Сабақтың басы
10 мин.
|
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін «Достық көмек» ойынын өткізеді
Ойын барысында балалар достық көмек жасаудың мәнін тереңірек тусініп, бір-біріне көмектесуге әрқашан әзір болуға тәрбиеленеді. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. Тақтаға үш себеттің сұлбасы ілінеді. Балаларға алманың үлгісі таратылады. Әр топ мүшесі досына деген жақсы бір лебізін айтып, себетке алманың үлгісін апарып салады. Қай топ алманы көп жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
Бүгінгі сабақта барысында сіздер табандылық, белсенділік танытып, бір–біріңізбен жақсы қарым-қатынаста болсаңыздар, сабақ табысты деңгейде өтеді деп үміттенемін!
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы: «КөкжиекГоризонт», 2019.,
188 бет
|