Сабақтың ортасы 25 минут
|
Мұғалім оқушыларды кезекпен тақтаға шығарып үй тапсырмасы ретінде дайындаған 1-минуттық питчтерін тыңдайды. Әр таныстырылымнан кейін оларда бір сұраққа жауап беретін 20 секунд уақыты болады. Мұғалім сыныптастарының сұрағы бар ма деп сұрайды. Егер сұрақтары жоқ болса, онда өзі сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қоя отырып, «краш-тест» техникасын пайдаланса болады, яғни оқушылар келеңсіз жағдайларға тап болғанда, өз идеясының болашағы қандай болатынын тексеру үшін қойылатын күтпеген сұрақтар. Ондай сұрақтардың мысалы ретінде: «Сіздің өніміңіз пайдаланушыларға қажет екеніне сенімдісіз бе? Сіз өзіңіз сатып алар ма едіңіз? Ал достарыңыз ше?», «Өз өніміңіздің прототипін жасай аласыз ба? Оны жасау қанша уақытты алады? Оны жасау үшін қажетті нәрселердің барлығы бар ма?», «Сіздің өніміңіз
пайдаланушыларға шынымен қажет екенін қалай тексере аласыз?», «Сондай өнімнің бар екенін өз пайдаланушыларыңызға қалай жеткізе аласыз?» және т.б.
Әр оқушының таныстырылымына 2-3 минут уақыт беріледі.
Питчинг аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың дауыс беруін бастайды. Содан кейін, дауыс беру аяқталған кезде мұғалім смайликтер санын есептеп, сыныптағы оқушылардың санына байланысты жеңімпаздарды, 10 оқушы — 2 жоба, 20 оқушы — 5 жоба және т.б. таңдай алады.
Келесі сабақтарда оқушылар командалық топтарға (командада 4 адамнан) бөлініп, осы сабақта жеңіске жеткен жобалармен екі тоқсан бойы жұмыс істейтін болады.
|
Оқушылар
кезекпен тақтаға шығып үй
тапсырмасы ретінде
дайындаған 1минуттық питчтерін ұсынады. Оқушылар сыныптастар мен мұғалімдердің сұрақтарына
жауап береді
Оқушылар тақтаға бірнеше адамнан шығып, оларға ең жақсы
ұнаған жобаларға (өздерінікінен басқа) смайликтер (үшеуіне) қойып, бағалай бастайды
|
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2020. —297 бет.
Оқулық, А4 парағы,
скотч
Оқулық, маркерлер, смайликтер
|