Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінде рефлексиясын дамыту



бет1/4
Дата19.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#84358
  1   2   3   4
Байланысты:
Қмж әдебиеттік оқу 2-сынып (1)


Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінде рефлексиясын дамыту
Аннотация
Мақала туралы жалпы мәлімет жазу керек
Рефлексия сөзі латын тілінде- reflexio артқа қарайлау (кейінге оралу) деген мағынаны білдіреді. Шет тілдер сөздігінде рефлексия - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген cөз. Педагогика саласында рефлексия - іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі.
Түйін сөздер: бастауыш сынып, рефлексия, талдау, өзін-өзі бағалау, тұлға,
Рефлексия сөзі латын тілінде- reflexio артқа қарайлау (кейінге оралу) деген мағынаны білдіреді. Шет тілдер сөздігінде рефлексия - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген cөз. Педагогика саласында рефлексия - іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Заман талабына сай білім берудің жүйесі жаңарып, күннен күнге даму үстінде. Қазіргі таңда елімізде саналы, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны тәрбиелеп шығару басты мақсаттардың бірі болып табылады. Осы тұста Мұхтар Әуезов атамыздың “Ел болам десең, бесігіңді түзе”- деген сөзі еске түседі. Ең алдымен келешек ұрпақты білімді етіп тәрбиелеуді бастауыш сынып оқушыларынан бастаған дұрыс деп есептейміз. Бастауыш сынып оқушыларына жаңа технологиялар мен көптеген әдіс-тәсілдер арқылы сабақ жүргізу жақсы нәтижелерге қолжеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз. Ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының рефлексиясын дамыту қажет. Рефлексия оқу процесінде оқушыға қажетті іс-әрекетті айқындап, сабақтың маңызды, қызықты, сапалы өтуіне өз ықпалын тигізеді. Рефлексия арқылы оқушы жеке тұлға ретінде ашылады, тұйық оқушының бойындағы қорқыныш сезімі бәсеңдейді, жұрт алдында өз ойын жинақтап, пікірін білдіре отырып, сөйлеуге үйренеді, содан ақырындап жетістіктерге жетеді. Абай Құнанбаев өзінің қарасөздерінде былай дейді: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!». Адам баласы өз-өзіне сұрақ қойып, іштей есеп беру арқылы кемшіліктеріне талдау жасайды, себептерін іздестіреді. Оқу үдерісіндегі рефлексия арқылы оқушының терең ойлануына ықпал ету, кемшіліктерін түзету, мүмкіндік берy, ойын жинақтап сөйлей алуға баулy мұғалімнің жетекшілігі арқылы жүзеге асырылуы қажет. Оқушылардың рефлексиясын дамыту яғни мұғалімнің қолында.

