Егер уақыт мүмкіндік берсе, 1тапсырма «Pillowz.kz бизнес- модельдің канвасын толықтыруды» оқушылар сыныпта мұғалімнің басшылығымен бірге орындай алады. Бұл үшін олар өздерін сол Pillowz.kz стартап иелері ретінде елестетіп, келесілерді ойлануы тиіс.
-Тағы кім олардың тұтынушысы бола алады?
Аталмаған маңызды құндылықтар әлі де бар ма?
Стартапты жылжыту үшін тағы қандай арналарды пайдалануға болады?
Клиенттермен қарым-қатынасты қалай құруға болады?
Монетизацияның қандай нұсқаларын (кірістер ағыны) олар ойлап табуы мүмкін?
Аталмаған маңызды ресурстар бар ма (немесе болуы мүмкін)?
Стартап серіктесі кім бола алады және неге?
Қандай маңызды әрекеттер аталмаған немесе көрсетілген тізімді қалай кеңейтуге болады?
Стартапта тағы қандай шығындар пайда болуы мүмкін?
Әрбір сұрақтан кейін мұғалім оқушыларды орындарында отырып жауап беруге ынталандыруы тиіс, олардың барлық жауаптарын көрнекілік үшін тақтаға жазуға болады. Оқушылар көбірек идея ұсынса, соғұрлым жақсы. Тіпті идеялар шынайы болып көрінбесе де, олардың қиялын шектеудің қажеті жоқ. Оқушылар бизнестің барлық компоненттерінің бір-бірімен өзара байланысын түсінуді және мүмкіндіктерді көруді үйренуі тиіс.
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді
Қашықтықтан және өздігінен зерттеу үшін 5 сабак, 11 сынып бейнесабағы: https://youtu.be/ GEpw1KBv8UcAtameken Akademy білім беру онлайнплатформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып,
қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады Мұғалім бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
Бизнес-модель ұғымын сипаттай алады.
Бизнес-модель мен бизнес-жоспар канвасының құрылымын түсінеді.
Өз стартапының идеясы үшін оқу-ойын жағдайында маңызды құндылық қалыптастыру дағдыларын қолдана алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
«Бизнес-модель канвасы» деген не және ол не үшін қажет?
Бизнес-модель канвасын қалай дұрыс толтыру керек?
№6 сабақ. Бизнес-модель канвасы, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспарқұрылымы
Бөлім:
Стартап акселератор (1)
Педагогтің атыжөні
Мерзімі:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Бизнес-модель канвасы, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
11.1.3.1. Бизнес модель түсінігін суреттеу.
11.1.3.2. Бизнес модель канвасы және бизнес-жоспардың құрылымын түсінуі.
11.1.3.3. Оқу-ойын жағдайында өз стартап идеялары үшін маңызды құндылықтарды қалыптастыру дағдыларын қолдану.
Сабақтың мақсаты
• Өз стартапы үшін бизнес-модель канвасын құруды үйренеді.