Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет151/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің және оқушының әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:




Сабақтың басы
10 мин.

Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін
«Түстер қауымдастығы» жаттығуын өткізеді
Мұғалім кез-келген түсті атайды, оқушылар бұл түске сәйкес келетін затты шеңбер бойынша атау керек. Мысалы: қызыл түс - құлпынай, қызанақ, бағдаршам, қан, өрт сөндіру машинасы, шие және т.б. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 188 бет

2-кезең. Теория-практикалық:




Сабақтың ортасы 25 минут

Осы сабақта оқушылар өздері таңдаған өнімге тәжірибе барысында сегменттеу жүргізеді:
«1. Төменде келтірілген белгілерге сәйкес өзіңіздің өніміңіз бойынша мақсатты тұтынушы профилін толтырыңыз. Сонымен қатар өзіңіз маңызды деп санайтын, зерттеуіңіздің барысында анықталған белгілеріңізді де қоссаңыз болады.

  1. Кестеден өнімді сегменттеу үшін маңызды деп санайтын критерийлерді таңдаңыз. Таңдауыңызды түсіндіріңіз.

  2. Өнімге қолайлы сегменттеу стратегиясын таңдаңыз (біріктірілген, сараланған немесе концентрацияланған). Стратегияны таңдауыңызды дәлелдеңіз.

  3. Сонымен сіздің өніміңіз сүйенетін сегментті таңдай аласыз. Ол қандай сегмент?

  4. Таңдалған сегменттің тартымдылығын сыйымдылық, қол жетімділік және тұрақтылық критерийлері бойынша бағалаңыз және кестені толтырыңыз.».


Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет