Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


Сабақтың Педагогтің әрекеті



бет247/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурсы




кезеңі/ уақыт










1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы 10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып және осы сабақта олар өздерінің стартап–командасын құрудың алғашқы қадамынан бастайтынын түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың назарына стартаптың басым бөлігі дұрыс бизнес-команданың жоқтығынан күйрейтіндігі жөнінде статистикалық мәліметтер ұсынады.
Блоктың соңында мұғалім келесідей сұрақ қоя алады: «Неге, сіздің пікіріңізше, бизнесте команданың болуы маңызды?».

Оқушылар «Жетістікке жету жолындағы
команданың маңыздылығы» блогын оқиды. Бұл блокта оқушылар команда құру стартапты құрудағы маңызды кезең екенін түсінуі керек.
Оқушылар: «Бизнесте команда құру неге маңызды?» екенін өз мысалдарында түсіндіруге тырысуы керек.

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-Горизонт,
2020., 14-21 бет

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Одан әрі мұғалім «Команданы қалай жинау керек?», «Командада кім болу керек?», «Стартапқа кімді тарту керек?» блоктарын түсіндіреді. Бұл блокта мұғалім табысты команда — бұл адамдардың рухы бойынша бір-
біріне жақын адамдардан құралмайтындығын атап өтеді. Команданың әрбір қатысушысы ондағы өз рөлін түсінуі және нақты көрсетілген міндеттер шеңберін шешуі тиіс, мысалы, қаржыландыру, іске асыру, техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, жылжыту және т.б. мәселелері. Командада ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттер мен мақсаттарды бірдей түсіну маңызды.
Барлығында «Біз кімбіз және қайда барамыз?» деген бірыңғай және бір мағыналы түсінік болуы тиіс.
Көшбасшының негізгі міндеті-
байланыстырушы буын ретінде әрекет ету және шешімдерді шоғырландыру. Ыңғайлы болу үшін хакердің, хипстердің және хастлердің функ- цияларын тақтаға жазуға болады немесе плакатты алдын ала дайындауға болады.
Мұғалім «Тиімді команданың мақсаттары» блогын түсіндіреді. Оның алдында мұғалім келесі жұмысты орындай алады. Оқулықтағы

Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Материалды бекіту үшін оқушылар 1- тапсырманы
орындайды. Бұл оқушыларды стартап жұмысына қажетті минималды команда —
MVT (Minimum Viable
Team) ұғымымен таныстырады.
Оқушылар алған бөлімдерін қандай рөлге өздері сәйкес келетінін түсіну үшін қолданулары керек. Бұл оларға келесі сабақта командаға бөлінген кезде көмектеседі.

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2020. — 297 бет.
Оқулық 15-17
беттер.,
«3Н+сторителлер» қызметтері
жазылған плакат







ақпаратты оқудан бұрын ол оқушыларға сұрақ қояды: «Олардың пікірінше, қай команда тиімді болады?».
Олардың жауаптары тақтаға жазылады. Сабақтың соңында мұғалім оқушылардың білімінің қалай өзгергенін тексеру үшін осы сұраққа орала алады.
Мұғалім оқушыларға команда құру туралы қосымша ақпарат бере алады. Мұғалім оқушыларға «Командадағы ментордың рөлі» блогын түсіндіреді. Оқушылар ментордың шын мәнінде стартаптың табысына елеулі әсер ете алатын команданың бесінші мүшесі екенін түсіну қажет.
Материалды бекіту ретінде мұғалім өткен сабақта жеңіске жеткен жобалар үшін кім әлеуетті тәлімгер бола алатындығын сұрай алады. Барлық оқушылар өз идеяларын ұсынады. Мұғалім ол идеяларды тақтаға жазып алады. Бұл жазбалар оқушыларға келесі сабақта командаларға бөлінген кезде пайдалы болады.

Оқушылар тәлімгер ретінде кімді тартуға болатын өз ойларын ұсынады.

Оқулық, маркерлер тақта немесе плакат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет