Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет149/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Бағалау

Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады

40 сабақ. Мақсатты аудитория, сегменттеу.

Бөлім:

3-бөлім. Әрекеттегі маркетинг

Педагогтің аты-жөні


Мерзімі:


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мақсатты аудитория, сегменттеу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.5.1 тұтынушыны сегменттеудің мәні мен қағидаларын түсінеді;
10.3.5.2 белгілі бір мақсатты аудиториялардың қажеттіліктерін анықтайды

Сабақтың мақсаты

  • Тұтынушыны сегменттеудің мәні мен қағидаларын түсіну;

  • Белгілі бір мақсатты аудиториялардың қажеттіліктерін анықтау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің және оқушының әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы
10 мин.

Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін
«Жұпты табу» жаттығуын өткізеді
Мақсаты: вербалды емес қарым-қатынас құралдарына сезімталдықты дамыту; топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас жасау; топ мүшелерінің өзара түсінушілігін дамыту; вербалды емес құралдармен өзін көрсету дағдыларын дамыту. Уақыты: 10 минут.
Материалдар: жануарлардың атаулары бар қағаз жолақтары.
Ойыншыларға жануарлардың атаулары жазылған қағаз жолақтары беріледі. Сөйлеспей, әркім өзінің сәйкес жануар атауы бар «жұбын» табуы керек. Жұптар шеңбер ортасына шығады. Әр жұп өз жануарларын қимылдармен бейнелейді, қалғандары бұл жануардың не екенін білуі керек.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 188 бет

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Әрі қарай мұғалім сабақтың теориялық бөлімін түсіндірмес бұрын келесіні хабарлайды: «Біз маркетингті зерттеуді жалғастырамыз. Бұл сабақта сіз нарықты сегментациялау деген не, ол не үшін қажет және оны қалай жүргізу керектігін білесіз.
Сегменттеу үдерісі үш кезеңнен тұрады:

  1. Сегменттеу өлшемдерін таңдау, яғни тұтыну шыларды белгілі бір топтарға бөлу үшін сипаттамаларды анықтау (мысалы, сыныпта оқушыларды бойының ұзындығы бойынша «160 см-ден төмен», «160-170 см», «170 см-ден биік» деп бөліп сегменттей аламыз).

  2. Сегментациялау стратегиясын таңдау, яғни мақсатты нарықпен жұмыс істеу үшін қолданылатын тәсілдер (мысалы, тек гендерлік сегменттеуді пайдалана отырып, компания өзінің сегменті ретінде барлық әйелдерді анықтай алады, ал әйелдерді 25-35 жасқа дейінгі деп жас өлшемін қосса, онда өз сегментін тарылта алады)

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта




3. Сегментті таңдау, яғни таңдалған сегменттегі бизнестің тартымдылығына баға беру».
Әрі қарай мұғалім оқушылармен бірге оқулықтағы жаттығулар мен кейсті талдайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет