Команда құрамы Оқушылар саны тең 3-4 команда. Бір командада ең дұрысы 3-5 адам болу керек. Команда құрамын тәжірибесі әртүрлі оқушылардан құруға тырысыңыз. Команда құру үшін оқушыларды командаға
бөлудің кез келген әдісін қолдануға болады Ойын барысы Оқушыларды командаға бөлу — 3 минут.
Екі оқушы барлық карточканың арасынан кездейсоқ бір карточканы алсын. Карточкада жазылған сөзді оқып, оны тақтаға жазыңыз.
Сөздер бір бірімен мағынасы жағынан немесе басқалай мүлдем байланысты болмауы керек.
Әр команданың тапсырмасы —3-5 минутта
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А.
А. Сейтенова —
Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2019. —112 бет.
«Идеялар матрицасы» ойынының презентациясы.
Ішкі жағына қарапайым заттардың аты жазылып, алдын-ала дайындалып шығарылған
карточкалар
Оқулық, интерактивті
тақта
карточкада көрсетілген, бір-бірімен байланыспайтын заттардың сипатын немесе қасиетін пайдаланып жаңа бизнес-идея ойлап табу.
Әр идеяны бір минутқа жеткізбей айтып шығуларын сұраңыз.
Барлық презентация аяқталғаннан кейін оқушылардан егер жеткілікті ресурс (ақша, білім, тәжірибе, дағдылар, таныстар) болса осы командамен бірігіп осы идеяны ертең-ақ жүзеге асыра аласыңдар ма деп сұраңыз.
Бастапқы идеялары туралы қайта ойлану үшін әр командаға қосымша 3-5 минут беріңіз. Командалық жұмысты тағы бір рет өткізіп, алғашқы идеяларын ертеңнен бастап кететіндей қайта қараңдар деп тапсырма беріңіз. Әр идеяны бір минутқа жеткізбей түсіндіріп берсін.
Қызықты бизнес-идеяны табу – өте қиын. Оқушылар нұсқаулықтың алғашқы төрт қадамын орындау кезінде ғана оған қол жеткізе алды. Енді командалар идеяларын шынайы өмірде жүзеге асырған кезде қандай қиындықтарға тап болатынын елестетіп, оны энергия және ресурс шығыны тұрғысынан сараптауға талпынды.
«Нұсқаулықтың алтыншы қадамын орындау кезінде идея қалай өзгерді?», «Не үшін деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойыңыз.
Талқылау аяқталғаннан кейін ойынның осы кезеңіндегі бизнес-идеяны өмірімнің алдағы 20 жылында айналысатын ісім деп елестетіп көріңдер деп айтыңыз. «Бұған дайынсыңдар ма?», «Идеяда тағы нені қайта қарау керек?», «Оны тағы қалай жақсартуға немесе өзгертуге болады?» деп сұраңыз. Мүмкін оқушылар осы сұрақтардан кейін идеяларын толықтай қайта қарағылары келер.
Осы идеялар туралы қайта ойланып көру үшін әр командаға қосымша 3-5 минут беріңіз. Бұл бизнес алдағы 20 жылда айналысатын істерің болады деген шартпен осы идея ны қайта қарап шығыңдар деп, командалық жұмысты тағы бір жүргізіңіз.
Әр идеяны бір минутқа жеткізбей айтып шығуларын сұраңыз. Соңғы кезеңді орындау кезінде идеяның қалай өзгергені туралы сұрақ қойыңыз.
Әр команданың соңғы идеясын талқылап, ең үздік идеяға дауыс беріп, жеңімпаз команданы анықтаңыз