2-тапсырма Алматы маңындағы басқа тау шаңғысы курорттары қандай баға стратегиясын таңдап алатынын ойлаңыз. Өз таңдауыңызды негіздеңіз Жауабы:
Басқа курорттар серпілісті стратегияны пайдалануы мүмкін: сатылымды арттыру және нарықтың өз үлесін алу үшін төмен бағаларды белгілеу. Нарық бос болмаған соң және сатып алушылар тауарға үйреніп, ұнатқан соң, компания бағаларды біршама көтеруі мүмкін. Бұл курортта шаңғы тебуге үйренген және тарифтер көтерілген соң тебуді жалғастыратын жаңа бейілді клиенттерге ие болуға мүмкіндік етеді. Бәсекелес стратегия: тауарға баға бәсекелестердің бағасына бағдарланып белгіленеді. Мұндай жағдайда клиенттерді тартып алу үшін «Шымбұлақтан» төмен баға белгіленген жөн. Байланысты стратегия: бір қаптамадағы
өнімдер тобының сатылымы үшін пайдаланылады. Мысалы, егер тебу құнына жабдықты жалға алу құны, немесе курорттың басқа сервистерін пайдалану құны – балалар бөлмесі, мейрамханада түскі ас және тағы басқалар құны кірген кезде. Психологиялық стратегия: сатушының бағаға психологиялық тәсілдемесін ұйғарады. Мысалы, «Шымбұлақтан» төмен баға белгіленіп, бірақ көп емес. Оқушылар сондай-ақ басқа нұсқаларды ұсына алады. Бұл ретте нұсқаның өзін емес, оқушының өз шешімін дәлелді негіздеу қабілетін бағалау қажет.
3-тапсырма Бұл сабақ - екінші тоқсандағы соңғы сабақ. Екінші тоқсанда қандай сабақтар есте қалды және неге? Қандай да бір сабақтар күрделі болды ма? Неліктен? Қандай да бір өткен тақырыптармен жан-жақты танысып білгіңіз келеді ме? Қандай тақырып және неге?
Бұл тапсырмаға жауап беру кезінде оқушылар екінші тоқсанда өткен барлық материалды есіне алуы тиіс. Егер олар сабақтардың тақырыптарын еске ала алмаса, оларға көмектесіңіз. Егер сізде өткен сабақтар кезінде қандай да бір пікірталас туындаса, сіз олар жайлы оқушыларға ескерте аласыз. Тапсырма оқушылар үшін қандай тапсырмалар қиын болғанын түсінуге көмектеседі. Бұл сізге кеелсі тоқсандарда материалдарды беру стилін өзгертуге жәрдемдеседі – теорияны түсіндіруге көбірек уақыт бөлуге, егер ол сіздің оқушыларыңызда қиындық тудырса немесе ойындардың қоыртындыларын егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік береді. Аталған тапсырма мұғалім мен оқушылар арасында өзара тиімді пікір алмасуды болжайды. «Алақан» әдісі арқылы рефлексия өткізу