Сабақ барысында мұғалім оқушыларға дәстүрлі форматта сабақ жүргізетін болса, нәтижесі айтарлықтай жақсы болмасы анық. Сондықтанда оқушылардың қызығушылықтарын оята отырып, білім сапасын жақсартуға рефлексияның пайдасы зор. Рефлексия арқылы оқушы өзі жасаған әрекеттіне баға бере алуды меңгереді. Бағаны ауызша да, жазбаша да бере алады. Осындай жұмыс түрлерімен айналысып үйренген оқушы алған біліміне, орындаған тапсырмасына қорытынды жасап, өз ойын ортаға сала отыра, оны дәлелдеуге, аргументтер мен фактілерді негізге ала отыра ойланып сөйлеуге машықтанады. Яғни, іс-әрекетпен қатар дәлелді сөйлеу қатар жүреді. Мұғалімнің мақсаты — оқушыға сабақ барысында жағдай жасап, бағыт-бағдар беріп отыру. Мұғалімнің басты міндеті — білім алушының рефлексиясын дамыту. Әдебиет сабағында рефлексияны қолданған тиімді. Әдебиет — адам өмірімен тікелей байланысты сабақ. Рефлексия арқылы баланы болашақ өмірге дайындау әр ұстаздың міндеті деп санаймын. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Оқушы көркем шығарманы өз бетінше оқып, мазмұнын игереді. Кейіпкердің іс-әрекетін талдайды, зерттеу жүргізеді. Өзін кейіпкер орнына қойып, пікірін білдіре алады. Кейіпкердің жан-дүниесіне үңіле отыра оған баға береді. Тақырып бойынша, әр түрлі технологияларды, интерактивті әдістерді, оқушыларға ой қорыту, тұжырымдама жасату, өз ойын еркін жеткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Рефлексияны әрбір сабаққа қолданатын болсақ бала сабақтан өзіне қажетті білімді саралай отырып санасына қалыптастырады. Рефлексияны дамытудың тиімді жақтары : өз-өзіне есеп беруді үйренеді, өзіндік, сыни көзқарасы қалыптасады, білім сапасы артады, өз-өзін бағалайды, білім алуға қызығушылық жоғарылайды, бәсекелестікке ұмтылады. Рефлексиясы дамыған оқушы жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Оқушылардың рефлексиясын дамыту үшін мұғалімнің бойында рефлексиялық қабілет болуы қажет. Рефлексиялық қабілеті бар мұғалім алдында отырған шәкірттерінің бойына осы дағдыны кіріктіріп, дамытады, өмірлік қажеттілік екенін естен шығармайды. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, оқушы өзін жетекшілік бағытта ұстап практикалық іс-әрекетке өзін тәрбиелей бастайды. Өз ойын анық жеткізе алатын қасиет бойында қалыптасады. Рефлексия әдісін сабақ барысында қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты қырлары дамып, білімге деген көзқарастары өзгере бастайды. Қазіргі таңда рефлексия әдісін елімізді бірқатар мектептерінде қолданып, жақсы көрсеткіштер көрсетіп отыр.


Білімді тұлға қалыптастыру қазіргі заманның маңызды талаптарының бірі. Білімді тұлғаны қалыптастыру бастауыш сыныптан бастап қаланады.Бастауыш сыныптағы «Әліппе», «Әдебиеттік оқу» пәндерінде баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдылау, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандыққа баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын байыту, ізгілікті, дара тұлға тәрбиелейді. Сабақты өту бараысында сабақты ойын және тренинг әдістерін пайдаланып пайдалы әрі қызықты өткізу балалардың шығармашылығын ой еріктігін жетілдіреді. Ойын жіне тренинг әдістері рефлексия түрлерінің бірі болып келеді. Рефлекцияны пайдалану сабақтың негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Себебі оқушының рефлексия жасауға дағдыландыру — мұғалімнің басты міндеті. Сондай мақсаттардың бірімен біздің мектепте де 7 модуль идеясын енгізу мақсатында әртүрлі коучинг сессиялар мен ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілуде. Әрбір сабақ соңында рефлексия жүргізү , келесі жолы нені жақсартуым керек?, неге мән беруім керек?, нені ацқындауым керек?- деген сияқты келесі іс-шара міндеттерін айқындауға зор ықпалын тидіріп отырады. Әр бір сабақ соңынан не сәтті шықты, не сәтсіз шықты, тапсырмалар мен таңдап алынған әдістер ұтымды болды ма?, әлде уақыт тиімділігі төмен болды ма? деген сұрақтарға жауап бере отырып келесі сабақтарымыз жоспарланды. Рефлексия түрлерін атап өтетін болсақ: «себет» ол сабақ бойында ұнаған, өзіне жаңалық ретінде енгізгенін қоржынына салса білемін, керек емес.. дегенін себетке салады, «даналық ағашы» түсінбеген сұрақтарын іледі, келесі сабағында соған жауап береді, «эссе» тақырып бойынша өз түсініктері мен ойларын жазады, «шығу парағы» не білдім?, менде қандай сұрақтар бар?,пікірім қандай?, «екі жұлдыз, бір тілек», «сендвич», «ет тартқыш» т.б. Оқушы дайын біліммен жүрмей, өзіннің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы оқу-танымдық қызмет үдерісінде танымдық «жаңалық» ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасау арқылы алады. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Тақырыпты тәуелсіз меңгеріп, алған білімін пайдалы болатындай ойлануларына мүмкіндік туады. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Жаңа формация адамы зерттеуші, шығармашыл, сыни ойлай алатын, рефлексияға қабілетті маман болуы шарт. Сонымен қатар рефлексия баланың өз ойын жеткізе алуға, өзі жасаған әрекетіне ауызша баға беруге баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет