ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;

  2. білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

  1. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.

  2. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет